14 мам, 2018 сағат 09:11

Шымкенттегі "алып қашу" операциясы: Полиция оқиғаның мән-жайын айтты (видео)

Әлеуметтік желілерде ұрланған қыздың видеосы тарап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының өкілдері оқиғаның мән-жайын айтты. 

Олардың айтуынша, қызды қалыңдыққа алып қашқан. "Жақында бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде ОҚО-да орын алған орамжапырақ сатушы қызды ұрлап бара жатқан бейнематериал жарық көрді. ОҚО ІІД ҰҚҚКБ қызметкерлері бейнероликтің кейіпкерлерін анықтады. Олардың барлығы ОҚО тұрғындары болып шықты. Ұрланған қыз бен оның ата-анасы ешкімге қояр арыз-шағымдары жоқ. Қазіргі таңда ол қыз тұрмысқа шықты", - делінген хабарламада.

Ал өз кезегінде, қалыңдықтың туыстары ішкі істер органдарына бейнематериалды таратқандарды жауапкершілікке тарту бойынша арызданбақшы.