14 нау, 2026 сағат 12:53

Астанада фельдшерге шабуыл жасаған ер адамға қылмыстық іс қозғалды


Видео кадры


Астанада жедел жәрдем қызметкеріне қол көтерген ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.


Оқиға жедел жәрдем бригадасы сауда орталығына шақырту бойынша барған кезде болған. Дәрігерлер келген жерде мас күйде болған екі ер адам отырған. Олардың бірі өзін жайсыз сезінетінін айтып шағымданған.

Медицина қызметкерлері қажетті көмекті көрсетіп, кетпек болған сәтте ер адамдардың бірі фельдшерге қол көтерген. Оқиға куәгерлері полиция шақырған.


Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.


Полиция өкілдерінің айтуынша, жедел қызметтердің қызметкерлеріне қарсы агрессия мен күш қолдану әрекеттеріне қатаң шара қолданылады.


Айта кетейік, 7 наурыздан бастап Қазақстанда Қылмыстық кодекске енгізілген өзгерістер күшіне енді. Енді медицина қызметкерлеріне күш көрсету немесе қоқан-лоқы жасағандарға жаза күшейтілді.