02 ақп, 2017 сағат 10:24

"Қылмыстық қоғамдастық құрған" Әблязов Астанаға шақырылды

Сыбайлас жемқорыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы «БТА банкі» АҚ-тың бұрынғы топ менеджерлері М.Әблязовке, Ж.Жарымбетовке және басқаларына қатысты қылмыстық істі сотқа дейін тергеуді жалғастыруда, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы "БТА Банк" АҚ бұрынғы топ-менеджменті М.Қ.Әблязовқа, Ж.Д.Жарымбетовке және өзгелерге қатысты қылмыстық істің соталды тергеуін жалғастырып жатыр. Тергеу барысында Антикоррупция қызметі Әблязов пен оның сыбайластарының заңсыз әрекеттерінің қосымша дәлелдерін тапты. Банктен қаражатты жымқырудың жаңа нұсқалары ашылды. Анықталған деректер Әблязовтің қылмыстық ұйым құрып, оған басшылық еткен деген қосымша күдік келіп отыр. Оның ішінде бірқатар ұйымдасқан қылмыстық топ кіреді, топ Қазақстан территориясында да, шетелде де әрекет еткен", - делінген ведомство хабарламасында.

"ҚР Қылмыстық-процесстік кодексінің 208-бабының 1-бөлігі бойынша, күдікті күдіктi жауап алуға шақыру қағазы арқылы шақырылады. Алайда күдікті Әблязовтің Қазақстан Республикасында болмағандықтан және келуден бас тартқандықтан, Антикоррупция қызметі ҚР Қылмыстық-процесстік кодексінің 205-бабының 3-бөлігін негізге ала отырып, хабарламаны республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ жалпыға қолжетімді телекоммуникациялық желілерде, ал оның тұрып жатқан жері белгілі болған жағдайда, күдіктінің тұрып жатқан жері бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды", - деп мәлімдеді Ұлттық бюродағылар.