Арыстанбек Мұхамедиұлы Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі қызметінде қалды.
Айта кетсек, Арыстанбек Мұхамедиұлы Өнертану докторы, профессор, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері», «Құрмет» орденінің кавалері.
Еңбек жолын 1984 жылы Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының әртісі болып бастаған.
1991-1993 жж.- Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің бас маманы
1997 жылы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Ұлттық Жоғары мектебін «Мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша бітірген.
1997-2001 жылдары Қазақстан Республикасы Республикалық гвардиясы Президенттік оркестрінің бастығы.
2001 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аспирантурасын бітіріп, 2003 жылы кандидаттық диссертация қорғап, тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі берілді (Ph.D).
2003 жылы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі «Республикалық және халықаралық мәдени бағдарламалар дирекциясы» РМҚК-нің атқарушы директоры, 2005 жылы - «Қазақ әуендері» АҚ-ның президенті.
2006 жылы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат вице-министрі лауазымында қызмет еткен тұста ол үкіметтік және халықаралық деңгейде өткізілетін («Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы секілді) кең көлемді мәдени шаралардың ұйымдастырушысы болған.
2007 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігі әлеуметтік саясат бөлімінің бас инспекторы, ішкі саясат бөлімі мәдениет секторының меңгерушісі қызметтерін атқарды.
2008 жылы Қазақстан Республикасының Президентінің бұйрығымен Т.К. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры болып тағайындалды.
2014 жылғы наурыз айында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының Мәдениет министрі болып тағайындалды.
2014 жылдың 6 тамызында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі болып тағайындалды.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағы берілді, ҚР Президентінің алғыс хатына ие болды, «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Конститутциясына 10 жыл» «Астананың 10 жылдығы», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медальдарымен, «Құрмет» орденімен, «Астана» медалімен марапатталған, «Әлемдік деңгейдегі мәдениет және өнер шебері» (World master in Аrts and Сulture) жоғары атағына ие болды. 2012 жылы Ресейлік «Жыл менеджері» конкурсының жеңімпазы атанды.
Бірқатар музыкалық шығармалардың авторы: «Астана» (сөзі: Н. Айтұлы), «Мақтанышым Елбасы» (сөзі: М.Қасымбеков), «Асыл сезім» (сөзі: И. Исаев), «Анажан» (сөзі: М. Қасымбеков), «Алматы көктемі» инструменталдық туындысы, «Жан әке» (сөзі: А. Дүйсенбі), «Бақытты жандармыз» (сөзі: А. Дүйсенбі), «Достарым» (сөзі: А.Дүйсенбі), «Ата-анаға тағзым» (сөзі: М.Қасымбеков), «Бақытым», «Ана» (сөзі Ш. Сариев), «әл-Фараби атындағы ҚазҰУ гимні» (сөзі: Ұ. Есдәулетов), «Бақыт құсы» (би музыкасы), «Шабыт» би композициялары, үрмелі аспаптарға арналған марштар.
– өнертану докторы, тақырыбы: «ЮНЕСКО-мен ынтымақтастық аясында Тәуелсіз Қазақстанның өнері»;
– философия докторы (Ph.D), тақырыбы: «Қазақстан-ЮНЕСКО: мәдени ынтымақтастық аспектілері».
Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меңгерген.
Үйленген. Әйелі – Искакова Ғалия Нығметқызы, 1962 ж.т., өнертану кандидаты. Үш баласы бар.