04 ақп, 2026 сағат 11:16

18 жасқа толмағандарға электр самокатпен жүруге тыйым салынады

Фото: Gov.kz

Жүргізуші куәлігі жоқ және 18 жасқа толмаған азаматтарға екі дөңгелекті техниканы қолдануға тыйым салынбақ. Ал қуаты 250 ваттан, жылдамдығы сағатына 25 шақырымнан асатын электр велосипедтер мопедтер санатына енгізіледі, деп хабарлайды Ult.kz.

Сондай-ақ электр самокатты жалға беретін компанияларға да қойылатын талаптар күшейеді. Мұндай көліктер міндетті сақтандырудан өтіп, тіркеу нөмірімен есепке алынуы тиіс.

Қалалық полиция ережені елемегендерге айыппұл салынатынын ескертеді.