08 сәу, 2026 сағат 17:16

Алматыда қайыршылықпен айналысқандарға бақылау күшейді


Фото: ашық дерекөз


Алматыда қоғамдық тәртіпті сақтау бағытындағы шаралар аясында қайыршылық пен азаматтарға тиісу деректері бойынша жыл басынан бері 2 мыңға жуық адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Ult.kz.


Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізіліп жатыр. Аталған деректер Алматы қаласы Полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдұлдиновтың Қоғамдық кеңес және ведомство жанындағы консультативтік-кеңесші органмен өткен есептік кездесуінде айтылды.


Сонымен қатар, отбасылық-тұрмыстық құқық бұзушылықтар саны 9 пайызға төмендеген. Отбасында зорлық-зомбылыққа жол берген 500-ден астам адам жауапкершілікке тартылып, қоғамнан оқшауланған.


Полиция басшысының айтуынша, Алматы тұрғындарының басым бөлігі – заңға бағынатын, жауапкершілігі жоғары азаматтар. Алайда қоғамдық тәртіпті әдейі бұзып, қоғамға қауіп төндіретін тұлғаларға қатысты қатаң шаралар қолданылуда.


Құқық қорғау органдары қала тұрғындары мен қонақтарын қоғамдық тәртіп пен тазалықты сақтауға шақырды.