Фото: Tengrinews.kz
Сенат спикері Мәулен Әшімбаев Қазақстанда күзде президент сайлауы өтеді деген қауесетке жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Ол қауесет, бос сөз деп ойлаймын. Бүгінде саяси реформаларды жалғастыру міндеті тұр, заң қабылдап, партиялар арасындағы бәсекені күшейтіп, жаңа адамдар келуі керек. Көп жұмыс күтіп тұр", - деді Әшімбаев.
Ол заң бойынша сайлау белгілі бір уақыт аралығында өтетінін, бәрі заң бойынша өтетінін атап өтті.