18 шіл, 2019 сағат 14:57

Синоптиктер тағы бірқатар аймақта дабылды ескерту жариялады

"Қазгидромет" РМК синоптиктері Қостанай мен Қызылорда облыстарында ауа райының қолайсыздығына байланысты дабылды ескерту жариялады.

"Күндіз 19 шілдеде Қостанай облысында кей жерлерінде 37 градус ыстық күтіледі", - делінген хабарламада.       

Сондай-ақ, 19 шілде таңертең және күндіз Қызылорда облысында солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с дейін жетпек.

Қос аймақта да дабылды ескертудің ықтималдылығы – 90-95%.

Бұған дейін синоптиктер Алматы облысында күн 43°С дейін ыситынына байланысты дабылды ескерту жариялаған болатын.