30 сәу, 2026 сағат 11:55

Кеңқияқта мұнайшы әріптесін пышақтап, ауыр хәлге түсірді


Фото: ашық дереккөз


Ақтөбе облысының Темір ауданындағы Кеңқияқ ауылында екі мұнайшы арасындағы жанжал ауыр қылмыспен аяқталды. Оқиға салдарынан 43 жастағы ер адам пышақ жарақатымен ауруханаға жеткізіліп, жағдайы тұрақты ауыр деп бағалануда, деп хабарлайды Ult.kz.


Алдын ала мәліметтерге сәйкес, кәсіпорынның екі қызметкері мас күйінде сөзге келіп қалған. Жанжал барысында олардың бірі әріптесіне пышақ жарақатын салған.


Аталған дерек бойынша Кеңқияқ ауылдық полиция бөлімінде денсаулыққа қасақана зиян келтіру фактісімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Бұл туралы Ақтөбе облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.


Зардап шеккен азамат 28 сәуір күні таңғы сағат 05:00 шамасында ауылдық ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер оған барлық қажетті медициналық көмекті көрсеткен. Қазіргі уақытта науқас дәрігерлердің тұрақты бақылауында, жағдайы ауыр деп бағалануда.


Құзырлы органдар оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.