БҚО-да медициналық мекеме басшылары ұсталды

БҚО-да медициналық мекеме басшылары ұсталды
ашық дереккөз

Батыс Қазақстан облысында ҰҚК-нің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ауқымды арнайы операция жүргізіп, жеті бірдей медициналық мекеме басшысын ұстады, деп хабарлайды ult.kz NayzaMedia басылымына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, ұстау операциясы 14 мамырда болған.

Ұсталғандардың қатарында:

— Батыс Қазақстан облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері;
— Жәнібек, Қаратөбе және Теректі аудандық ауруханаларының бас дәрігерлері;
— Бәйтерек ауданына қарасты Дариян аудандық ауруханасының бас дәрігері;
— Орал қаласындағы №1 және №6 емханалардың директорлары бар.

Қоғам белсендісі Мәлік Жұмағалиевтің айтуынша, күдіктілер Қазақстандағы ірі жекеменшік медициналық зертханалардың біріне және өзге де жеткізушілерге қамқорлық көрсеткені үшін жүйелі түрде пара алып отырған деген күдікке ілінген.

Алдын ала мәлімет бойынша, ұсталғандар кінәларын мойындаған. Тергеу органдары бірнеше рет пара алу фактілері бойынша дәлелдер бар екенін мәлімдеген.

Сот күдіктілерге елден шықпау туралы қолхат және үйқамақ түріндегі бұлтартпау шараларын таңдады.

Алдын ала ақпаратқа сәйкес, тергеу зертханалық желілердің бірінің қызметіне қатысты болуы мүмкін. Дереккөздердің айтуынша, компания тарапынан медициналық мекеме басшыларына қаржылай төлемдер жасалған болуы ықтимал.

Алайда болжамды схеманың нақты қалай жұмыс істегені әзірге ресми түрде жарияланған жоқ.