Қазақстанда бірқатар шай өнімдерін әкелу мен сатуға қойылған шектеулер алынып тасталды. Бұл туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды ult.kz.
Ресми мәліметке сәйкес, шектеудің алынуы «Orda Trade Astana» ЖШС ұсынған құжаттар мен өнімнің өндіріс және айналым тізбегіндегі қадағаланушылықтың қамтамасыз етілуін растайтын материалдарды қарау нәтижесінде қабылданған. Сонымен қатар санитариялық-эпидемиологиялық сараптама қорытындылары негізге алынған.
Комитет шешімі Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 38-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес қабылданды.
Шектеу алынған өнімдер қатарында мына шай түрлері бар: «Апамның шәйі Premium gold», «Орда Кения», «Аль-Кайрат шәйі Premium gold».