Әскери қызмет - белгілі бір регламент пен тиісті талаптарға бағынышты мемлекеттік қызметтің түрі. Қазіргі кезеңде Қарулы күштер құрылымының, әскери қызметші мансабының даму процесіне ерекше көңіл бөлініп отыр. Бұл туралы тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің офицері, педагогика ғылымының кандидаты, майор Ернар Мэлсұлы Искаков айтып береді, – деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».
Оның айтуынша, қазір жеке құрамды оқыту және тәрбиелеу үшін түрлі нысандар мен әдістер қолданылады. Бұл - жеке тәрбие жұмысы, мемлекеттік құқықтық дайындық сабақтары, ақпараттандыру, ситуациялық есептерді шешу.
«Дегенмен әскерлерде оқу-тәрбие процесін жетілдіру жұмыстары бір орында тұрмайды. Әрдайым жалғаса береді. Қорғаныс министрлігі мен әскери басқару органдары тек құрамды оқыту мен тәрбиелеудің тәсілдерін әрдайым нақтылап отырады. Олардың қалыптасуы және кәсіби мансаптық дамуы үшін жаңа нысандар мен әдістер іздестіріледі. Әскерлерде армиялық оқу технологиясы жеке құраммен жұмыс істеудің инновациялық нысаны ретінде ұсынылып отыр. Коучинг өткен ғасырдың ортасында пайда болғаны бәрімізге мәлім. Кейіннен іскерлік ортада қолданыла бастады. Армиялық коучинг әскери қызметшінің жеке дамуы үшін тиімді құрал болмақ. Басқаша айтқанда, бұл - әскери қызметшінің мақсатын, идеялары мен жоспарын нақтылау және іске асыру процесі», – дейді майор Ернар Мэлсұлы.
Айтқандай, қазір армиялық коучинг тестілеуден өтуде. Бұл пилоттық жобаға бірқатар әскери бөлімдер қатысады. Осы орайда Ернар Искаков армия коучингін енгізудің тәжірибе түрінде іске асыру мен келешегі туралы әңгімеледі.
«Жақында біз Ұлттық қорғаныс университетінің магистранттарымен коучинг сабақтарын өткіздік. Осы айда тәжірибені жалғастыруды жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар, оның ағымдағы нәтижелері осы жұмыс күнінің тиімділігін көрсетті. Жүргізілген сауалнама әскери қызметшілердің 90 пайызының қызығушылық танытқанын көрсетті. Респонденттердің 80 пайызы қолдануға ниет білдірді. Келешекте әрбір әскери бөлімде лауазымды тұлғаларынан штаттан тыс армиялық коуч институтын енгізу мәселесін жоспарлап отырмыз. Армиялық коуч біріншіден, әскери қызметшілердің қызметтік міндеттерін орындау, сапасын арттыруға, екіншіден командир мен бағынысты арасындағы сенімді нығайтуға, үшіншіден әскери ұжымдарда моральдық-психологиялық ахуалды жақсартуға мүмкіндік береді. Әрине, күн тәртібінде армиялық коучтерді коучинг ретінде дайындау процесіне қатысты бірқатар проблемалық мәселелер де бар. Азаматтық жоғары оқу орындарында арнайы жұмыстар шеңберінде лауазымды тұлғаларды оқыту мәселесін де қарастырып жатырмыз. Қазірдің өзінде кәсіби бағдарланған армиялық коучинг оқу-әдістемелік құралын әзірлеп, басып шығардық. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғаса береді, – дейді майор Ернар Мэлсұлы Искаков.
Естеріңізге сала кетейік, әскери қызмет - белгілі бір регламент пен тиісті талаптарға бағынышты мемлекеттік қызметтің түрі. Қарулы күштер құрылысының құрылысының қазіргі кезеңде әскери қызметшінің мансабын даму процесіне ерекше көңіл бөлініп отыр. Бұл туралы тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің офицері, педагогика ғылымының кандидаты, майор Ернар Мэлсұлы Искаков айтып береді.
Оның айтуынша, қазір жеке құрамды оқыту және тәрбиелеу үшін түрлі нысандар мен әдістер қолданылады. Бұл - жеке тәрбие жұмысы, мемлекеттік құқықтық дайындық сабақтары, ақпараттандыру, ситуациялық есептерді шешу. Қазір армиялық коучинг тестілеуден өтіп жатыр. Бұл пилоттық жобаға бірқатар әскери бөлімдер қатысады.