Фото: ҚР ҰҚК
Алматы облысында терроризм идеяларын насихаттады деген күдікті ұсталды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"31 қазанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті полиция органдарымен әрекеттесе Алматы облысының тұрғынын ұстады. Ол терроризм идеяларын насихаттады деген күдікке ілінді.
Тұрғылықты жері бойынша тінту кезінде діни әдебиеттер мен өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді.
Бұл дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 256-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр" - делінген хабарламада.
Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес жария етуге жатпайды.