#
#
Жексенбі 17/02/2019

Шөкеев аграрлық ғалымдарға: Фермерлермен бірге жұмыс істеңдер

  • 07.02.2019
  • 0
  • 174

Аграрлық ғылым өкілдері өздерінің әзірлемелерін фермерлермен келісіп отыруы тиіс. Бұл туралы бүгін ҚР Премьер-Министінің орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Министрліктің кеңейтілген алқа мәжілісінде Ұлттық аграрлық ғылыми білім беру орталығының басшысы Ұлан Тәжібаев баяндама жасап жатқан болатын. Орта жолда оны тоқтатқан Өмірзақ Шөкеев статистикамен әуестенбей нақты мәселені талқылауға шақырды.

«Зертханаларда, кабинеттерде, компьютерлерде орын алып жатқан «талмудтарды» алып келіңдерші, мүлдем қызығы жоқ. Егер Сіздер бірдеңе жасай алатын болсаңдар, егістікке барыңдар, сол жерде білімдеріңді одан ары қалай тарататындықтарыңды көрсетіңдер. Көктемде егіп, жаз бойы жұмыс істеп, күзде көрсетіңдер. Қазір Агеенко (Андрей Агеенко- Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашығы ҒЗИ директоры) баяндама жасайды, ол осы схема бойынша жұмыс істейді», - деді министр.

Осы ретте ғалымдар үшін фермерлердің пікірлері де маңызды екендігіне назар аудартты.

«Оған фермерлер де шақырылуы тиіс. Әзірлемелердің қажеттігіне не қажетсіздігіне фермелер баға береді. Олар ұстап көріп: «Иә, мынау дұрыс, мұны қабылдауға болады. Бірақ, біздің сұрақтарымыз бар», деп айтуы керек. Содан кейін мұның барлығы ҒЗИ-ге қайтарылып, олар өздері ойдан шығарған емес, дәл сол мәселелермен жұмыс істей бастайды», - деді Ө.Шөкеев.

Осы ретте Ұлан Тәжібаев заманауи агротехнологияларды енгізудің арқасында 2017 жылмен салыстырғанда астық түсімінің көрсеткіші екі есеге ұлғайғанын атап өтті. Мәселен, Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы базасындағы 3 мың гектар егістік алқабынан гектарына 25,4-26,7 центнер өнім алынған.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар