22 там, 2019 сағат 18:29

Жаңаөзенде уақытша қамау абақтысынан қашқандар ұсталды

Полиция қызметкерлері бүгін іздеуде жүргендерді ұстады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Күдіктілер 20 тамыз күні уақытша қамау абақтысынан қашып кеткен.

Жаңаөзен қаласы Рахат ауданында орналасқан үйлердің бірінен табылған үш жігітке осыған дейін құқық қорғау органдарымен іздеу салынған болатын. Олар ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бап (қарақшылық) 2-бөлігі бойынша қылмысқа қатысы бар деп күдікке ілінген.

Ұсталғандар уақытша қамау изоляторына жеткізілді. Желіде оларды полиция қызметкерлерінің ұстап жатқаны туралы видео тарады.