14 нау, 2026 сағат 12:48

Семейлік түлек Наурыз ҰБТ-да ең жоғары нәтиже көрсетті


Фото: Оқу-ағарту министрлігі


Семейлік оқушы Ерасыл Сайлауов Наурыз айындағы ҰБТ-да 140 балл жинап, ел бойынша ең жоғары нәтижеге қол жеткізді. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі хабарлады.


Ерасыл – Абай облысы Бородулиха ауылының тумасы. Ол қазір Әлихан Бөкейхан атындағы қазақ орта мектебінің және «Тарих мектебі» білім беру орталығының түлегі.


Министрлік мәліметінше, талапкер ағылшын тілі пәні бойынша 50 балдық конвертация нәтижесіне ие болған. Ерасыл бос уақытында кітап оқып, шет тілдерін үйренумен айналысады. Ол 10-сыныпта оқып жүрген кезінде IELTS халықаралық емтиханын да тапсырған. Сонымен қатар волейбол спортын тұрақты түрде меңгереді.


Оқушының басты мақсаты – негізгі ҰБТ-да да осы нәтижені қайталап, «Дипломатия» мамандығы бойынша мемлекеттік білім грантын жеңіп алу.


Айта кетейік, 2026 жылғы 2 наурызда басталған ҰБТ-ны бүгінге дейін 31 мыңнан астам талапкер тапсырған. Оның ішінде 63%-ы тесті қазақ тілінде, 37%-ы орыс тілінде, ал 74 адам ағылшын тілінде өткен.