Қостанай облысындағы өртке байланысты Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған мерейтойлық шаралар кейінге шегерілді. Бұл туралы БОРТ №1 Telegram каналы хабарлады.
«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев облысқа өрт сөндіру жұмыстарымен танысу үшін барады», - делінген хабарламада.
Осыған дейін Мемлекет басшысының Қостанай облысына жұмыс сапары барысында жедел штабқа барып, өртті сөндіру үшін қабылданып жатқан шаралармен танысуды жоспарлап отырғанын хабарлаған едік.