11 жел, 2021 сағат 15:20

Антикор Атырау облысы әкімі орынбасары ұсталғанын растады


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова мен Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысына қатысты тергеу бастағанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі.

"Олар Атырау қаласында 145 миллион теңге сомасына Абай ескерткішін жасау және орнату бойынша мемлекеттік сатып алу шартын жасағаны үшін ЖШС басшысынан алдын ала сөз байласу арқылы 4,5 миллион теңге пара алды деген күдікке ілінді.

Күдікті ұсталып, Атырау ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмейді", - деді ведмство өкілдері.

Бұған дейін "Ақ Жайық" басылымы Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованың ұсталуына қатысты істің мән-жайын анықтаған болатын.

10 желтоқсанда шенеунік жауап алынғаннан кейін уақытша ұстау изоляторына қамалған. Оның пара алды деген күдікке ілінгені хабарланды.