Бүгін, 3 тамызда Әділет министрлігі дөңгелек үстел форматында «Бақылаушылар қызметін заңнамалық реттеу» тақырыбында онлайн талқылау өткізді. Отырысқа мүдделі мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мен сарапшылар қатысты.
Талқылау барысында ұлттық бақылаушыларды аккредиттеуге қатысты мәселелер көтерілді. Талқылау белсенді түрде өтті және қатысушылар әртүрлі пікір-ұсыныстар айтты. Ұсынылған түзетулердің негізгі бөлігі бақылаушылардың қызметін кәсіби негізде жүзеге асыруға бағытталған. Аккредиттеуді енгізу бақылаушылардың қызметін, олардың құқықтары мен өкілеттіктерін регламенттеуге мүмкіндік береді.
Жаңа ережелер шешілмейтін сипатқа ие емес екеніне баса назар аударылады. Олар тек бақылаушылардың жауапкершілігін арттыруға, олардың мәртебесін нақтылауға арналған.
Халықаралық тәжірибе сайлауды ұйымдастыру жүйесінің тұрақты өзгерістер мен реформалар арнасында екенін және ашық сайлау өткізу үшін оңтайлы шешімдер іздестіріліп жатқанын көрсетеді.
Қазақстандық заңнама сайлау практикасының барлық заманауи үрдістері мен серпінін көрсетуге тиіс.
Үкіметтік емес ұйымдар жалпы алғанда сайлау заңнамасын жетілдіру, атап айтқанда сайлау процесінің маңызды институты ретінде бақылаушылар деңгейінің құзыретін жетілдіру қажеттігі туралы көтерілген бастамаларды қолдады.
Мұнда аккредиттеу институтын енгізу маңызды болды, бірақ сонымен бірге оның егжей-тегжейлері туралы әртүрлі пікірлер болды.
Кейбір қатысушылар жергілікті бақылаушыларды аккредиттеуді енгізуді жақтады, өйткені шетелдік араласу мәселесі ұлттық қауіпсіздіктің негізінде жатыр деп санайды:
«Бұл новелла жергілікті бақылаушылар институтын халықаралық деңгейге шығарады. Қазақстан Республикасы Конституциясының 39-бабына сәйкес кез келген конституциялық құқықтар, егер бұл ұлттық қауіпсіздік мәселелеріне қатысты болса, заңмен шектелуі мүмкін. Әлемнің кез келген елінде ұлттық қауіпсіздік басымдыққа ие, атап айтқанда шетелдік араласу мен қаржыландыру тәуекелдеріне қатысты».
Басқа тұлғалар аккредитация сайлауға ниет білдірушілердің байқаушы ретінде қатысуына кедергі келтіретіні туралы өз пікірлерін білдірді.
Талқылау қорытындысы бойынша айтылған пікірлер жұмысқа қабылданды және Әділет министрлігімен пысықталатын болады.