Аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін 1973 жылы туған Нұрлан Мәсімовке іздеу жарияланды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Антикорға сілтеме жасап.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі іздеудегі адамды анықталып, оның орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат болған жағдайда көрсетілген телефондар бойынша хабарлауды сұрады:
call-центр 1424
+7 (7172) 909 260
+7 (727) 278 7300
+7 (707) 978 0808
Іздестіріліп жатқан адамның орналасқан жері туралы ақпарат бергені үшін 4 000 айлық есептік көрсеткішке (АЕК) дейін сыйақы көзделген.
Хабарламаның құпиялығына кепілдік беріледі.