18 шіл, 2019 сағат 09:03

Алматы облысында күн 43°С дейін ысиды

"Қазгидромет" РМК синоптиктері аталған аймақта дабылды ескерту жариялады.

"Күндіз 19-22 шілдеде Алматы облысының кей жерлерінде 40-43 градус ыстық сақталады", - деп хабарлады "Қазгидромет" РМК-да.

 

Дабылды ескертудің ықтималдылығы – 95-100%.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, 18 шілдеде республиканың басым бөлігі антициклон ықпалында болғандықтан, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.