15 нау, 2026 сағат 13:20

Сағат 12.00: Референдумда 4 677 595 азаматы бюллетень алды


Орталық референдум комиссиясы  сағат 12.00-ге азаматтардың референдумға келуі туралы ақпарат жариялады, деп хабарлайды Ult.kz.

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес сағат 12.00–дегі жағдай бойынша өңірлерде азаматтардың келуі мынаны құрады:

Абай облысы 41,93 %

Ақмола облысы 44,66 %

Ақтөбе облысы 45,73 %

Алматы облысы 40,41 %

Атырау облысы 42,29 %

Батыс Қазақстан облысы 36,59 %

Жамбыл облысы 35,86 %

Жетісу облысы 43,32 %

Қарағанды облысы 42,95 %

Қостанай облысы 37,10 %

Қызылорда облысы 43,18 %

Маңғыстау облысы 34,57 %

Павлодар облысы 36,57 %

Солтүстік Қазақстан облысы 41,64 %

Түркістан облысы 44,13 %

Ұлытау облысы 36,59 %

Шығыс Қазақстан облысы 42,88 %

Астана қаласы 31,23 %

Алматы қаласы 14,85 %

Шымкент қаласы 42,59 %

Жалпы, сағат 12.00-дегі жағдай бойынша Республиканың 4 677 595 азаматы бюллетень алды. Ол тізімге енгізілген азаматтардың 37,54 %  құрады. 

Азаматтардың уақытша болу орындарындағы 106 учаскеде дауыс беру аяқталды.

Дауыс беру учаскелеріне келу туралы келесі ақпарат  жергілікті уақыт бойынша 14.00-де беріледі.