21 мам, 2024 сағат 17:13

Алматыда ақбөкен мүйіздерін сатпақ болған 4 адам ұсталды


Фото: polisia.kz


Алматыда 1212 дана ақбөкен мүйізін сатпақ болған төрт адам ұсталды, деп хабарлайды «Ұлт ақпарат» Kazinform-ға сілтеме жасап.


Олардың бұл заңсыз әрекеті Алматы қаласы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жүргізген арнайы іс-шараның нәтижесінде анықталды.


«Алматы облысының аумағында Hyundai автокөлігі тоқтатылды, оның ішін тінту барысында 1212 ақбөкен мүйізі табылды және тәркіленді. Күдіктілер ПД-ның уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір сотқа дейінгі тергеу басталды», – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Қуатбек Науатов.



ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.