25 сәу, 2021 сағат 20:08

Алматыда атыс ұйымдастырған ер адам Ресей азаматы болып шықты


Полиция қызметкерлері «Бұқар жырау» тұрғын үй кешенінен оқ жаудырған ер адамға қатысты жаңа деректерді жариялады, деп хабарлады "Ұлт ақпарат" Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

«Тергеу барысында күдікті, Ресей Федерациясының азаматы қолданған қарудың кімге тиесілі екені анықталады. Қазіргі уақытта оқиға орнында полиция департаментінің жедел-тергеу тобы жұмыс істеуде», - деп хабарлады полициядан.

24 сәуірде Алматыдағы "Бұхар Жырау Тауэрс" тұрғын үй кешенінде аңшы мылтығымен қаруланған 56 жастағы азамат кешен күзетшісімен ерегісіп қалып, оған оқ атқан. Артынан биік үйдің 17-қабатындағы пәтерге тығылып, сол жерде 30-ға жуық оқ атқан. Полиция онымен бірнеше сағат келіссөз жүргізген, бірақ ер азамат келісімге келмеген, ешқандай талап та айтпаған. Кейін пәтердің терезесіне секіріп кетіп, қаза тапты.

Полицияның мәлімдеуінше, күдіктіні ұстау операциясында атыс қаруы қолданылмаған.