Фото: gov.kz
Бас прокурордың 18 қазандағы бұйрығымен Алматы облысы прокурорының орынбасары Саян Бакиров пен Талғар ауданының прокуроры Ескендір Бекманов қызметінен босатылды, деп хабарлайды Ult.kz.
«Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 18 қазандағы бұйрығымен Алматы облысы прокурорының орынбасары С. С. Бакиров пен Талғар ауданының прокуроры Е. К. Бекманов атқаратын лауазымдарынан босатылды», - делінген Бас прокуратура хабарламасында.
Қылмыстық процесте заңдылықты қадағалау бойынша жұмыста елеулі кемшіліктердің болуы негіз болды.
Бұған дейін Талғар қаласының әкімі мен оның орынбасары қызметінен босатылғанын жазған болатынбыз.