Айыппұлдар кешірілуі мүмкін: Мәжіліс рақымшылық туралы заңды талқылап жатыр

Айыппұлдар кешірілуі мүмкін: Мәжіліс рақымшылық туралы заңды талқылап жатыр
gov.kz

Мәжіліс депутаттары қылмыстық және әкімшілік істерге қатысты рақымшылық жасау жөніндегі заң жобасын қарауға кірісті., деп хабарлайды ult.kz.

Депутат Снежана Имашева мәлім еткендей, жаңа Конституцияның қабылдануына байланысты ұсынылып отырған рақымшылық қылмыстық әрі әкімшілік құқықбұзушылықтарға қолданылады.

Заң жобасына сәйкес, қоғамға айтарлықтай зиян келтірмеген немесе келтірілген шығынды толық өтеген азаматтарды ауырлығы жеңіл және орташа қылмыстық теріс қылықтар үшін жауапкершіліктен босату көзделіп отыр. Ал ауыр және аса ауыр қылмыстар бойынша жазасын өтеп жатқан адамдарға жаза мерзімін қысқарту ұсынылады.

Сонымен қатар әкімшілік рақымшылық аясында Қазақстан азаматтары, жеке кәсіпкерлер, нотариустар, адвокаттар мен қандастар заң қабылданғанға дейін төленбеген әкімшілік айыппұлдардан босатылуы мүмкін.

Құжат қазір Мәжілісте талқыланып жатыр. Заң жобасы қабылданса, рақымшылықтың нақты тәртібі мен мерзімі кейінірек айқындалады.