13 нау, 2019 сағат 10:10

Наурыз мейрамына орай қосымша пойыздар жолға шығады

Наурыз мейрамы қарсаңында сұраныстың артуына байланысты қосымша пойыздар жолға шығады.

«Жолаушылары тасымалы» АҚ баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, келесі бағытта қосымша пойыздар жүреді:

- №7510 Астана-1-Павлодар бағытындағы пойыз 19, 20, 21, 25 наурыз күндері бір бағытта қатынайды; 

- Сол секілді №7502 Астана-1-Павлодар бағытындағы пойыз 25 наурыз күні бір бағытта қатынайды;   

- №7509 Павлодар-Астана-1 бағытындағы пойыз 20 наурыз күні бір бағытта қатынайды. 

Сонымен бірге, мереке күндері жоғары сұранысқа ие бағыттар бойынша (2019 жылдың 19-26 наурызы күндері) жолаушылар пойызына қосымша 220 тіркеме тіркеу жоспарланған.

«Жолаушылары тасымалы» АҚ сонымен қатар мереке күндері бір реттік қосымша пойыздарды жіберу көзделіп отырғанын еске салады.

Нақты айтқанда, компания мәліметіне сай, №202/201 «Астана-1-Павлодар» пойызы қатынайтын болады. Жолаушылар көлігі Астана-1-ден 20, 24 наурыз күндері жөнелтіледі, ал Павлодардан 21, 25 наурыз күндері кері шығады. Сол секілді №204/203 «Астана-1-Алматы-1» пойызы Астана-1-ден 20, 24 наурыз күндері, ал Алматы-1-ден 21, 25 наурыз күндері; №205/206 «Алматы-2-Арыс-1» пойызы Алматы-2-ден 7, 21 наурыз күндері, ал Арыс-1-ден 9, 23 наурыз күндері қатынайды. №241/242 «Қызылорда-Атырау» пойызы Қызылордадан 20, 22, 24 наурыз күндері, ал Атыраудан кері бағытта 21, 23, 25 күндері жүреді.

«Компания пойыздардағы жолаушылардың санына мониторинг жүргізіп отыр. Сұраныс артқан кезде белгілі бір уақытта техникалық мүмкіндіктерге сәйкес, вагондар қосылып, қосымша пойыздар жолға шығады. Қолға алынған шаралар мерекелер кезінде 18 мыңға дейін жолаушыны тасымалдауға мүмкіндік береді», - делінген компанияның хабарламасында.