Алматы мәйітханасынан денелері зерттелмей әкетілген мүрделердің жеке басы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Алматы қалалық Полиция департаменті мәселе денелері зерттелмей әкетілген мәйіттердің жерленген орындарының табылғаны туралы болып отырғанын хабарлайды.
Олардың жеке басы анықталды.
Сот-медициналық сараптамалар ҚР Қылмыстық іс жүргізу заңына сәйкес жүргізілетін болады», - делінген қалалық Полиция департаментінің баспасөз хабарламасында.
Айта кетейік, бүгін Алматыда содырлар жерленген жасырын зират анықталды.
Қаланың бас полицейі Қанат Таймерденов жаппай тәртіпсіздіктер кезінде мәйітханаға жасалған шабуылдар салдарынан белгісіз біреулер 41 адамның денесін алып кеткенін айтқан болатын.