24 мам, 2024 сағат 12:05

Ақтөбеде тергеу изоляторына есірткі алып кірмек болған күдікті анықталды


Фото: Polisia.kz


Ақтөбе облысы бойынша  ҚАЖ департаментінің қызметкерлерімен жедел іс-шаралар өткізу барысында №70  мекемесінің жедел бөлімінің қызметкерлері мекеме аумағына есірткі затын алып кірудің жолын кесті, – деп хабарлайды «Ұлт ақпарат» Polisia.kz-ке сілтеме жасап.


Жүргізілген сараптама жұмыстарының нәтижесінде аталған зат ерекше иісі бар, түйіршіктелген шәй арасына ұқыпты түрде жасырылған есірткі болып шықты. 


Қазіргі таңда аталған азаматтарға қатысты ҚР ҚК-нің 296-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.


 – Жедел режим бөлімінің қызметкерлері бүгін тергеу изоляторына есірткі өткізу фактісінің алдын алды. Жыл басынан бері осындай бірнеше жағдай болды. Дегенмен, дер кезінде әрекет жасап, істің алдын алу – біздің басты қағидамыз. Іске қатысты шешім шығып, кінәлі азаматтар жазаға тартылатын болады, – деп атап өтті басшылар.