Ақтөбеде полиция қызметкерлері жедел ақпаратты тескеріп, облыс орталығына есірткі затын тасымалдаған Темір ауданының тұрғынын ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ақтөбе облыстық полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері және ҚР ІІМ ҰҰ арнайы жасағының сарбаздарымен бірге «Қарасора-2021» жедел іс-шарасы барысында 47 жастағы ер адамды ұстады. Полицейлер ұсталған азаматтың автокөлігінен 3 келіден астам марихуана тауып, тәркіледі.
«Ер адамның есірткіге еліткен күйінде ұсталғаны сараптама кезінде анықталды. Аталған факті негізінде Қвлмыстық кодекстің «Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу« бабы бойынша тергеу басталды. Осы баптың санкциясы бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру көзделген. Күдікті Ақтөбе қаласы полиция басқармасыные уақытша ұстау изоляторына қамалды»,- деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.