Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің отбасы қара жамылды, деп хабарлайды Ult.kz.
Министрдің әкесі Мақаш Жұманғарин қайтыс болды. Марқұм 24 мамырда көз жұмған. Бұл туралы PRO КАДРЫ KZ телеграм арнасында хабарланды.
Хабарламада марқұмның қонақасы 25 мамырда берілетіні, жаназасы 26 мамырда Ақтөбе қаласында шығарылатыны жазылған.