Балқашта ит пен мысықтардың зираты елдің зәресін алды

Балқашта ит пен мысықтардың зираты елдің зәресін алды
Фото: ult.kz

Әлеуметтік желіде ит пен мысық жерленген зираттың видеосы тарады, деп хабарлайды ult.kz.

Видео сыпаттамасында зират Балқашта орналасқаны жазылған.

Сипаттамада “Балқаштағы ит пен мысықтарға арналған ерекше зират” деп тұр. 

Желі қолданушылары адамдардың бұл әрекетіне қарсы шықты. Олар жануарларды арулап көмгендерді жауапқа тарту керек дейді.

Желідегілер “Адам 10 сотық жер ала алмай отырса, мыналары не?”, “Мынаған қалай рұқсат берген”, “Кремация неге істемейді?” деп пікір білдірген. 

Айта кетейік, үлкен қалаларда арнайы үй жануарларына арналған зираттар жоқ және оларды өз бетінше қала маңына немесе аулаға көму заңсыз әрі санитарлық нормаларға сай емес. Ең дұрысы және заңды жолы – кремация қызметін пайдалану. 

Қала ішіндегі ветеринариялық клиникалар мен қызметтер арқылы утилизация жасауға болады. Жеке кремацияда ануардың күлін арнайы урнаға салып, қайтарып береді. Ал жалпы кремация бірнеше жануармен бірге өртеледі.