Алматы облыстық білім басқармасының «Алматы облыстық N1 балалар үйі» ҚММ қызметкерлеріне қатысты немқұрайлылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті балалар үйінің қызметкерлеріне қатысты жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде (ҚР ҚК 189-бабы 4-Б. 2-т.)
Аталған іс аясында мемлекеттік мекеменің лауазымды тұлғаларына қатысты немқұрайлылық фактісі бойынша ҚР ҚК 371-бабы 1-бөлігі сотқа дейінгі тергеу басталды», - делінген аталған ведомствоның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Қазақстан Республикасы қылмыстық-процесcуалдық кодексінің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысы туралы өзге де ақпарат (сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерін жария етуге жол бермеу) жария етуге жатпайды.