#
#
Жексенбі 08/12/2019

Жаңа мүмкіндіктерге жолашар

  • 13.11.2019
  • 0
  • 147

Қараша айының 12-13 күндері аралығында бас қаламыздағы «Hilton Astana» қонақүйі, «Meeting room 5+6» конференц-залында «ҚАЗТЕСТ жүйесінің жаңа форматы: даму перспективалары» тақырыбында ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша тест  тапсырмаларының әзірлеушілері мен сарапшыларына арналған біліктілікті арттыру курсы өтті.

2006 жылдан бері елімізде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының базасында тілдік білімді бағалаудың халықаралық жүйелері талаптарына сәйкес қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі – ҚАЗТЕСТ тестілеуі өткізіліп келеді. 

Елордада өткен курстың мақсаты – ҚАЗТЕСТ жүйесінің бүгінгі жай-күйі, жетістіктері мен алдағы бағыттары, тілдік білімді бағалаудағы озық тәжірибелермен танысу, қолдану, сонымен бірге, халықаралық тілдік білімді бағалау жүйелерінің мазмұнымен танысу арқылы қазақ тілін оқыту бойынша әдіскерлерге, оқытушыларға, ҚАЗТЕСТ сарапшыларына әдістемелік көмек көрсету.

Курс барысында тілдік білімді бағалаудағы тест тапсырмаларының ерекшеліктері талқыланып, ҚАЗТЕСТ жүйесінің жаңа форматы ұсынылды. Тест тапсырмаларын әзірлеушілерге ҚАЗТЕСТ-тің жаңа форматы негізінде әзірленген практикалық тапсырмалар таныстырылып, сарапшылар тарапынан бағасын алды. Тағы бір атап өтерлігі, курс тыңдаушылары «Қырғызтест» өкілдері тарапынан әзірленген тілдік білімді бағалауға арналған тест тапсырмаларымен танысып, өзара пікір алмасты.  

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі Ш.Т. Каринова, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері, Мемлекеттік тілді дамыту қорының басшысы А.С. Шәуеев, Қырғыз Республикасы Үкіметінің жанындағы «Қырғызтест» мемлекеттік мекемесінің директоры, Топоева-Ставинская Батма Болоталиевна және еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының тілші-ғалымдары, өңірлердегі тілді оқыту орталықтарының басшылары,  әдіскерлері, ҚАЗТЕСТ сарапшылары мен әзірлеушілері қатысты.

Сонымен қатар, іс-шара аясында ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша әзірленген оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдардың көрмесі ұйымдастырылды.

Курс соңында тыңдаушыларға сертификат табысталды.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар