17 жел, 2016 сағат 11:26

"Құтты білік" - қазақтың төл мұрасы

                                                                                  «Әзіз кітап – бұл ұлылық негізі, 
Біліктіге болғай білім теңізі! 
Құт-білікпен безенген бұл жамағат, 
Шүкір қылып алда тіле қанағат. 
Күллі дана сөзі түгел сүзілген, 
Інжу-маржан тізбегіндей түзілген! 
...Тыңдағанға – ұғынықты, қадірлі, 
Жазбасы – ауыр, надандарға кәдімгі. 
Кітап сөзі қолдан демеп, көзді ашар, 
Екі дүние ісін бірдей оңдасар. 
...Шығыс елі, күллі түркі ішінде, 
Дүниеде – кітап жоқ бұл пішінде»

Жүсіп Баласағұн

«Жүсіп Баласағын 1000 қырғыз сомы банкнотасында. «Құтадғу білік» (Құтты білік) — Жүсіп Баласағын (Баласағұн) шығарған дидактикалық поэма.

Бұл көнетүркі тілінде жазылған, түркі тектес халықтардың ортақ қазынасы.

Көптеген зерттеушілер бұл поэманы саясат, мемлекет басқару, әскери іс жөніндегі философиялық трактат деп жүр. Шындығында да, бұл жалаң әдеби дүние емес. Бұл бүтін бір тарихи кезеңнің мінез құлқын бойына сіңірген, қоғамдық саяси, әлеуметтік бітімі қанық, моральдық этикалық, рухани қазынамыздың негізі, арқау боларлық дүние. Ондағы бүгінгі тілімізге, ой толғамымызға төркіндес, етене жақын орамдарды көргенде, қазақ әдебиетінің солармен тікелей сабақтаса жалғасқан дидактикалық поэзия мен шешендік сөздердің, билердің орағытып, ой тастайтын кең тынысты толғамдарының дәстүрлі бірлігі «мен мұндалап» тұрады. Жүсіп Баласағұнның мемлекетті басқару қағидалары мен принциптерін, елге билік жүргізудің ережелері мен тәртібін, қоғам мүшелерінің мінез-құлық және әдеп-ғұрып нормаларын жыр еткен этикалық-дидактикалық мазмұндағы көркем туындысы.

Жүсіп Баласағын «Құтты білікті» 1069—1070 жж. Баласағын қаласында бастап, он сегіз айдың ішінде Қашқар қаласында аяқтаған. Қоғамдық әлеуметтік мәні терең, халықтың моральдық этикалық бағдарламасы іспеттес бұл еңбегін Қарахан мемлекетінің сол кездегі билеушісі Табғаш Арслан хан Боғратегінге тарту еткен.

Құтадғу Біліг – Жүсіп Баласағұнидың еңбегі. Түркия ғалымдары 1942–43 ж. «Құтадғу Білігтің» үш нұсқасын да Стамбұлдан үш томдық кітап етіп шығарды. Дастанды зерттеу ісіне, әсіресе, түркі ғалымдары Р.Р.Арат, М.Ф.Кепрюлд және А.Дильгар, т.б. көп еңбек сіңірді. «Құтадғу Біліг» дастаны орта ғасырларда бүкіл түркі әлеміне түсінікті болған Қарахан әулеті мемлекеті түріктерінің тілінде жазылған.        

Оны Қ.Каримов өзбек тіліне (1971), Н.Гребнев (1971) пен С.Иванов орыс тіліне (1983), А.Егеубаев қазақ тіліне (1986), бір топ аудармашылар ұйғыр тіліне (Пекин, 1984) тәржіма жасады. Қарахан әулеті билік жүргізген дәуірде ұлан-ғайыр өлкені алып жатқан осы мемлекеттің басқару тәртібін белгілейтін ережелер, сондай-ақ қоғам мүшелерінің құқықтары мен міндеттерін айқындайтын тиісті заңдар жоқ еді.

Міне, елдегі осы олқылықтың орнын толтыру мақсатымен Баласағұн өзінің «Құтадғу Біліг» дастанын жазды. Демек, дастан белгілі бір мағынада елдегі Ата Заң (Конституция) қызметін атқарған. Баласағұн дастанда патшалар мен уәзірлердің, хан сарайы қызметкерлері мен елшілердің, әскербасылар мен нөкерлердің, тәуіптер мен аспаздардың, диқандар мен малшылардың, т.б. қоғам мүшелерінің мінез-құлқы, білім дәрежесі, ақыл-парасаты, құқықтары мен міндеттері қандай болу керектігін жеке-жеке баяндап шығады. Дастанда елдегі барлық лауазым, кәсіп иелеріне қойылатын моральдық-этикалық талаптар сипатталып көрсетілген.

Дастанның басты идеясы төрт принципке негізделген. Біріншісі, мемлекетті дұрыс басқару үшін қара қылды қақ жаратындай әділ заңның болуы. Автор әділдіктің символдық бейнесі ретінде Күнтуды патшаны көрсетеді. Екіншісі, бақ-дәулет, яғни елге құт қонсын деген тілек. Бақ-дәулет мәселесі патшаның уәзірі Айтолды бейнесі арқылы жырға қосылған. Үшіншісі, ақыл-парасат. Ақыл-парасаттың қоғамдық-әлеум. рөлі уәзірдің баласы Ұғдүлміш бейнесінде жырланады. Төртіншісі, қанағат-ынсап мәселесі. Бұл мәселе дастанда уәзірдің туысы, дәруіш Ордгүрміш бейнесі арқылы әңгіме болады. Баласағұнның «Құтадғу Білігінде» өмір мәні пайымдалып, жалпыадамзаттық рухани байлықтар – мұрат, дін, этика, өнер және даналықтың мәні сараланған.(Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет). 

Келтірілген деректерге өз ойымызды білдіре кетейік: «Қарахан әулеті билік жүргізген дәуірде ұлан-ғайыр өлкені алып жатқан осы мемлекеттің басқару тәртібін белгілейтін ережелер, сондай-ақ қоғам мүшелерінің құқықтары мен міндеттерін айқындайтын тиісті заңдар жоқ еді» - дейді. Ақылға симайды. Қарахан қағанатының 300 жылға жуық бүкіл әлемді билегенін білмейтін жанға не айтуға болады. Әлемді кейіннен тағы бірнеше ғасыр билеген Шыңғыс ханның осы Қараханнның ұрпағы екенін қайда қоямыз. Иә, аталарымыз тілде буын жоқ деп осындайды айтса керек. Заңы, ережесі жоқ қағанат осыншама уақыт қалай өмір сүрді екен?!

«Құтадғу білік» (Құтты білік) — Жүсіп Баласағын (Баласағұн) шығарған дидактикалық поэма.

Бұл көнетүркі тілінде жазылған, түркі тектес халықтардың ортақ қазынасы.

Көптеген зерттеушілер бұл поэманы саясат, мемлекет басқару, әскери іс жөніндегі философиялық трактат деп жүр. Шындығында да, бұл жалаң әдеби дүние емес. Бұл бүтін бір тарихи кезеңнің мінез құлқын бойына сіңірген, қоғамдық саяси, әлеуметтік бітімі қанық, моральдық этикалық, рухани қазынамыздың негізі, арқау боларлық дүние. Ондағы бүгінгі тілімізге, ой толғамымызға төркіндес, етене жақын орамдарды көргенде, қазақ әдебиетінің солармен тікелей сабақтаса жалғасқан дидактикалық поэзия мен шешендік сөздердің, билердің орағытып, ой тастайтын кең тынысты толғамдарының дәстүрлі бірлігі «мен мұндалап» тұрады.

Жүсіп Баласағын «Құтты білікті» 1069—1070 жж. Баласағын қаласында бастап, он сегіз айдың ішінде Қашқар қаласында аяқтаған. Қоғамдық әлеуметтік мәні терең, халықтың моральдық этикалық бағдарламасы іспеттес бұл еңбегін Қарахан мемлекетінің сол кездегі билеушісі Табғаш Арслан хан Боғратегінге тарту еткен» («Құтадғу білік» Қазақша интернет энциклопедиясы).

«1911 жылы Қазан қаласында шыққан Құрбанғали Хамедовтың «Тауарих Хамса» (Бес тарих) атты жылнама кітабында «Баласағұн», «Құтадғу білік» деген сөздердің мағынасына түсініктеме берілген. Онда Баласағұн – мәнерлеп қашалған тас қала, Құтадғу білік – құт, бақыт, білім деген мағынада. Бұл кітапты Баласағұнда туған бір сахаба, тақуа жазып шығарған. Әммә бұл кітапты Қашқарда тамамдап, Маршық (Шығыс) мәлігі Табғаш Бураханның құзырына ұсынған. Мәлік оның еңбегін қадірлеп, жарықтап, әрі ұлықтап Хас Хажыб (Ханның уәзірі, министр) деген атақ беріп, ерекше ілтипат білдірген, сол үшін ол Жүсіп, Ұлы Хас Хажыб атанып, атақ-даңқы жер жүзіне жайылды.

Бізге осы Қарахан дәуірінен екі үлкен әдеби ескерткіш жеткен. Біріншісі, Баласағұн перзенті Жүсіп Баласағұнидың «Құтадғу білік» атты дастаны, ал екіншісі Махмұт Қашғаридың «Диуани лұғат ат-түрік» шығармасы» («Тараздан шыққан тарландар - Қазақ тарихы»).

«Ежелгі Түркістанның батысы мен шығысында бірдей ІХ ғасырдан бастап-ақ ықпалды іргелі елдік құрған Қарахандар әулетінің билігі дәуірлеп тұрған заманнан (841-1212 ж.ж.) бізге жеткен Жүсіп Хас Хажибтың «Құтты білігі» адамзат өркениетінің өлмес қазыналарының баға жетпес асыл мұрасы. Осындай кең толғамды, тарихи, парасатты пайымдаулар мол ғылыми ойдың, ақындық өнердің үздік дара туындылардың дүниеге келуіне белгілі бір өркениетті ахуалдың құнарлы топырағы, тарихи-әлеуметтік орта тынысы мен қоғамдық саяси жағдайлардың заңдылықтары болғаны күмәнсіз.

Бұл классикалық шығарма сол кездің өзінде белгілі дәрежеде тарихи-идеологиялық, психо-педагогикалық, әдеби-мәдени дәстүрдің, көркемдік–эстетикалық танымның қалыптасқан мектебінің болғандығын меңзейді. Мұндай көлемді шығармалардың дүниеге келуі, жазылуы–тұтас бір шығармашылық кезеңнің, өрісті дәстүрдің жемісі. Сол кездің өзінде-ақ түрлі ірілі-ұсақты, мәнді-мәнсіз сан алуан шығарма, жазбалардың болғандығын бүгінге дейін сақталып келген түрлі тізбелерден жақсы аңғаруға болады. Бір қызығы, Орта Азия мен Қазақстан жерінде жазылған шығармалар жөніндегі көне сипаттамаларда, библиографиялық тізбелерде осы еңбектің аты аталмайды. Мәселен, Әбу Сеит Сәмәдидің (1113 ж.ө.) белгілі «Китәб Әл-әнсәб»  атты еңбегінде, сол дәуірдегі белгісіз, ұсақ авторлар жөнінде жүздеген бет мағлұматтар жазылғанда, Жүсіп Баласағұнидың әлемге аян еңбегі хақында еш дерек түспеген. Аталып, түстеліп, хатталып ен тағылған шығармаға қарағанда «Құтты біліктің» бізге тұтастай сақталып жеткені ерекше жағдай.

Түркі мәдениетінің ұлы да ұлағатты әдеби ескерткіші «Құтадғұ білік» дастанын жазған Жүсіп Баласағұнидың өмірі мен қызметі, мақсаты, жас шамасы хақында деректерді негізінен шығарманың өз мәтінінен ғана табамыз. Дастанның ел өміріндегі маңызы, сипаты мен қасиеті, мұрат-мақсаты мен тілі жайлы мағлұматтар да мәтінде кездесетін автордың өз пайымдауларынан жақсы аңғарылады. Бұл тақырып бүгінгі күнде өте өзекті және әлі де терең зерттеуді қажет етеді.

...Жүсіп Хас Хажиб Баласағұн–ХІ ғасырдың аса көрнекті ақыны, есімі күллі шығыс елдеріне белгілі болған данышпан-ойшыл, энциклопедист-ғалымы, белгілі қоғам қайраткері.

Жүсіп Баласағұн өз замандастарына және өзінен көп жылдар кейін өмір сүрген ұрпақтарға орта ғасырдың ғалымы, дәлірек айтсақ, табиғаттану, риезиет (математика), фәләкиәт (астрономия), тарих, араб-парсы тілдер білімі т.б. толып жатқан ғылым салаларын жете меңгерген ғұлама ғалым ретінде жақсы мәлім болған.

Әйтсе де, Жүсіптің есімін әлемдік әдебиет тарихында мәңгілікке өшпестей етіп жазып қалдырған бірден-бір тарихи-әдеби мұрасы–«Құтадғұ білік» дастаны. Бұл дастан кәзіргі түркі тілдес халықтардың орта ғасырдағы тарихы, қоғамдық саяси өмірі, ғылымы, әдебиеті мен мәдени дәрежесі, әдет-ғұрпы, наным-сенімі т.б. жөнінде аса қызықты да құнды, әрі қыруар мол деректер беретін көркем туынды. Ақын «Құтты білікте» қандай адам «Ұлы Хас Хажиб» болып істеуі мүмкін деген сауал қойып, оған өзі егжей-тегжей жауап айтады. «Ұлы Хас Хажиб-әмірші-патшаның көрер көзі, есітер құлағы, ол мемлекет заңдары мен сол елдің әдет-ғұрпының дұрыс орындалуын қадағалап отырады. Сондай-ақ, ұлы-уәзір-қазына ісін басқарушы адамға, сарайда қызмет ететін хан көшірушілер мен қолөнершілерге патша атынан әмір етеді, елшілерді қабылдап, шығарып салады, ресми түрдегі салтанатты жиындардың заңға сәйкес өтуін қадағалайды, әрі кедейлер мен жетім-жесірлердің арызын тыңдап, оны эликбекке, яғни Табғаш Қара Богра ханға жеткізіп отыруы тиіс». Бұған қарап, Жүсіп Баласағұнның патша сарайында қандай қызмет атқарғанын емес, сонымен бірге ақын «Құтты білікте» өзіне өте жақсы таныс мәселелерді мейілінше терең біліп барып жазғанын да аңғарамыз.

«Арабша, тәжікше кітаптар көп. Ал, бұл–біздің тіліміздегі тұңғыш даналық жинағы». «Біздің тіліміз» деп ақын түркі тілін айтып отырғаны мәлім. Сондай-ақ бұл дастанға қарасөзбен жазылған кіріспеде шығарманың тілі жөнінде айтылған мынадай пікір бар: «Шығыс елдерінде, бүкіл Түркістан халықтарында түркі сөздерімен бограхан тілінде жазылған бұдан артық кітап жоқ». Табғаш Қара Богра хан әулеті Қарахан мемлекетінде билік жүргізген дәуірде кеңінен тараған жазба-әдеби тіл кезінде «бограхан тілі» деп те айтылған.

Сонымен, «Құтты білік» дастанының тілін казіргі түркі тілдерінің қайсы тобына жатқызуға болады деген сауал туады. Бұл жөнінде бүгінгі түркология ғылымында әртүрлі пікір айтылып келеді. Мысалы, С.Е.Малов «Құтты білік» көне ұйғыр тілінде жазылған дейді, өйткені, шығарманы аударғанда ұйғыр сөздері көп кездескен» (және нұсқаның біреуі ұйғыр тілімен көшірілген; Вена нұсқасы).

Ал А.И.Щербак қарлұқ тілінде, Г.Ф.Благова дастандағы сөздердің талдану сипатына қарап, бұл шығарма қарлұқ-қыпшақ тілінде жазылған деген қорытынды жасайды.

Ол қалай болған күнде де Жүсіп Баласағұн өз дастанын сол кезде Қашқардан бастап, сонау Амударияға дейінгі ұлан-ғайыр өлкелер мен уәлаяттарды өзіне қаратқан Қарахан мемлекетінде өмір сүрген түркі тайпаларының бәріне бірдей түсінікті, ортақ тілде жазғаны даусыз. Оның үстіне есімі күллі әлемге белгілі шығыстанушы-ғалым В.В.Бартольдтың: «қарахан елінің азаматтары өздерін ұйғыр деп атаған емес, Жүсіп Баласағұн үшін өзі жазған тіл ұйғыр тілі болған емес»-деген әділ пікір айтты.

Жүсіп Хас Хажиб Баласағұнның, «Құтты білік» дастанының бүгінгі күнге дейін сақталған үш нұсқасы бар:

Біріншісі, Вена нұсқасы, оны Герат нұсқасы деп те атайды. Бұл қолжазба кәзір Венаның Корольдік кітапханасында сақтаулы тұр. Сол үшін оны Вена нұсқасы дейді. Ал дәл осы қолжазбаны Герат нұсқасы деуінің себебі, бұл қолжазба 1439 ж. Герат шаһарында көшірілген екен. Оны ұйғыр әрпімен көшірген адамның есімі–Хасан Қара Сеиіл.

 Дастанның осы Вена нұсқасының тағдыры қызық. Бұл қолжазба әлде кімдер арқылы Гераттан Түркияға жеткізіледі. Ал, 1474 жылы «Құтты білік» қолжазбасын біреу сатып алып, Стамбулға әкетеді. Арада 300 жылдай уақыт өтіп, 1796 жылы Австрияның белгілі ғалымы Иосиф фон Хаммер–Пургшталь Стамбулда дипломатиялық жұмыста жүрген кезде біреуден осы қолжазбаны сатып алып, оны Венадағы корольдік кітапханаға сыйға тартады.

Екіншісі Каир нұсқасы. Бұл қолжазба араб әріпімен көшірілген. Оны Каирдағы бір кітапхананың сирек кездесетін қолжазбалар қорынан 1896 ж. неміс ғалымы Б.Мориц тапқан. Белгілі орыс ғалымы В.В.Радлов Петербург ғылым академиясының Азия музейі үшін Каир нұсқасының бір данасын көшіріп алады. Казір бұл қолжазба Ресей Ғылым академиясы шығыстану институтының Ленинград бөлімшесінде сақтаулы тұр.

Үшіншісі, Наманган нұсқасы. Оны 1913 жылы А.В.Валидов Өзбекстанның Наманган шаһарынан тапқан еді. «Құтты білік» дастанының араб әріпімен көшірілген ең толық саналатын осы нұсқасы Өзбекстан Республикасының Ғылым академиясының Әбу Райхан Әл-Бируни атындағы шығыстану институтында сақталып келеді.

Ал енді тарихнамаға келетін болсақ өзбек ғалымы Каюм Каримов Наманган нұсқасы бойынша ұзақ жылдар бойы зерттеу жұмыстарын жүргізді. Сөйтіп, 1971 жылы дастанды казіргі өзбек әріпі негізінде транскрипция жасап, оны ғылыми хаттамасымен бірге жеке кітап етіп басып шығарды.

Әрине, жоғарыдағы аталған үш қолжазбаның әр қайсысының өзіндік ерекшеліктері, яғни әрбір қолжазбаның өзіндік артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Сондықтан, ғалымдар үш нұсқаны да өзара салыстыра зерттеп «Құтты біліктің» ғылымға негізделген толық мәтінін жасап шығу үшін көп еңбек сіңірді.

«Құтты білік» дастаны жөнінде тұңғыш рет баспасөз бетінде хабар беріп, оның нұсқасының бір бөлігін 1823 жылы «Азия» журналында бастырып шығарған ғалым француз Жауберт Амадес болды. Бұл істі кейінірек венгр ғалымы Герман Вамбери қолға алды. Ол дастанның бірнеше тарауын транскрипциялап, неміс тіліне аударды, оған түсінік беретіндей сөздік жасады. Соның бәрін қосып, 1870 жылы «Құтты білікті» жеке кітап етіп шығарды.

Әйтсе де, мұның бәрі әлі де алдағы үлкен жұмыстардың бастамасы ғана еді. «Құтты білікті» кең көлемде зерттеу, оны басқа тілдерге аударма жасау саласында келелі істер тындырған адам академик В.В.Радлов болды. В.В.Радлов бұл шығарманы зерттеу, аудару, баспаға әзірлеу істерімен 20 жыл бойы (1890-1910ж.ж.) айналысты. Дастанның бірнеше тарауын неміс тіліне аударып, баспасөзде шетінен жариялай бастады. Алайда, осы кезде «Құтты біліктің» бұрын белгісіз болып келген Каир қолжазбасының табылуына байланысты В.В.Радлов шығарманы неміс тіліне аудару және кітап етіп шығару жұмыстарын уақытша тоқтатып қойды. Өйткені алдымен Каир нұсқасының ерекшеліктерін зерттеп біліп алу қажет еді.

Қазақтың белгілі ақыны, әрі әдебиет зерттеушісі Асқар Егеубаев «Құтты білік дастанының қазақ әдебиетінің қалыптасып, дамуына идеялық-көркемдік әсері» (дәстүр, поэтика және аударма мәселелері) деген тақырыпқа ғылыми еңбек жазды. Сондай-ақ, ол ақын ретінде «Құтты білік» дастанының түпнұсқаға мейілінше жақын поэтикалық аудармасын жасап шықты.

Поэманың кейбір үзінділерінен орыс тіліне бірнеше рет С.Е.Малов аударып шықты. Еркін аудармасы «Ғылым бағытқа ие» деген атпен 1971 жылы И.Гребнев арқылы жүзеге асып, жоғарыда айтылғандай, К. Каримов «Кұтадғұ білікті» өзбек тіліне аударды. Р.Р.Арат жоғарыда айтылған үш қолжазбамен үлкен зерттеу жұмысын жүргізе отырып, 1947 ж. ғылыми жинақты жазып шықты. «Құтты білік» атты «Құтадғұ біліктің» толық мәтінін орыс тіліне С.И. Иванов Москвада 1983ж. аударып шықты.

Жекелеген бәиіттердің басылымы академиялық дәрежеде академик А.И.Кононов пен С.И.Ивановтың редакциялық етуімен жүзеге асты. 1970 ж. Ленинградта «Құтадғұ білікке» арналған ІV-түркологиялық конференция өтіп, онда бұл ескерткішті терең зерттеудің ауқымын кеңейту қажеттілігі айтылып өтті.

Баласағұни шығармашылығын жалпы мәдени орта көлемде алғашқы араб халифатының құрылуымен байланысты зерттеу керек екенін алғаш неміс ғалымы Отто Альбертс  ұсынды, ол Баласағұн көзқарастарының әйгілі ғалым Ибн-Синамен байланысын, атап айтқанда, оның этика туралы көзқарастарының ұштасып жататыны туралы айқындамасын ұсынды. Сонымен қатар, Альбертс Аристотель мен Жүсіптің этикасын салыстырып зерттеуге әрекет жасады.

Баласағұнның шығармашылығын зерттеуде орыстың шығыстанушы ғалымдары В.В.Бартольд пен С.Е. Малов, белгілі кеңес тарихшысы мен әдебиеттанушы ғалымдары С.Э.Бертельс пен А.И.Самойлович, А.И.Кононов және басқалары ойдағыдай нәтижеге жетті. Бірақ бұл ескерткіш лингвистика, әдебиеттану және тарихи - мәдениет саласында құнды бола тұрса да, шығыстың ойшыл ғалымының еңбектерін зерттеу көбінесе тарихи-филологиялық жоспарда жүрді. Ғалымдар еңбектің философиялық тұрғыдан зерттелуін ұлғайтудың қажеттілігі туғанын атап көрсетті. Баласағұнның «Құтадғұ білігі» сол кездегі ресми әдеби тіл–араб тілінде емес, түркі халқының тіліндегі бірінші энциклопедиялық еңбек болып табылады. Мұны Баласағұнның ана тілге сүйіспеншілігі, халықтың төл перзенті, шынайы өкілі деп білуге болады. Сол кездегі әлі көшпенділіктен айырыла қоймаған ортаазиялық қараханидтер әулетіне дамыған отырықшы аймақтардағыдай (Мауреннахр, Шығыс Түркістан) билеу саясатын жүргізуге ұмтылу тән болды. Сондықтан да, бұл еңбек көшпелі қараханидтерге түсінікті болу үшін түркі тілінде жазылды деп атап көрсетті А.А.Валитова. Бірақ «Құтадғұ білік» тек қана саяси трактат емес, ол сол ғасырдағы әртүрлі ғылым мен мәдениет салаларының да дамуын да көрсетті. Бұл еңбек автордың өмірді көрсетудегі философиялық пайымдауының тереңділігін, адам құқының сол замандағы дамуын көрсетеді. Жалпы алғанда, Баласағұн еңбегі кең көлемді философиялық мінез-құлықты, практикалық өмірдің эстетикалық көзқарасын көрсетеді. Жүсіп Баласағұнның «Құтадғұ білік» поэмасы түрік тіліндегі мұсылман дінін үгіттейтін бірден-бір ежелгі еңбек болып есептеледі деп атап көрсетті А.И.Кононов. Поэманың философиялық негізінде мұсылмандық элементтер қалыптасқан деп есептеледі. А.И.Кононовтың айтуынша, Ж.Баласағұнның «Құтадғұ білік» поэмасы әзірге, ертедегі түрік тілінде жазылған шығармалардың ішіндегі мұсылман идеологиясына негізделген және сол «идеологияны» уағыздаған бірінші шығарма.

Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» атты тарихи-философиялық ғылыми шығармасын жан-жақты зерттеу казіргі уақыттың келелі мәселесі. Ол орта ғасырлық халқымыздың мәдениетін, шығыс мәдениетімен салыстыра зерттеуге жол ашады» («Құтты білік» ескерткішінің тарихи танымының қалыптасуының көркем-идеялық әсері»  Ж.Абеуова, Б.Х.Тажибаев. Тараз қаласы).

Ендігі сөзді өзіміздің және де өзге елдердің ғылым әлеміне берейік:

«Құтадғу білік» - мұсылман иделогиясына негізделген, сол идеологияны насихаттайтын, түркі тілінде жазылған жалғыз еңбек. Дастанда қай заманда болсын барлық ғалымдарды толғандырып келген жалпы адами идеялердың, ізгі мұраттар мен ойлардың өзіндік ерекше көркем де, аса айшықты бейнеленуі -поэманың сарқылмас рухани қазына көзі екендігінің дәлелі» (Андрей Кононов, академик-ғалым, филолог, түркітанушы).

«Құтадғу білік» - ежелгі ұйғырлардан қалған құнды еңбектердің бірі. Туынды атауының негізгі бөлігін құрап тұрған «құтадғу» сөзі «құтадмақ» етістігінен шыққан. Ал «құтадмақ» - «құт иесі ету, құтқа жетуіне көмектесу» деген мағынаны білдіреді. «Құтадғу білікті» неміс тіліне аударған ғалымдар Вамбери мен Радлов кітапта жиі кздесетін «құт» сөзін «бақыт» деп, ал «Құтадғу білік» дегенді «Бақыт әкелетін ілім» деп аударған.

...Бүкіл түркі халқына ортақ ұлы тұлға, ойшыл ақын Жүсіп Хас Қажыб «Құтты білік» атты өлмес еңбегінің атауына енген «құт» сөзін данышпандықпен таңдап алған. Себебі, түркі мемлекеттігінің тарихында «құт» сөзі ерекше рөлге ие. Ежелгі түркілердің нанымы бойынша, құт дегеніміз – қандай да бір билік күші емес, ол – киелі сипатқа ие рухани күш. ...Меніңше, «Құтадғу білік» -мемлекетті басқару ғылымы (саяси билік ғылымы)» (Садри Максуди Арсал, татардың тарихшы және тіл танушы ғалымы, саясаткер).

«Атақты ұйғыр ақыны және ойшылы Жүсіп Баласағұн (шамамен 1018-1086) Қырғызстан Республикасының Баласағұн қаласында туған. Ол «әрбір адам қоғам алдындағы өз міндетін орындап, өзінен кейін жақсы атын қалдыруы керек» деп есептеді. «Бәрі де дүниеде ұмытылады, - деп жазады Жүсіп, - тек «ізгі істер» мен «дана сөз» ғана ажалды білмейді».

«Құтадғу білік» дастаны – әлем мәдениетіндегі таңғажайып құбылыс. Жүсіп Баласағұн өзінің шығармашылық данышпандығымен түркітілдес халықтар жалпыәлемдік мәдениеттің дамуына өз үлестерін қоса алатындығын дәлелдеді» (Азиз Нарынбаев, ұйғырдан шыққан тұңғыш философия ғылымының докторы, академик-ғалым, тарихшы, Қырғызстан Республикасының ғылымға еңбек сіңірген қайраткері).

«Жүсіп Баласағұн түркітілдес халықтың тағдырын көктемде болатын жандану, ояну, қайта түлеу кезіндегі көріністеріне астарлап, меңзеп, теңеген» (Немат Келімбетов, филолог ғалым, түркітанушы).

«Жүсіп қазіргі Қазақстан жеріндегі Шу бойына орналасқан ескі қаланың бірі – Баласұғында туған. Осыдан Жүсіп Баласағұн аталып кеткен. Бұл қала сол кездердегі Қарахан мемлекетінің бір астанасы, әкімшілік және сауда-саттық орталығы болған.

...Әр елдің данышпандары біздің кітабымызды өздерінше атап жүр. Қытайдың ойшылдары «Мемлекет иелерінің даналық ережелері» деп атаса, Үнді кемеңгерлері оны «Жайлы басшылық кітабы», шығыс патшалықтары «Хүкмет әшекейі», парсылар «Бақытқа жеткізетін ғылым», кейбіреулері оны «Патшаларға кеңесші кітап» деп атап кеткен. Ал түріктер жерінде бұл кітапты «Құтадғу білік» дейді» (Ханғали Сүйіншәлиев (1918-2006), философия ғылымдарының докторы, профессор).

«Тарихи деректер бойынша Баласағұн («Бала» - көрікті қашалған тас, «сағұн» - қала деген моңғол сөзі) Ұлы Жібек жолының бойындағы ірі түркі қалаларының бірі болған» (Гүлжамал Қортбаева, филология ғылымдарының кандидаты, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің Шығыстану факультеті түркітану және үндітану кафедрасының доценті).

«Құтты білік» - түркі елінің ел болу жолындағы қоғамтану, елтану дастаны десе де сияды.  «Құтты білік» жазылған тұста «Игорь жасағы туралы жыр» да, «Моңғолдың құпия шежіресі» де дүниеге келмеген-тін. Орта Азия, түркі тарихының аласапранға килігіп, түркі дарабоздарының шашасына да, санасына да шаң тимеген тұнық тұста туған туынды сонысымен де қымбат.

...«Құтадғу білік» дастанының Орхон-Енисай жазбаларымен (Ү-Ү111 ғасырлар) тамырластығы және Х1Ү-ХҮ ғасырлардағы қазақ жырауларының үрдісімен, классикалық қазақ әдебиеті үлгілерімен сабақтастығы өркени әдеби дәстүр арнасын танытады. Қазақ мақал-мәтелдерімен, қанатты сөздерімен, шешендік сөздер табиғатымен, Абай тағлымының, Шәкәрім қажының көркемдік дүниесінің Жүсіп Баласағұнның рухани көркемдік әлемімен жарастығын білдіретін желілер өте көп. «Құтты біліктегі» қазіргі қазақ әдебиетінде қаз-қалпында жүрген ұшқыр сөз, мақал-мәтелдердің бірқатарын өзбек, қырғыз, татар, ұйғыр халықтарының әдебиетінен де кездестірдік. Осылардың өзі-ақ дастанның поэтикасының тарихилығын меңзейді.

...Соңғы бес ғасыр жырауларының шығармаларынан да өлең құрылымы, ұйқас тізілімі, мазмұн үндестігі, ой сарындастығы, поэтикалық рухы жағынан «Құтты білікке» қабысып түсіп отыратын тұстарды тым көп ұшыратамыз.

...Сондықтан да «хан тілі» десек те, «қарлық-қыпшақ», «оғыз-қыпшақ», «түркі тілі» десек те, «Құтты біліктің» қоспасы аз, таза түркі тіліндегі шығарма екендігі даусыз». (Асқар Егеубай, ақын, филолог ғалым, «Құтты білікті» алғаш қазақ тіліне аударушы).

Бүгінгі бүкіл әлем ғылымының Жүсіп Баласағұни және оның ұлы еңбегі «Құтадғу білігі» жайлы бар білетіндері осы. Өздеріңіз көріп отырғандай әрқайсысының ой-тұжырымы әр жаққа тартады, бірде-бір тарихшы ғалым Жүсіп Баласағұнидің қай ұлттың өкілі және оның «Құтадғу білігі» қай елге арналған және олардың бүгінгі мұрагерлері кім деген сұраққа жауап бере алмаған.  Демек, бүгінгі қазақ тарихы ғылымының жеткен жері, шыққан «шыңы» осы. Келіңіз бірге саралайық:

- «Қарахан әулеті билік жүргізген дәуірде ұлан-ғайыр өлкені алып жатқан осы мемлекеттің басқару тәртібін белгілейтін ережелер, сондай-ақ қоғам мүшелерінің құқықтары мен міндеттерін айқындайтын тиісті заңдар жоқ еді» делінеді. Қате тұжырым. Қалыптаспаған салт-дәстүрі жоқ ел, басы бірігіп мемлекет құра алмайды. Ал, бүкіл әлемге билігін жүргізген Қаған басқарған Қағанатқа бұлай баға беру, бұл енді барып тұрған сауатсыз, көрсоқырлық. Бұндайды аталарымыз «Көрмес түйені де көрмес» деп бір ауыз сөзбен тұжырымдаған. Бүткіл жер бетінде қазақтың ата салтынан асқан заң болып көрген емес және ешқашан бола алмайды да. Біздің қазіргі заң деп жүргендеріміз күніне «мың» құбылады. Ал, қазақтың ата салты (ата заңы) 70 000 жылдан бері бір өзгермей келеді. Міне заң деп осыны айт.

        Сөз түсінген жанға осындай білімді, шариғат пен тарихатқа терең бойлап, ақиқатқа көз жеткізіп, мағрипатқа өткен  жан ұлы қағанаттың бас уәзірі болып отыр. Демек, осындай жанды Әділет сүйгіш, білімді жанды бас уәзірі (хас қазысы) етіп тағайындаған Қағанның білімі де одан кем болмаған. Егер мемлекет құрылымы, оның билігіндегі жандардың өмірге деген көзқарасы, ұстанған бағыты, білім деңгейі осындай білімді болмаса бұл еңбек ұлы Қағанаттың екінші адамымен жазылмаған болар еді. Біз мынаны айқын түсінуіміз керек, бұл жерде Жүсіп атамыздың жалпы ойдан шығарған ештеңесі жоқ.  Бұндағы ғақлият сөздердің бәрі ежелгі Ұлы Адтардан қалған сөз. Оны ақын кітаптың атымен де  айқын көрсеткен. «Құтадгу білік» дегенімізді бүгінгі тілге аударсақ ежелгі Ұлы Адтар Қу Һұд аталарымыздың білімі болып шығады.

    -  Өздеріңіз көріп отырғандай, қазақтың зерттеуші-ғалымдарының ешқайсысы (Асқар Егеубай, Н.Келімбетов, Ж.Абеуова, Б.Х.Тажибаев, Х.Сүйіншәлиев, Г.Кортбаева т.б.) «тарихат» деген сатыдан өтпегендіктен өзіндік ой-пікірлері жоқ, бәрі де «бірінің аузына бірі түкіріп қойғандай» өзге елдің (А.И.Кононов, С.И.Иванов, С.Э.Бертельс, А.И.Самойлович, И.Гребнов, С.Е.Малов, А.И.Щербак, Г.Ф.Благова, В.В.Бартольд, В.В.Радлов, А.А.Валитова, Жауберт Адамс (француз ғалымы), Герман Вамбери (венгр ғалымы), Отто Альбертс (неміс ғалымы), С.М.Арсал (татар ғалымы), А.Нарымбаев (ұйғыр ғалымы) т.т.) аузына қарайды. Олар не айтса соны қайталайды. Осындайда ғалым бола ма екен,  күні кеше (бар-жоғы бір мың жылға да жетпейді) арамыздан кеткен өз аталарын тани алмай жүрген.

         Осыншама өзге елдің ғалымдарының ешқайсысы Оғыз-Қарахан мемлекетінде, еңбектің авторы Жүсіп Баласағұнды да «менің Атам» деп айта алмаған. Олар оны бұдан мың, он мың, жүз мың жылдан кейінде айта алмайды. Себебі, біреудің атасын менің атам деп атау, бұл барып тұрған ақымақтың ісі болған болар еді. Демек, оларды өзгенің атасына менің атам деп жабыспағандары үшін де «ғалым» деп атауға болады, ал ол біздің жағдайымызда керісінше болмақ.

   -  Қолымыздағы бар деректерді  және жырдың мағынасын саралауға ешқашан жаңылысып көрмеген, бүкіл әлем шежіресінің кілті, яғни бүгінгіше айтқанда «коды» қазақтың ана тілін, оның «сөз түбірін» және Адай  шежіресін қолданамыз:

        «Құтадғу білік» - Қу, Ұд, Құт (Құд), Ад, Гу (Адгу) деген біріккен сөздерден тұрады.

        «Құт. Мейрам сопы ертерек өліп қалып, Нұрфая бәйбіше көп заман бес берекенің біріне қосылған бәйбіше болып, халқына ұйтқы, құт бәйбіше атанған екен (М-Ж., 16). Шолпан бір ұл перзент тауып, сол себепті «аяғы құтты» болды (М. Дулат, 134);

        «Құт» сөзінің бүкіл Сібір түркілерінде шамандық дүниетаныммен араласып жатқан ұғым екенін аңғару қиын емес. Қамның негізгі айналысатын ісінің дені осы «құт». Өлген адамның құтын құрметтеп шығарып салу, ата-бабалардың құтына арнап ас беру, құрбандық шалу; ауырған, бағы тайған адамның қашқан құтын қайтару т.т. сияқты аса күрделі міндеттер шаманға жүктеледі. «Құт» сөзі жалпы түркілік. Байырғы түріктерде бірнеше мағынада қолданылған: 1. жан, өмірлік күш, рух; 2. бақыт, дәулет, жақсылық, жолы болу, бағы ашылу т.б. 3. кісілік, ұлылық; қазақ пен қарақалпақтарда құт: 1. өмірлік, күш, рух; 2. мал-жанды қорғайтын тұмар; 3. бақыт; тувалықтарды құт: жан, тіршілік көзі; хакастарда хут: жан, рух, өмірлік күш; монғолдарда хутаг: бақыт, жақсылық; манчжурлерде хуту: бақыт (Баскаков Н.А. Яимова Н.А. Шаманские мистерии Горного Алтая. Горно-Алтайск, 1993. С 11. Қорқыт ата: 596).

        Кейбір зерттеушілер Қорқыт сөзінің түп төркіні «көр» және «құт» деген екі сөзден тұратындығы. Осы орайда «көр» сөзінің гор, гөр, гур сияқты фонетикалық нұсқалары болғанындай, «құт» сөзінің де гут, ғұт, хут дейтін варианттары кездесе береді. Сондықтан да әуелгіде Ғұрғұт, Гөргут, Горгуд, Көрхут, Көрғұт сияқты тұлғаларда айтылуы әбден ықтимал. Әзірбайжанша қазір де Горгут, түркіменше Горкут болып айтылады. Құт адамға желеп-жебеуші киелі күштердің, рухтардың, басқа дүние иесінің арқасында қонады. Оны кері қайтарып алатындар да сол күштер. Қатты қорыққанда «құты қашты» дейді қазақтар (Қорқыт ата: 596).

        Л. Будагов құт сөзінің бірнеше мағынасын береді соның бір-екеуі мынадай: дж. тат. قوت кутъ, жизнь, счастье; сердце, храбрость, въ алт. душа, присутсвіе духа: قودي جقتي душа вышла, т.е. растерялся отъ страха, кир. құтты күн счастливый день, құттықтау желать здоровья, счастья, дать благословеніе, обиліе (о Бог) [19, б.69-70]. Қазақтар «құт» келді деп әр нәрсені ырым – жора ретінде тұтынған. «Құт» кетсе ырысым бірге кетеді деп түсінген. Табиғаттың құбылыстарын да: жаңбыр, қар молынан жауса соған байланысты адам өміріндегі өзгерісті «құтты» құбылыс деп ұққан. Қ. Халид: Тарихшылар «Құдатғу білік» туралы осы кітап атына аса қанық болмағаны үшін біраз түсінік жазу керек болды. «Құдатғу білік – құтадғу білік» боп жазыла береді, екеуі бірдей білік – білу, «құд» - күт (екеуі – құт) дегені бұл арабтың «күтіб» сөзінен алынған, тіл – сөз. «Құтыб» – әр нәрсенің баянды боп байыздап тұруына айтылады, сол үшін «құтыб жұлдызы» атауы бар (Темірқазық жұлдызын айтып отыр).

        «Құт» – бақыт мағынасында, «оған пәлен жерге құт болды» дейді, яғни «сонымен ол бақытты болды» демекші, құттықтағанда «құтты болсын» деу осыдан». Осы кітапта берілген түсінікте: «Құт» атауы арабтың «құтыб» сөзінен алынды деу шындыққа келмейді. «Құт» – өз алдына ұғым беретін ертедегі түркі сөзі, мағынасы – «бақыт», «жан», «бақытты болу» – дейді [57, б.240-297]. Құт а. [құт: пища, пропитание] – изобилие; счастье; благодать. (КРТСАИЗ, 171); Құт зат. Бақыт, береке (ЌТТС, 96); КУТ– құт, бақ, дәулет (М.Қ.); Құт > дәулет. Құт > көт <> кот.

       Ахметянов былай дейді: Наиболее известным из них у современных татар, башкир и чувашей, а также у мариицев и удмуртов является кот, кут, хат, душа, дух; счастье, благополочие; уют; достоинство, хороший вид, имеющий параллели во всех алтайских языках, включая даже корейский (gut (магия), см. Ramstedt 1949: 132). По всей вероятности, данное слова образовалось в древнетюркских диалектах и распространилось из них на соседние языки, ибо именно в тюркских языках можно найти найболее древние, исходные фонетические варианты, см. алт. коот «утешение, отрада» (наряду с кут «душа»), др. – тюрк. gamut «счастье, благодать» (Gabain 1951: 331), «величие, достоинство» (ДТС: 439). У кетов kut, kyut «дух-помощник шамана» (Donner 1933: 88) вероятно, заимствовано из тюрк. *kayut. [2, б.34]. Тоб. қртқа куртка, қртқеиы старуха (Будагов, 1871: 49). Қазақ тілінде Көтібар, Боқкөт деген кісі есімдері болған.

       Түйін. Құт пен бақыт, бақытпен бақсы мағыналас сөздер. Мәшһүр-Жүсіп құт лексемасын бақыт дүниеден тыс жаратушы сияқты қолданған. Құт жақсылық әкелуші деп түсінген. Құт > қорқыт > қ...қ (еркектің жыныс мүшесі) > көтек (к..т) түбірлес сөздер сияқты. Құт (қ...қ) > ұмаймен ін (ен) с...к (етістік) тас..қ, тылақ (тылакъ, паточка, язычекъ (анат.) Л. Будагов, 1869: 755 б) (тылақ//тілшік бір сөз) қозғалыс, ұрпақ (ұрық) әкелуші тіршілік иесімен тығыз байланысты. Құттың мағынасы біз ойлағандай жеңіл-желпі бір нәрсе емес, аса тереңде жатыр. Қаза берсе, тұйыққа тіреледі. Оның аржағында тіршілік – өмір жатыр. Тылақ > тас...қ > тал > тұл семантикалық жағынан өте жуық тығыз байланысты. Тереңірек барғанда бәрібір өмір, тіршілік, қозғалыс дегенге келеді. Адам + Рух + Аруақ + Адам (ұрпақ) арқылы мәңгі жасайды өлім жоқ дегенге әкеледі. Киелі адам құт әкеледі деп ұққан. Аяғы құтты болсын! – дейді. Негізінде кие мен құт мағынасы да мән-мазмұны да бір. Фетиш (фетешизм) – құт сөзінен діннің бір тармағы келіп шыққан» (А.Қ. Тұрышев «Мәшһүр-Жүсіп шығармаларындағы мифологиялық лексика» 3 том. Павлодар-2008).

        Қу – Қуман (Қу Манның ұрпақтары), ежелгі батыс жазбалары қазақтарды «Кумандар» деп хаттаған;  Осы түбірден біздің сөздік қорымызда Құда, Құдағай, Құдай «Сыбап алып, ...ықпай, «құдай – шұнақтан» (Жұбан Молдағалиев), Қу адам (Қулық жасайтын, айлакер адам), Қу түлкі, Қу дүние, Қу тірлік, Қу сүйек (Құр қу сүйек етсіз өңі бетсіздің (Жүсіп Баласағұн), Ата жолын қуу, Қу бас, Қу сирақ, құлақ, қулық, құлама жар, құмалақ  деген сияқты ұғымдар дүниеге келген. Күні бүгінгі қазақтың сөздік қорындағы У, Су, Бу, Жу, Ну, Ту, Гу, Зу, Ру, Ау, Қу деген ұғымдардың барлығы түп тамырын Қу атамыздан алады. Бұлардың бәрі Қу атамыздың лақап аттары, яғни бүгінгіше айтқанда осы ұғымдардың «авторы». Күннің де авторы осылар. Қу және Үн (Үнді-арийлер, Үндістер) деген екі біріккен сөздерден тұрады. Шамалы мектеп көрген білімі бар, ақыл-есі дұрыс жандарға бұл дауға жатпауға тиіс.

       Күннің сөз түбірі «Үн». Ал үн ауыздан шығатын дыбыс. Дыбыста (үнде) өз-өзінен шықпайды. Оның ар жағында сол дыбысты шығаратын тіл бар. Бүгінгі Қаз Адайлар сол ежелгі түптегі Адам атаның қарашаңырағының иелері. Әлемді билеген қағанның бас таңбасының «Тіл» болып, ал Адайлардың «тіл таңбалы Адайлар» деп аталатындарының сыры осы. Шындықтың аты шындық. Одан ешкім ешқайда қашып құтыла алмайды. Мұны мойындау, мойындамау  өз еркіңде. Әр кім де өз санасының, яғни ақылы мен білімінің жеткен жерінің «қонағы» болмақ. Білімің жетпеген «ауылға» қонақ болып,  «қырға да» шыға алмайсың.

             «Қырқадан қырға қараса,

             Қырық шалғысын күніне

             Он екі сілкіп тараса;

             Қу төңкерсе аспаннан

             Үш тілеген баппенен.

             Дауылпаз соқса астынан

             Желбегей күрең атпенен,

             Бауыры шұбар, сырты көк

             Қаршыға құсқа жарасар!

             Алас болып адасқан,

             Мұнар болып тұлдасқан,

             Мұсылман болып дінді ашқан;

             Мұның бәрі жігіттер,

             Бір кісіден табылмас –

             Астана жұртқа жарасар» (Мұрат Мөңкеұлы «Бес ғасыр жырлайды» Алматы-1989. 131 бет). 

 

       Бастаған сөзімізді аяқтап жырға түсінік бере кетейік: Білімсіз адам қырқадан ойға қарайды (тұмсығының астынан басқаны көрмейді), білімді адам қырқадан қырға қарайды. Қарағанда да жәй қарамайды. Қырық шалғысын күніне он екі сілкіп тарайды.   

      Қырық шалғы ежелгі қазақтың хандары мен қағандарының қырық уәзірі, яғни «Ғайып ерен қырық шілтен» атанғандар. Назар аударайық Уәзір сөзінің түбірі Әз екеніне, және бұл сөздің толық мағынасы Уә (Уа, Ауа), Әз (Аз) және ір (бір, пір) деген біріккен сөздерден тұрады. Мағынасы Ауа ана мен Әз (Қазақ) әулие ең бірінші, ірі пір деген сөз болып шығады. Сөз түбірі жаңылыспайды. Сөз реті келгесін тоқтала кетейін, жалпы тарихшы қауымға өте қиын, себебі тарихқа терең бойлаған сайын аталарымыздың ұлы істерін бүгінгі күннен іздейсің. Таба алмасаң жаның күйзеледі. Елбасымыздың «қырық уәзірлері осындай атқа лайық па?», тіпті солардың ешқайсысы «Құтадғу білікті» біле ме екен? Әй, қайдам? Қазақтың ана тілін менсінбейтін жандар оны қайдан оқысын.

      Қазақ қағанаттарының қарашаңырағы Он екі атадан құралған. Бұл құрамға кіріп, сол құрамда мәңгі қалу үшін барлық рулар Адами қасиеттері тұрғысынан жарысқа қатысып,  бүгінгіше айтқанда «конкурске» түскен. «Конкурстан» өткеннен кейін де егер олар Ата салтының талаптарына сай бола алмай қалған жағдайларында «он екі Ата» құрамынан шығарылып орнын басқалар басқан.

      «Қу төңкерсе аспаннан». Міне «Құтадгу біліктегі» Қу (Қуман) ата есімінің қазақ шежіресіндегі көрініс табатын жері. Қу есімі аспандағы Құдай деген мағынаны білдіріп тұр.

      «Үш тілеген баппенен». Үш саны Қосай атамыздың сандық атауы. Үш тілек тілеудің бастау алатын жері осы. Тілек қабыл болып бүкіл адамзат баласы суға ғарық болғанда тек қана Қосай атаның қауымы мен ұрпағы аман қалып тіршілікті ары қарай жалғастырып кетеді. Біздің сөздік қорымыздағы сөйлем арасына қойылатын үтірлер, нүктелер мен қос нүктелердің сыры осы. Өздеріңіз көріп отырғандай үтір – Ұд, нүкте - Нұқ, қос нүкте - Қосай Нұқ болып тұр. Сөз түбірі жаңылыспайды.

      «Дауылпаз соқса астынан

      Желбегей күрең атпенен» Дауылпаз -  бұл сөзде екі түбір сөз бар Ауыл және Аз. Бұл сөздің мағынасы әлемнің барлық мәдениетін кәдімгі қазақтың ауылынан (қазақ ауылдан) шыққан Әз атамыздың ұрпақтары «Желбегей күрең атпенен» желіп жүріп таратты деген сөз.  Күрең атты да қолға үйреткен солар болатын.

 

       Біз астана жұрт атану жолында:  Алас болып адасып, Мұнар болып тұлдасып, Мұсылман болып дінді ашқан» елміз. Бұл бір адамның қолынан келмейтін шаруа, бұл тек астана жұртқа жарасады. Қазақтың астанасының атауы Астана деп қойылуы өте сәтті қойылған атау. Елбасымыз айтқандай біз сол киелі атауға лайық ұрпақ тәрбиелеуге тиіспіз. Ол үшін ел билігінің тұтқасын ұстаған әр бір азаматтан «Құтадгу біліктен» сынақ алынып барып тағайындалуы керек.

       «Ең ескі заманда түрік жұртының аталары – Со (Сә, Сақ деп аталады М.Қ.) деген халық болыпты. Сол халықта Ежен-шиду деген хан болып, оның Аспан қызы қатынынан туған төрт баласы болыпты: бір баласы аққу болып кетіпті. Бір баласы қытайша Ки-ғу деген екен. Ол Апу мен Ған деген дарияда падишалық қылыпты. Бір баласы Шу-си деген дарияда падша болыпты. Үлкен баласы Надулуша деген. Ол Баси-чу Си ши деген тауда болып хан ордасы сонда болыпты. Таудың биіктігінен ол ел суықтан өлетұғын болған соң, Надулуша от жағуды үйретіп, елін суықтан сақтаған соң, өзге туысқандарына қараған елдер де соған қарап, атын – Түкю қойыпты. Түкю деген – дулыға деген сөз. Қытайда «Р» деген әріп жоқ болған, Түкюдың ортасына «Р» қосылып «турку» болады.

       Осы айтылған қытай сөзіне қарасаңыз, Ежен-Шиду дегені – оның бір баласы аққу болып кетті дегені Алтайдағы Қу өзеніндегілерге хан болды дегеннен шатақ болған. Олардың қалған нәсілі – осы күнде Кумандинский деп орысша аталып отырған елдер, осы күнде де Со деп аталатұғындары бар. Қу өзеніндегілер өздерін қукіші деп атайды. Жоғарғы Ежен-Шиду деген Шис пайғамбар болса керек. Ежен-Шидудің бір баласы Қи-ғу дегені қырғыз дегені болады. Себебі, қытайда «Р» жоқ және сөзді қысқартып аяғындағы әріпті тастап айтатұғын әдеті бар. Қи-ғудың ортасына «Р» қосып, аяғына «зи» қоссаңыз қырғыз болады. Оның мағынасы – елсіз де өз еркімен жүрген тағы деген сөз деп Нәжиб Ғасымбек қытай сөздерін жазған шежірелерден алып жазады.

      Ежен-Шидудың бір баласы Чу-си деген дарияда болды дегені – Чу дариясындағыларға хан болды деген сөз және ең үлкен баласы – Надулуша Баси-чу – Си-ши деген тауда болды дегені – Шу дариясының басындағы жартасты тауда болды дегені. Себебі Чу – өзен аты, си – дегені халықтар дегені, ши – дегені биік жар тас және Әбілғазы хан һәм басқа мұсылман шежірелерінде ең бұрын от жаққан пешті жылы үйді шығарған түрік дейді. Бұл қытай сөзінде от жағып үйреткен Надулуша Тукю яғни Турку атанды дейді.

      ...Шежіре жазғандар кейде Се деп те жазады.

      ...Ақырында жоғарғы қытай сөзінен табылғаны, біздің халық Со яки Сит, яғни Шис нәсілінен. Қытайша Тукю, бізше түрік атанған халықтан шыққанымыз анық болды. Ол Со, яки Сит халқы көбейіп, қозғалғандықтан төрт бөлек болып, бірі Алтайдың Темірқазақ жақ тұмсығындағы Қу өзенінде болып Қу елі, орысша Куманды атанған. Екінші бөлегі Апу мен Қан яғни Абақан менен Енисей өзені арасында болып қырғыз атанған. Үшінші бөлегі Алтайдағы Шу өзенінде болып, қытайша Чу – кси, орысша Чуйский атанды. Төртінші бөлегі – қытайша Тукю, бізше түрік атанып, Шу өзенінің жоғарғы басындағы Жар тасты тауда болды. Бәрі Тукюға қарағанда, Тукю біздің тілше түрік патшалығы атанған. Кейінгі кездерде әлденеше хандыққа бөлініп, әр түрлі атпен аталғандары көп болса да, соның бір табынан түрік аты жоғалмаған.

     ...Қытай шежіресінде Түркі жұртының арғы аталары – бір ұрғашы қасқырменен хун атанған жұрттың қол-аяғын кесіп далаға апарып тастаған он жасар баладан туған дейді» (Шәкәрім Құдайбердіұлы «Түрік, қырғыз-қазақ һәм хангдар шежіресі» Алматы-1991).

      Шәкәрім атамыздың бұл дерегі Адай шежіресімен толықтай сәйкес келеді. Демек, Ата тарихты даладан емес өз шежіре-дастан, жыр-толғауларымыздан іздеу керек және қазақ тарихының өзегінде өз аталарымыздың қалдырған шежіре-деректері тұруы керек. Ал, өзге ел зерттеуші-ғалымдарының деректері қосымша материал ретінде қаралуы керек. Еске ұстайық! Ата шежіресі жаңылыспайды. Егер кімде-кім мұны түсінуге шамасы жетпесе, онда оның білім деңгейі мектеп оқушысының білім деңгейімен қарайлас болғаны.

     Со, Сә, Се, Си бәрі Сақ деген бүгінгі қазақтың аталарының аты. Бүкіл әлемнің жазба тарихындағы Сақтар деп жүргендері осылар. Олар өздерін Сақ, Сақа деген жалпылама атаумен атаған. Олар парадарая (теңіздің арғы бетіндегі сақалар),  еуропалық сақалар-скифтер немесе Арал теңізі, Сырдарияның арғы жағын мекендеушілер; хаомаварга (хаома сусынын жасайтын сақалар) — Ферғана алқабын мекендеушілер; тиграхауда (шошақ бөрікті сақалар) — Сырдарияның орта ағынын және Жетісуды мекендеушілер.  Оларды біресе Қырғыз, немесе екеуін бірдей қосақтап Қырғыз-Қайсақ (Қайсы Сақ?) деп жүргендері осыдан. Ежелгі уақытта Қырғыз бен Қазақ бір халық болып Манқыстаудың ойы мен қырында бірге тұрған. Кейбір тарихшылар шатасып қазақты қырғыздан таратады. Бұл түп тамырымен қате тұжырым. Қазақтың шығу тегінің Қырғыздан әрі де екендігін жалғыз ауыз сөзбен де дәлелдеуге болады. Ол қасқыр деген сөз. Даланың осы жабайы аңын екі елде қасқыр немесе бөрі деп атайды.  Қас және Қыр деген екі біріккен сөзден тұрады. Қас Қаздың лақап аты, ал Қыр болса Қырғыз елінің түп атауы. Толықтай мағынасы  бүгінгі қырғыздар қазаққа жиен болып шығады.  Олар Қыр қыздарының ұрпағы. Қыр сөзінің алдында Қаз (қас) сөзінің бұрын айтылуы тек қана осыны білдіреді. Бұның басқаша мағынасы жоқ.

     Аспан қызын Ауа ана деп түсінсек дұрысы осы болар.

     Қазақтың «Аққу мен Қаз егіз, Адай мен Таз егіз» дейтіндері де осы. Қу елі мен Қаз елі егіз, яғни екеуі бір ел. Ал, Аққа келсек, бұл сөздің екі мағынасы бар: Біріншісі Аға (бұл сөздің түбірі Ағ, Ақ) деген сөз. Аққудың толық мағынасы Аға Қу елі. Себебі, Құдайке Адай Атаның ең үлкен баласы. Демек ол бәрінің ағасы. Қаз-ақ дегенімізде де Қаз бәрінің ағасы, яғни Адай атаның сегіз немересінің ең үлкен ағасы деген сөз. Шежіредегі Тәзіке атамыздың, сөз түбірінің (өз түбінің) Әз (Аз) болатыны осы. Сөз түбірі жаңылыспайды.

     Қи-ғуды - Қиян, Қият, Қырғыз десек те еш жаңылыспаймыз. Бәрі бір түбірден, яғни бәрінің шыққан тегі бір.

      Ғу – Ғу мен Қу синоним. Мұхамед Салық Бабажановтың дерегінде «Ұлы» дегенді білдіреді.

      «Тәзіке мен Қосай - Адай Атаның үлкен баласы Құдайкеден тарайтын екі немересі.  Құдайкенің осы екі баласының елі 1465 жылдары қазақ хандығы құрылар кезінде олар екі ру ел болып қатар өмір сүрген.

      1503 жылы Шайбан хан 10 мың қолмен Моғолстанға жорыққа шықты. Сонда оның қосынында Ад-гу, Ад-лу рулары да болған, ноғайлылар мен Ад-гулердің біріккен жасағын қажы Қазы би, ал Ад-лулердің жасағын Хамза би басқарған» (Жұмабек Мұханов. «Губернатор Аман Төлеев). Аман Төлеев демекші, Аман Төлеев те Жүсіп Баласағұн сияқты, ол да Адайдың Балықшы (Баласағұн) руынан тарайды.

      Надұлуша – Ад, Над, Ұл, Ұлу деген біріккен сөздерден және ша деген жалғаудан тұрады.

      Сөз түбірі - Ад (Ат), Ада (Ата), Адам (Атам), Адами, Адамзат.

      «Н» дыбысы сөз басында қолданылса әрқашанда «Нұқ» пайғамбар есімін, сөз соңында қолданылса баласы, ұлы, ұрпағы (Мұстафин, Сарин, Мамин т.т.) деген мағына береді. Кейбір елдердің ең алғашқы адамды Адам және Ман  деп атайтындарының сыры осы.

      «Ұлымыз» сірә ұл, оған комментарий қажет емес.

      Ұлу – Адай атаның бесінші буын ұрпағы және төртінші немересі Ақпан атамыздың лақап аты. Бес пен елу сандарының да иесі де осы атамыз. Ұлу мен Елудің түбірлес болатыны да, Ұлудың қазақша жыл қайырудың бесінші жылы болатыны да осыдан.  Ұлымыз – Ұл, ал «У» дыбысы У – кез-келген қимыл әрекеттің соңы. Мысалы, «У» ішсең өлесің, бару, келу, кету, шығу, тосу, кесу, жету, болу т.т.

     Ал «ша» жалғауына келсек, бұл адамның басында мәңгі тоқтамай аспанға қарай өсетін Шаштың бірінші буыны. Бұл сөз аналық текті білдіреді. Ежелгі Ашури, Ашиде, Ашөйде тайпаларының атауы. Қазақ қыздары мен аналарының шашты ұзын етіп өсіріп, ардақтап, баптайтындарының сыры осы. Қазақтың қысы-жазы мәңгі солмай көкпіңбек болып өсіп тұратын ағаштарды Арша, шырша деп те атайтыны осыдан.

      Әлемдегі ең ұлы Ас (Аспан, Аспан елі, Асстар) сөзінің мағынасы Ад пен Аштың лақап аты.

      Демек, біз Надұлушаны Маңғыстаудағы Адайдың 70 мың жыл бойы мәңгі өлмей ұрпағы жалғасып келе жатқан екі баласы десек, толықтай шежіреге сәйкес келеді.

      Қукіші, Чу кші – Қу мен Шу кісілері (адамдары). Бүкіл әлемді ұлы мәдениетімен күні бүгінге дейін таңдандырып келе жатқан атышулы Шумерлер осылар. Бұлардың бәрі біздің аталарымыз. Шу өзенің атауы осы аталарымыздан қалды.

      Түрікті Тукюден шығарғанымыз дұрыс болмайды, оны керісінше Тукюді Түріктен шығарсақ дұрысы осы. Себебі, Түріктің сөз түбірі – Үр (үрлеу). Үрлеу мен сөз (дыбыс) адам аузынан қатар шығады. Тілі шықпаған, санасы жетіспеген сәбидің үрлеу дегеннің не екенін білмеуі тек қана осыны көрсетеді. Ұр, Ұран, Құран деген ұғымдардың шығу тегі де осы. Мына орыстың «Уралап» айқайлап ұран шақырып жүргендері біздің атамыздың аты.

     Ең алғашқы от жаққан пешті жылы үйді шығарған түрік екені рас. Себебі, ең алғаш от жаққандар Ад қауымы, ол Маңғыстаудағы Қаратаудың ең биік шыңы Отпан атауымен сақталған. От жағатын пешті ошақ, шай қайнататын қондырғыны мосы деп те атаған осылар. Пештің сөз түбірі еш (шеше), ошақ пен мосы түбірлері Ос пен Ош, бұл Қосай (Қошай)  атамыздың есімі. Шежіре дерегі бойынша Қосай Құдайке (Қу Адай әкеміздің) екі баласының кішісі.

      Күндерді өзге елдің жазбалары Хун, Хунну, Гун, Гунну, Ғұн, Ғұндар деп хаттаған.

      Қасқыр мен Бөрі Қазақ-Алшынның лақап аттары болып табылады.

      Һұд - Аллатағаланың Ад қауымына жіберген пайғамбары.  Ад қауымы кейін осы атамыздың есімімен Һұд қауымы аталған. Атамыздың тегін ежелгі жазбалар Қазіреті Һұд, яғни Һұд пайғамбар Қазақтың баласы деп хаттаған. Құранда да Ұд пайғамбардың тегі Ад қауымынан деп айқын көрсетілген. Бүгінгі біздің сөздік қорымыздағы бірі-бірімізге «Атың кім айналайын?» деп сұрап жүргендеріміздің сыры осы.

       Құранның әл-Әғраф сүресінің 65-аятында Аллатағала  Ұд Пайғамбарды Ад еліне, 73-аятында Салих Пайғамбарды Сәмуд еліне, 85-аятында Шұғайып Пайғамбарды Мәдиян (МАД) еліне,  Нух Пайғамбарды жалпыға бірдей жібергендігі баян етіледі.

       Құт – Қу және Ұд, яғни Қу (Құдайке) еліне жіберілген  Һұд пайғамбардың есімі болып табылады. Қазақтың сөз жасау жүйесін білетін жандарға бұл дауға жатпауға тиіс. Міне осыған сәйкес ер адамның аталық мүшесі де осылай аталды. Ер адамның тастан  жасалған аталық мүшесі Маңғыстаудың ежелгі қорымдарында  Шопан ата, Қаңға баба, Оғланды, Ескі Бейнеу, Уәли т.б. кездеседі.    Бұл атау кезінде тауларға да қойылып олар Құттау (Құтдағ) деп аталған.  Бұндай тау атаулары әлемнің көптеген елдерінде болған. Қазақтың киіз үйінің де, мешіттердегі күмбездердің де, қорымдардағы күмбезді тамдардың да бастауы осы. Қазір мұны айтуды да, ойлауды да жұрттың бәрі ұят көреді.  Алайда, аталарымыздың ол белгіні қорымдарға айшықтап салуына қарағанда олар мұны ұятқа санамаған. Айтпақшы, Маңғыстауда «тылақтың да», яғни аналық мүшенің де белгі-таңбалары бар. Олар Маңғыстаудағы көптеген қорымдарда аз-аздан, бірлі-екілі кездессе, Сейсем атадағы Адай таңбалардың басым көпшілігі тек қана осы таңбадан тұрады.   

      Ал, Адгу дегендегі Ад-қа келсек,  бұл ұғымның негізгі мағынасы құранда айтылатын Ад қауымы, одан кейінгі ұрпақ аузымен олар жайлы айтылатын Ада (Ата), Адам (Атам), Адай (Атай) дегенді білдіреді. Жалпы қазақтың ана тілі мен шежіресін жақсы білген жандарға қазақ тарихын қарапайым әріп, дыбыстардан да дөп басып оқу анау айтқандай қиындық туғызбайды. Мысалы, «А» дыбысы (таңбасы) барлық сөздің де (дүниенің де) бастауы (Алла, Ата, Ана, Аға). «Д» мен «Т» Адайдың тоғызыншы буыны Тобыш пен Тоғыз санының бас таңбасы. Толып, толысу деген мағына береді.

1.            Ад (Ат) – Ада (Ата), Адам (Атам), Адай (Атай), Адал, Адуын, Адас, Адыр, Адырна, Адақ, садақ, мадақ т.т. Бастауын «А» дыбысы мен Адам атадан алады.

2.            Әд (Әт) – Әди, Мәди, Мәдине, Мәдениет, Әділ, Әділдік,  Әдемі, Әдіс (айла), Әдейі (арнайы), Кәде, әтір, әткеншек т.т. Бастауын МАД (МӘД) – Манқыстаулық Ман Адай патшалығынан алады.

3.            Ед (Ет) – Еді, Еділ, жеді,  едім (барып), дедім,  еден, кеден, етік, етене, ету т.т. Сонда мына көрші орыс халқының Дед, Дедушкасы, Единица деп жүргендері біздің атамыздың аты болып шығады. Арғы тегін өздеріңіз көріп отырғандай Ад қауымынан, яғни Адам (Адай) атадан алады.

4.            Ид (Ит) – Иді (майыстырды), Иіді, итаршы, итарқа, итшілеп күн көру т.т.

5.            Од (От) пен Өд (Өт) – Қазақтың сөздік қорында ежелде Од пен Өд буындарынан басталатын сөз болмаған. Оның орнында От пен Өт деген ұғымдар бар. Аталарымыз Күн («О» деген таңба күнді бейнелейді) мен Отты қасиетті санап олардың есімін не болса соған қоспаған. Алғаш рет Од деген ұғымдарды айналымға қосқандар ебрейлер мен оның ізбасарлары (қолшоқпарлары десе де болады) орыстар. Олар Адам (Адай) атаның өз аталары екенін біле тұра барлық жазба деректерінде Одой, Уодой, Одоют деп хаттаған. Біздің аталарымыз оларға, сендерге «О» дан басқа сөз де (дыбыс та) жететін еді ғой, сендердің бұларың, яғни Атаны (Ата сөзді) сыйлай білмегендерің Одағай сөз болды деп, ерсі сөздерді Одағай сөз деп атапты. Аһ, үһ, әттең, әттеген-ай, тәйт, тек, малдарға байланысты құру-құру (жылқыға), шөк-шөк (түйеге), кә-кә (итке), а-у-у-у-у (қасқырға), шөре-шөре (ешкіге) т.т. осылай дүниеге келіпті. Ата сыйлай білмеген жан сөзді қайдан сыйласын олар есекке «Осел, Ослик» деп Қосай атамыздың атын қойғасын, олар сендер онда сол есектің баласысыңдар деп, есектің баласын аталарымыз Қодық, ал жабайы сиырды Қодас, тентектерді Содыр мен Қодар деп атапты. Одақ пен Бодан сөзінің шығу тегі де осы. Әлді әлсізбен, көп ел аз ел мен тең дәрежеде Одақ бола алмайды, Одаққа кірген ел сол одақтың күштісіне бодан болады. Бүкіл қазақтың Кеден одағына кіргенде, «Әттеген-ай» деп өкініш білдіргені осыдан болатын. Қазақтың ежелгі сөзінде Одақ деген ұғым болмаған. Бұл кейінгі жебрейлер бастаған елдердің Ата салтынан ауытқығаннан кейінгі өмір салтының жемісі. Біздің аталарымыз жаумен соғысқан да ғана одақтасқан. Демек, тәуелсіз елдерде одақ қысқа ғана мерзімге, қандай ма бір күрделі үлкен ауқымдағы мәселені шешу үшін жасалған. Бұған айғақ іздеп алысқа ат шаптырудың қажеті жоқ. ССРО одағына мүше боламыз деп, ұлттық болмысымыздан түгелге жуық айрылуға шақ қалғанымызды көріп отырған жоқпыз ба?

6.            Ұд (Ұт) – Ұдайы, Құда, Құдай, Құдағай, Құдалық, Құдандалы (Құда анда) (Шыңғыс ханның Жамұқамен үш рет анттасып Анда болатыны осы), ұтыс, ұтылу, ұтымды т.т.

7.            Үд (Үт) – Үдек, Үдету, Үдір, Үдере көшу, Үтір т.т.

8.            Ыд  – Ыдық, Ыдық су, Ыдырау, Қыдыру т.т.

9.            Ід  – Ідіріс пайғамбар, Кідіру т.т. Ыт пен Іт – бұл түбірлерден басталатын сөз кездеспейді, оның есесіне екінші буында кездесетін сөздер бар. Қыт-қыт, зытты, зыта жөнелу, шыт (мата), уыт (уыты күшті), бітір, тітіркену, діттеген жерге жету, киіт  т.т.

        Қазақтың сөздік қорында осы тоғыз түбірден басқа, «Д» дыбысы екінші болып тұратын сөз жоқ. Адам атадан басталған тоғызыншы буын аталарымыз Тоғызға жеткенде толып, толысады. Тоғыз санының толып, толысқанды білдіретіні осы. Тоғыз саны Тобыштардың лақап аты.   

        Енді осы аталарымыздың атын керісінше оңнан солға қарай оқысақ та сол тоғыз күйінде қалады:

1.            Да (Та) – дана, дала, дар, дақ, дау, таң, таз, тақ, тас, тау, тамыр, тақыр, Тараз, таразы  т.т.

2.            Дә (Тә) – дәрі, дәрмек, дәке, дәп, дәл, дәм, дән, дәу, тәж, Тәжен, Тәуке, Тәуекел т.т.

3.            Де (Те) – дем,  демек, дене,  делебе, дедім де, тер, тері, тез, теке, тесу, темір-терсек т.т.

4.            Ди (Ти) – Дияр, Динара, Димаш,  диірмен, дию, тиме, тию, тимеу, титтей т.т.

5.            До (То) – доң (айбат), дөң, доңыз, дом, доп, дос, дозақ, том, томар, тор, торы, торығу т.т.

6.            Дұ (Тұ) – дұға, дұрыс, Тұрар, тұмар, тұмса, тұқым, тұсау, тұрақ, тұлпар т.т.

7.            Дү (Тү) – дүкен, дүрмек, дүл-дүл, түр, түрік, Түмен,  түйе, түрен салу т.т.

8.            Ды (Ты) – дық (жүрегімде дық қалды), Дым болмаса, дым емес, тыз, тыз ету, тым болсаса, тыс, тысқары, тырма, тырна, тырнақ, тышқан т.т.

9.            Ді (Ті) – дін, дің, діңгек, ділмар,  діріл,  діттеген жері, тіл, тілек, тілерсек, тіз (тіз киім), тізе, тіс, тірі, тірлік, тіреу т.т.

      Осы тоғыздық жүйе Әз (Қазақ)  атамыздың есіміне де байланысты дәл осылай қолданылады:  Әз (Әс), Аз (Ас), Ез (Ес), Ұз (Ұс), Үз (Үс), Оз (Ос), Өз (Өс), Ыз (Ыс), Іс (Іш), бұл есімдерден де кері сөз жасалады: зә (сә), за (са), зе (се), зұ (сұ), зү (сү), зо (со), зө (сө), зы (сы), сі (ші).

      Қосай ата есіміне байланысты Ос (Ош), Ас (Аш), Үс (Үш), Ұс (Ұш), Әс (Әш), Ес (Еш), Өс (Өш), Іс (Іш), Ыс (Ыш); Керісінше со (шо), са (ша), сү (шү), сұ (шұ), сә (шә), се (ше), сө (шө), сі, ші болып қолданылады.

      Құд (Қу, Ұд, Құт) – Қу менен Ұд қауымдарының жалпы атауы.  Шежірелік атауы – Құдайке (Қу Адай әке). Адай атаның үлкен баласы, яғни тақ мұрагері.

      Ад – қауым, аталық текті білдірсе,  Ад-ам - Ата мен Анамыздың  елі дегенді білдіреді. Бүгінгі Адайлар (Ад ана – Ай ана) осы бүкіл әлем елдерінің түп атасы Адам ата мен Ауа ананың қарашаңырағы болып табылады. Олардың «Тіл таңбалы Адайлар» және Қас би (Каспий) деп аталатындарының да сыры осы.

        Х1Х ғасырда бүкіл Дешті Қыпшақ руларын хатқа тізген қазақтың тұңғыш ғалымы Мұхаммед Салық Бабажанов (1834-1893) Адай қауымының бұл екі тайпасының есімін Ад-гу, Ад-лу деп жазыпты. Ад-гу дегені – Ұлы Адтар (Құдайке), Ад-лу дегені – Ад ұлы (Келімберді). Мұхаммед Салық Ад-гудің нәсілі ноғайлы деп көрсеткен. Жалпы Адайлар тарихтың әр кезеңінде өздерінің арғы түбі  - Ад екенін ұмытпай, байырғы есімдерін қайтарып алып отырған.

        Адтықтар жөнінде Құран Кәрімде де жазылған және онда олар Һуд пайғамбардың қауымы деп көрсетіледі. Құранда мың жасаған Лұқман Хакім осы Адтардан шыққан делінеді (31 сүре). Адтар әулеті Иеменде де патшалық еткен. Бүкіл Азия құрылығындағы ең құрғақ жер Иеменде, Аден деп аталады. Осы жерде Аден деген қала мен Аде атты әуежай бар. Құранда Һудтың есімі 7 рет айтылады. Һуд-Нуһ пайғамбардың бір ұлы Самнан таралған. 

        Сам атауы біз үшін таңсық емес. Бейнеу ауданына қарасты үлкен көлемдегі құмды аймақ күні бүгінде де Сам құмы деп аталады. Сонымен қатар Адайда Сам деп аталатын ру да, адам аты да бар. Мысалы, Мұңалдың Шоғыдан тарайтын бір тармағы Сам деп аталса, Шоңайдың Даң атты ауылынан Сам есімді әруақты би шыққан. Сол атамыздан «Хан төрелігі бұзылса да, Сам төрелігі бұзылмас» деген мақал қалған. Маңғыстау атауындағы «Ман» сөзі топан судан аман қалған Нұқ пайғамбар қауымының атауы. Кәзіргі Қазақ (түрік), Иран, Алман (герман) халықтарының негізін қалаған арийшілер (арыстар) күн құдайын Сам деп атапты. «Самаладай жарқырап» деген сөз осыдан қалған. Біздің сөздік қорымызда оданда басқа «Сам жамырай» дейтінде тіркес бар. Мағынасы, күн ұясына отырып, яғни, көк жиектен жамырай қосылып деген мезгіл өлшемін білдіреді. Қашағанның жырындағы «Адай нұрдан жаралған» дейтінін, түп атамыздың тіпті әрі де екенін меңзегені деп түсінгеніміз дұрыс.

      Иемен елі Бұзаудың екі баласының (Айтумыс пен Жеменей) кішісі Жеменейдің елі. Қазақтың сөздік қорындағы «Й» мен «Ж» дыбыстарының ауысып қолданылатыны осыдан. Ал, аржағы екеуініңде түп атасы Ем - Емен деп аталады. Бүгінгі арабтар мен ебрейлер өз тектерін Семиттен таратады. Демек, олардың өздері де Бұзаудан тарағанын толықтай мойындайды. Шындықтың аты шындық, одан ешкім ешқайда қашып құтыла алмайды. Сөз түбірі жаңылыспайды.

       Ал «Гу» ге келсек, бұлда қазақтың өз сөзі. Мысалы, қатты дыбыс шығарып жел соқса, «гулеп» кетті ғой, немесе қатты айқайлап сөйлесіп отырса неге сонша «гуілдеп» отырсыңдар делінеді. Демек, «Гу» дыбысқа байланысты. Жаңа туған нәресте «Р»-ға тілі келіп сөйлерден бұрын гуілдеген дыбыс шығарып жатады. Демек, Ад қауымы адамзат даму жолының бастауында тұр деген сөз. 

      Құтадгу - Адай шежіресінде Құдайке есімімен хатталған, яғни жоғарыда көрсеткенімдей Ұлы Адтар дегенді білдіреді.  Құдайке – біріккен сөз, Қу Адай Әке деген мағына береді. Бұл қауым Қосай ата ұрпағы Нұқ пайғамбар заманында Топан суға қарық болған. Мұхаммед Салық Бабажанов атамыздың  Ад-гу дегеніміз – Ұлы Адтар (Құдайке),  Ад-гудің нәсілі ноғайлы (Ной Аға елі) деп көрсетуінің сыры осы. Ной (Ноев копшег), Ноғайлар Нұқ пайғамбар қауымының балама атауы.

       Жүсіп атамыздың  ...«Шығыс елі, күллі түркі ішінде,

                                       Дүниеде – кітап жоқ бұл пішінде» деп жырлайтынының сыры осы. Шынында да, Нұқ пайғамбар заманындағы топан суға кеткен Құд қауымы жайлы жазылған бұл бірден-бір жалғыз еңбек. Қазақтың сөздік қорындағы Құдай деген ұғымымыздың шығу тегі осы. Құд-ай, яғни Құд ата – Ай ана. Алғашқы аталарымыз өздерінен алдыңғы аталарын Құдай деп таныған.

       Білік – біріккен сөз. Сөз түбірі Іл (Іле), ары қарай Біл, Ілік, Білік болып шығады.  Білік ұғымы санаға байланысты. Ақылың мен білімің зор болса, біліктісің, кем болса білімсіз, надансың. Біліктің түбірі Ілік септігінің атауы. Кімнің? Ненің? деген сұрақтарға жауап береді.

       «Ілік септігі. Бұл септіктегі сөздер кімнің? Ненің? Қай? Қандай? деген сұрақтарға жауап береді: Жолдасымның (кімнің) бөлмесінде гу-гу әңгіме жүріп жатыр. Үйдің (ненің) терезесінен күн сәулесі түсіп тұр.

        Ілік септігінің жалғаулары: -ның/-нің, -дың/-дің, -тың/-тің. Бұл жалғаулар буын үндестігі мен дыбыс үндестігі заңдылықтарын сақтап жалғанады: бұтақ+тың, күрек+тің, базар+дың, көз+дің, дана+ның, бейне+нің т.с.с.

       Ілік септігінің жалғауы кейде түсіріліп, демек, жасырын түрде де қолданылады: ұжымның мүшесі – ұжым мүшесі, қаланың көшесі – қала көшесі, институттың кітапханасы – институт кітапханасы т.с.с.  Тегінде, арнайы ой екпіні түспеген жағдайда ілік септігінің жалғауы жасырын болғаны жөн.

       Жер-су аттары, әкімшілік атаулары жасырын ілік септігінде тұрады: Торғай облысы, Қаскелең қаласы, Әл-Фараби даңғылы, Арал көлі, Маңғыстау түбегі т.с.с.

       Ілік септігіндегі сөз негізінен, сөйлем мүшесінен анықтауыш болады» («Қазақ тілі» оқулығынан).

       Демек, «Құтадғу білік» -  Құтадгудің білігі, яғни Ұлы Адтардың білімі жасырын ілік септігіне жатады. Басқаша жорамал, болжамдардың бәрі түп-тамырымен қате. Қазақтың сөз түбірі (өз түбі) мен сөз жасау жүйесі ешқашан қателеспейді. Сол үшінде қазақ қағандарының таңбасы «Тіл» болып, өздері Қас би (Каспий) атанған.

        ...«Білік берді – адам бүгін жетілді.

        ...Ақылды – ұлы, біл, білімді – білікті.

        ...Білім кімде сол білікті болады.

        ...Білім білсең, бәле жүрмес іргеден.

        Білімсіздер бар кеселді көреді,

        Емдемесе, тектен-текке өледі» (Жүсіп Баласағұн)

        ...«Ақыры қаған шыдамады, білем, сұрағына көшті. Даусына қарағанда, уәзіріне риза емес секілді.

        - Мына кітабыңда жазған Іле деген кім өзі.

        - Ертеректе, біздің жерімізде, біздің елімізде сондай бір кісі болған. Жұрт оны Іле атаған. Өзі сопы, өзі бек, халық арасында турашылдығы және әділдігімен мәлім болған кісі екен. Ол айтқан мынадай сөз бар: «Маңызды іспен шұғылданушы адам бек атануы керек. Ал егер де сол бек парасатты болса, жұрт оның ісіне алғыс білдіреді, ешкім алдын кесіп кедергі келтірмейді. Адам даңққа, құрметке тек өзінің ісі арқылы ғана қол жеткізеді».

       Іле өте ертеде өмір сүрген. Бізден алыс емес жерде Іле деген жайлау бар. Жетісудағы үлкен бір өзен де Іле деп аталады.

      - Імм, демек, ол кісінің артында нағыз ұлы рух қалған екен ғой, - деді қаған ойлана (О.Жанайдаров. Жүсіп Баласағұн» кітабынан. Алматы, «Аруна», 2008). Міне нағыз ер-азаматтың сөзі мен ісінің бір жерден шығуға тиіс деген ұғымның бастау алатын жері. Тіл мен білімнің сөз түбірлерінің «Іл» болатыны осыдан.

      Білік сөзінің тағы бір негізгі мағынасы бар. Ол кез-келген дүниенің өзегі (орысшасы Ос) деген сөз. Бұл Ұлы Адтардың білімі сол өзекпен бізге келіп жалғасты деген сөз. Мысалы, оны бүгінгі күннің түсінігінде жер өз осінде айналады, немесе машина моторының ішіндегі поршендерді қозғап тұратын өзекті «иінді білік» деген атауынан да көруге болады. Батыс елдерінің ғарышты Космос (Кос мост), яғни Қосай көпір деп жүргендерінің де сыры осы. Еске ұста! Ақыл-есі дұрыс, саналы қазақ баласы үшін сөз түбірі ешқашан жаңылысқан емес.

    -     Балықшы Жүсіп атамыздың тегінің Қазақ – Адай екендігін мына жолдардан да анық аңғаруға болады. Себебі, Сөздің мәні мен мағынасын және оның шығу тарихын Адам атаның қарашаңырағының иелері Қаз Адайлардан артық ешкім білмейді. Олар бүкіл әлем елдерімен  Қас би деп мойындалған. Қазақтың Қап тауы (Кавказ) мен Манқыстау түбегінің ортасындағы теңіздің Каспий деп аталуының сыры осы.

          «Кісі көркі – жүз, жүздің көркі – көз,

          Ауыз көркі – тіл, тілдің  көркі – сөз» (Ж.Баласағұн). Бұл жазу 1909 жылы Сарайшық қаласының орнында қазба жұмыстарын жүргізу кезінде қыш құмырадан да табылған.

         Қара жерге жасыл көктен келді сөз,

         Сөзбен адам ұлы болды, енді сез!

         ...Көп сөйлеме, аз айт бір-ер түйірін,

         Бір сөзбен шеш түмән сөздің түйінін.

         (Көрген емен көбік сөзбен оңғанды,

         Тобықтай түй тоқсан ауыз толғамды!)

         Сөз кісіні ұлы қылар, бек қылар,

          Көп сөз басты қара жерге кеп тығар.

          Көп сөйлесең, "Езбесің" - деп жек көрер,

          Сөйлемесең, "Мылқау" - екен, деп сөгер!

          Бұлай болса, тең ортасы - керегің,

          Тілге ұстамды болсаң, өсер беделің!

          Тіліңді бақ, басың аман болады,

           Сөзді қысқа айт, жасың ұзақ болады.

           (Тілді күтіп, бақсаң - аман басың да,

           Сөзді қысқа қылсаң - ұзын жасың да!)

           Зияны көп, пайдасы мол - ақталар,

           Сондықтан тіл мақталар да, датталар!

           Біліп сөйлеп, сөзіңде сөл, өң болсын,

           Сөзің түпсіз қараңғыға, көз болсын!

           (Тауып сөйле сөзің оңды, жөн болсын,

           Сөзің, басыр адамдарға көз болсын!)

           Біліксіздер өзі нағыз басырдың,

           Білім үйрен, надан, көзің ашылсын!

           (Біліксіздер - надан, көзін байлаған,

           Білімдіден өнеге ал, ей надан!)

           Туған өлер, көрсең қалар белгісіз,

           Сөзіңді ізгі сөйле, өлсең де өлгісіз!

           Қос нәрсені шалмас қарттық құрығы:

           Бірі - ізгі сөз, бірі ізгі құлығы!

           Туған адам өліп сөзі қалады,

           Өзі кетіп, ізгі аты қалады!

           Тіршілікте келсе өзіңнің өлмегің –

           Сөз, құлқыңды жақсарт, оңда, ей, бегім?!

           Тілді сөктім, һәм мадақтап демедім,

           Мұным - сөздің сырын ұқсын дегенім.

         ...Сөзді ұлыма арнадым мен, ер-батыр,

         Ұлым, тыңда, менде алтын-кен жатыр.

         Саған арнап сөз сөйледім, ей, ұлым,

         Өсиетімді қабыл алғын құлыным!

         Күміс, алтын қалса менен сендерге,

         Оларды сен бұл сөзіме теңгерме!

         Күмісті іске тұтсаң - бітіп қалады,

         Сөзімді іске тұтсаң - күміс табады.

         Қалар мұра - сөз, кісіден кісіге,

         Сөзді мұра тұтсаң, пайда ісіңе,

         (Кісілерге мирас ата сөзі ғой,           

         Ата сөзі - ұқсаң - құттың көзі ғой).

 

    -  Еңбек авторы Жүсіп Баласағұн. Таза қазақи есім. Ішінде өзге тілдің, өзге елдің бірде-бір буын, дыбысы жоқ. Жүсіп есіміне ешқандай комментарий қажет емес. Бұл есімді баласына екі қазақтың бірі қояды. Демек, атамыздың тегін осы бір ауыз есімге бола-ақ, таза қазақ деп батыл тұжырым жасай аламыз. Алайда, қазіргі қазақты, бүкіл ғалымдарымызбен қоса шатыстырып жүрген Жүсіп атамыздың есімінен кейін аталып тұрған Баласағұни.

        Біздің қазақ ғалымдары Баласағұнды қаланың аты, сондықтан Жүсіптің ата-тегі орнында аталып тұр, бұл Жүсіп осы қаланың тұрғыны дегенді білдіреді деп тұжырымдайды. Бұл тұжырым түп-тамырымен қате. Себебі, қала атауының өзі сол ежелгі ұлы аталарымыздың есімі. Бүткіл жер бетіндегі ұғымдар мен атаулардың барлығы сол ежелгі ұғымдарды дүниеге әкелген аталарымыздың аты. Бұны біз бұл күнде «авторлық құқық» деп атап жүрміз. Бұл тұжырым дауға жатпайды. Бұған дауласқан жанды, әлі мектепке де бармаған, балабақшадан белі шыға алмай жүрген сәбиге теңесек, дұрысы сол болар.

         Менің бұл тұжырымымның айдай айғағын ұрпағына «Диуани Хикмет» атты әйгілі еңбегін қалдырған Қожа Ахмет Иассауиден де айқын көреміз:

         «Қожа Ахмет Яссауи (? – 1166 ж.) қазақ халқының байырғы мәдениетінің тарихында айрықша орыны бар ұлы ақын. Өз аты Ахмет, есімінің алдындағы «қожа» мұсылман дінін таратып, уағыздаушылық қызметіне орай берілген атау, ал соңындағы «Яссауи» ақынның қай жерден шыққандығын көрсетеді. Бірақ нақтылық үшін айтсақ, Йасы қаласы оның туған жері емес, жастайынан жетім қалып, ағайын туыстарының қолына келіп, бала кезінен өскен жері. Ақынның туған жері қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданы. Әкесі Ибрахим мұсылманша сауаты бар, сөз қадірін білетін білікті адам болған. Шешесінің аты Қарашаш» (Жүсіп Баласағұн – Ақселеу Сейдімбеков Елтұтқа. Газеттен).

         Түсініктеме: Ахмет атамыздың есімінің алдында тұрған Қожа деген сөз, Қожа Ахметтің атасы, яғни оның руы деген сөз. Ал Иасауи дегеніміз де бұл да арғы аталарының аты. Оны біз есім соңына жалғанған «И» дыбысынан, яғни оның баласы, ұрпағы деген сөзден айқын көре аламыз. Ол заманда қазіргі «ов», «ова», «ич»-тердің орнына «Й» дыбысы қолдаланылған (Фердауси, Иасауи, Жүгінеки, Низами, Тарази, Адайи,  Мами т.т.)

        Иассауи – біріккен сөз. Иа (Иафес, сонымен қатар қазақтың ұлы қағаны әйгілі Шыңғысхан шыққан Қиян (Қият) руының сөз түбірі), Ас (Аз, Қазақтың лақап аты), Ау (Ауа анамыздың сөз түбірі), ең соңындағы «И» дыбысы жоғарыда айтқанымдай Қожа Ахмет - Иафес Қазақ пен Ауа анамыздың ұрпағы дегенді білдіреді. Өздеріңіз көріп отырғандай Иасауи,  Қожа Ахметтің туған жерін емес, оның тегін көрсетіп тұр. 

         Баласағұни – Ал, Бал, Бала, Ақ, Сақ, Үн, Ғұн деген есімдерден және «И» деген дыбыстан тұрады. Сөз түбірі Ал, Бал, Бала, яғни Адай атаның бесінші немересі Балықшы (Шыбынтай) атамыздың аты. Қазақтың «алты Алашы» осы атамыздан басталады. Ал, Сақ  пен Күнге (Гун, Хун, Хунну) комментарий қажет болмас. Бұлар мектеп оқушыларына да белгілі. Бүткіл жер бетіндегі «Ал», «Бал» деген түбір сөзден жасалған атаулардың барлығы Балықшы атамыздан қалған. Мысалы, бұған Алаш, Алты алаш,  Бал (араның балы), Бала, Балық, Баласағұн қаласы, Балқаш көлі, Балтық теңізі, Балқан елдері мен таулары т.т. жатады. Ерте де аталарымыз қаланы Балық деп атаған. Екеуінің де «ал», «ала» деген бір түбірден болатыны осы. Шежіре дерегі бойынша Балықшылардың лақап аты Шыбынтай делінеді. Аттары әлемге әйгілі Еділ мен Жайық арасында төрт мың жыл салтанат құрған Қыпшақтардың шыққан тектері осы. Бұл жерде адам баласы қандай көп болса, суда  балық және жер бетінде шыбын сондай көп деген сөз. Қазақтың сөз жасау жүйесінде барлық ұғымдар бір-бірімен балама түрде қатар-қатар (параллел) болып аталып отырады. Ал, сөз түбірі әрқашанда түп Атамыздың есімін, яғни бүгінгіше айтқанда «авторды» атап көрсетеді. Шыбынтай мен Қыпшақтың түбірлес (ыб, ып) болатыны осы. Еске ұста! Сөз түбірі жаңылыспайды.

        Демек, Баласағұнидің толық мағынасы Балықшы Сақ Күн деп, Жүсіп Баласағұн-и дегенімізде «Й» дыбысы Жүсіп Балықшы Сақ Күн атамыздың баласы, ұрпағы дегенді білдіріп, бүгінгі «Ов» пен «Ич»-тердің орнында тұр. Демек, Жүсіп атамыз бүгінгі тілмен айтқанда Қарахандар империясының қағандары шыққан Мұңалдардың ағасы Балықшы атамыздың ұрпағы.  Екеуі де Адайдың екінші баласы Келімбердіден тарайды, яғни Адай атамыздың немерелері болып табылады.

      Тарих тағлымы: Бүкіл жер шарының түпкір-түпкіріндегі ай далада, әсіріесе ең көбі қазақ даласында қаптап салынған Бал-бал тастар солардан қалған жәдігерлер. Бұған күмән келтіретін қазақ баласы шығып жатса, онда олардың өзін қазақ деп атауларына құқығы болмайды.

        Ол кезеңде Қарахан қағанаты Күндер елі деп те аталған.  Бүкіл әлем тарихы ауыздарынан тастамайтын Ғұн, Ғунну, Хун, Хунну деп жүргендері осылар. Қаған есімінің Күнтуды Елік (сөз түбірі Күн мен Ел)  деп, оны Ғаділеттің атасы деп аталатынының да сыры осы. Күннің сөз түбірі Үн, яғни аузыңнан шығатын дыбыс (сөз). Сөз өзінен өзі шықпайды. Ауыздың түбінде сол сөзді шығаратын тіл бар. Барлық Қазақ қағанаттары таңбаларының «Тіл» болатыны осы. Қазақ қағандарының барлығы адам Атаның қарашаңырағы Адайдан шыққан. Сондықтан да олар күні бүгінде де «Тіл таңбалы Адайлар» деп аталады. Шындықтың аты шындық. Бұлардың бәрі болып өткен дүниелер. Одан ешкім ешқайда қашып құтыла алмайды. Ғаділеттің түбірінен Ад деген түбірді алып тастау ешкімнің қолынан келмейді. Міне біздің аталарымыз тарихты осылай жазған.

        Олар Сақ деп те аталған. Жырда мынадай жолдар бар:

        «Көз құлағын тікті Елік күллі елге,

        Оған барша қақпа ашылды бір демде!

        Парықсызды өз қолымен жазалап,

        Ессіздерді қуды елінен қаралап.

        Басқарды Сақ. Сүйінді елі, әулеті,

        Марқайды өзі. Артты күнде дәулеті.

        Барлық жерде ерге сақтық керек бек,

        Бектік іске керек сақтық ерекше!»  Сақтар мен Күндер қазақтың лақап аттары, және олардың бәрі біздің тікелей аталарымыз. Бүгінгі қазақ солардың қарашаңырағы. Бұл дауға жатпауға тиіс. Баласағұн сөзінің мағынасы осы. Сақтың сөз түбірі (өз түбі) Ақ, Адай шежіресіндегі атауы Ақпан, яғни Ақ Ман. Адайдың бесінші буын ұрпағы.

 

       Жырдың өн-бойында атам қазақтың бұдан да  басқа «тер иісі» аңқып тұр. Мысалы:

       «Ашуда сақ, сабырлы бол сасқанда.

       Дайындала жүр, өлімді де ұмытпай,

       ...Тегіңді біл, өзіңді де ұмытпай. (Атам қазақтың «Тегін білмеген тексізі» осы емес пе?)

       Садақа қыл өзің тауар, барыңды,

       Сүйіндіріп еліңді, ұлық қауымды. (Садақаны күні бүгінде де беріп жүрген жоқпыз ба?)

       ...Жомарт сақи болып, тұз-дәм татырған,

       Кісі айыбын ашпа, сөкпе, жасырған! (Сақи сірә Сақ, ал Жомарт Жеменейдің баласы)

       ...Ата «Ұл-қыз! – деп, жанын бағып жата алмас,

       Атасының атын ұл-қыз атамас)» (Қазақ баласы атасы мен әкесінің атын атамайды).

       ...Ел аузында қаңқу сөзден кетейін.

       Не дегенін тыңда Үш Орда бегінің, (Үш орда, қазақтың үш жүзі емес пе? Қазақтан басқа ел Орда деп аталмайды).

       ...Өгдүлміш Одғұрмышқа асқа (қонаққа) бармақ салт-дәстүрлерін айтады:

       Айтты Өгдүлміш, жауап беріп: Ағайын,

       Бұл да аса керекті, айтып бағайын.    

              Түрлі-түрлі шақырудың жөні де,

              Түрлі-түрлі қонақасы, төрі де...

       (Шақыратын адамдар да сан алуан,

       Ұсынар ас-тағамдар да алуан).

              Соның бірі: неке тойы оңды аса,

              Сүндет асы, шілдехана, болмаса...       

       Шақырар не тең-түс, құрбы-құрдасың,

       Үлкен-кіші, туыс-бауыр сырласың.

              Иә, қазанның азасына шақырар,

              Ұлға ат қойып, біреу азан шақырар.

        Бұл ас-судың қайсыбірі болмасын,

        Әуелі, аңдап шеш барарың-бармасың!?

             Ағайын, дос, туыс-бауыр шақырса,

             Ләзім барып, көріп мауқың басылса» (Өздеріңіз көріп отырғандай қонақасы, сүндет, шілдехана, азан шақырып, ұлға ат қою тек қана қазақ халқының ата-салты емес пе?).

        ...("Түсі игіден түңілме!" дер халайық,

       Сол халықтың тілегіне жарайық!)

       Нұрлы кімнің сырт бітімі, түсі де,

       Сондай нұрлы болар сұлу іші де! ("Түсі игіден түңілмеу!" тек қана қазаққа тән нақыл емес пе?)

       ...(Ақтық сөзім ұшқан тілдің ұшынан,

       Тұмардай көр, ұрпағыма ұсынам.)

       ...Жебедей ем, иілдім садақтайын,

       Көңілім шұрқ-шұрқ, оқ жырған табақтайы (Садақ пен Жебе Қаз Адайдың таңбасы).

       ... «Сөз бұрындық дерлік таққан түйеге,

       Түйе ере берер бұйда, иеге.

       ...Жырда Уәзір деген лауазым көп қолданылады. Уа, Әз, Ір, Әзір деген біріккен сөздерден тұрады. Сөз түбірі Әз әулие, яғни бүгінгі күнге Қазақ деген атпен жеткен ұлы елдің түп атасының есімі. Қалғандары да күні бүгінде де қолданыста жүрген сөздер. Мысалы: Уа, Халайық! Уа, Батыр! Уа, жұртым! Уа, Қас би (Уа қасби) т.т. «Уа» сөзі хан мен қағандарға қаратып айтылмайды.  Ір - ірі, бір, бірінші, яғни алғы, алдыңғы, алғашқы деген мағына береді. Әзір –  әзір болды (дайын болды),  әзір (қазір) – уақыт өлшемі, қазіргі уақыт. Демек, Қазақ дегеніміз ең түпкірдегі Әз атамыздан бастап бүгінгі күнге жеткен мәңгі өлмейтін ел деген сөз. Бұл сөздің басқаша түсініктемесі жоқ.  Қазақтың ежелгі хандары мен қағандарының 40 уәзірі болған. Олардың бәрі қырдан төмен қарай бір арнамен аққан су сияқты Күн қағанының, ұлы Аталарынан қалған  ізін жалғаған.     

       ...Шын-Машын ғалымдары мен хакімдерінің бәрі бір ауыздан мынадай бір келісімге келді, Мәшрық (Шығыс М.Қ.) уәлаятында күллі Түркістан елдерінде (түрік халықтары жасаған жерлер де) Бұғрахан (Бурахан М.Қ.) тілінде түркі сөзімен бұл кітаптан жақсырақ кітапты ешкім ешқашан жазған емес;

      ...Жалпы қазақтың сөз жасау жүйесін білетін жанға жыр қаһармандарының да, автордың да тектерінің таза қазақ екендіктерін кәміл мойындататын қазақтан басқа елде жоқ көптеген сөздер бар. Солардың бірі Елік. Жырда Елік Қағанның есімі ретінде беріледі. Елік қазақта өте сұлу, өте нәзік дала аңының атауы ретінде де қолданылады. «Білер жетік бұл істі Елік өзі де: Атасы бек еді, енді – өзі бек!». Бек – Бекарыс, Кіші Жүз Алшынның балама атауы. Маңғыстауда Бекі деген жер мен елді мекен, Қазақтың Қап тауындағы Осетияда Казбек деген тау атауы, Бекман, Бексұлтан, Бектемір т.т. адам аттары қазақта күні бүінде де бар.  

        Өгдүлміш – сөз түбірі Өг (Өк), яғни Көк Аспан елінің ұрпағы, баласы деген сөз. Ол жырда да осы мағынада, яғни Уәзірдің ақылды баласы ретінде көрсетілген. Бұны түсіну үшін тағы да ешқашан жаңылысып көрмеген сөз түбіріне жүгінеміз. Өздеріңіз көріп отырғандай Көктің (Көк аспан, Көктем, Көк шөп т.т.) түбірі Өк, Уәзірдің сөз түбірі Әз. Толық мағынасы, Әз әулие (Қазақ) атамыздың ақылды ұрпағы деген сөз.

       Одғұрмыш – Сөз түбірі Од (От), Адтардың лақап аты. Алғашқы от жаққан, яғни Оттың «авторы»  осылар. Отан деген ұғымымыздың да тегі осы. От және Ан деген екі сөзден қосылып жасалған біріккен сөз.  От (Ад) ата, Ан ана. Адам атамыз Ауа анамызға үйленіп, От-ау тігіп,  ең алғашқы отаны (операцияны) ең бірінші неке түні Ауа анамызға жасаған болатын. Әрбір атау сөздің түбірінде (өз түбінде, яғни сөздің атасында) авторлық құқық сақталатынын бағамдасақ, ең бірінші 

 Ота (операция) жасағандар осы аталарымыз болып шығады.  Одғұрмыш дастанда молшылықтың символы ретінде суреттелген. Қазақтың «Бас екеу болмай, мал екеу болмайдысының» сыры осы. Демек, молшылықта өмір сүруің үшін, басың екеу болуы, яғни үйленуің шарт. Дастанда молшылық Одғұрмыш деп аталып, Уәзірдің (Қазақтың) інісі аталған. Жырда емшілерді «Оташы» деп атайды. «Кісі ауырса берер дәрі-дәрмегін, Оташыны, кім емдейді, әл беріп?!».

       Демек, қазақтың «Отан отбасынан басталады» дейтіндерінің сыры осы. Отан – От басы (От иесі) мен От анасынан және олардың ұрпақтарынан құралады. Отан атауы Қазақтың Ата салтының мағынасын айшықтап көрсете алмайды. Себебі, бұл ұғымда сенің отбасың қайда жүрсе, отаның сол жер болады. Бұл қазіргі «келімсектердің» болмысына толықтай сәйкес келеді.

      Ал, Ғұрмышқа келсек, Қу, Ұр және Мыш деген біріккен сөздерден тұрады. Қу – Құдайке, Ұр (Ұран, Тұран, Түрік), Мыштың мағынасы Мыс (темір). Осы айтылғандардың Маңғыстаудағы топономикалық айғақтамасы Тұр, Тұран, Белтұран (нағыз Тұран, нағыз Тұр Ман), Ақмыш, Жармыш болып табылады. 

 

       Қазақтың ата салтының мағынасын ашып көрсететін ұғым «Ата мекен».  Қазақтың ежелгі қағидасы бойынша, осы сөз тіркесін сөйлетер болсақ:

       Ата (Адам ата, Ман ата) – бүкіл әлем елдері ең алғашқы Адамды осылай атайды. Бұл күнде Ман атамыздың атын Манқыстау (Мандардың қыстауы) ұстап отырса, Адам атаның атын Адай ұстап отыр.

       Мекен  (М-еке-н) – бұл сөздің толық мағынасы  «Ман (Мен) әке».  Бұл сөз қазақтың жасырын Ілік септігінің қағидаларына сәйкес жасалған. Толық мағынасы Атам, Әкем және менің туған жерім, яғни ата мекенім.  Бұндай ұғым жер бетіндегі еш бір елдің  сөздік қорында жоқ. Себебі, бұл әлем елдерінің барлығы Адам ата мен Ауа анадан және оның баласы Әз әкеден тарады деген сөз. Бұл ұғымның мағынасы бүгінгі қазақтар сол ең түптегі Ата мекендерінде отыр деген сөз.

       Айтолды, бұл Адай шежіресінде Бұзаудың үлкен ұлы Айтумыс (Айтумыш) есімімен хатталған. Жыр кейіпкерлері есімдерінің Одғұрмыш, Өгділмүш, Көсәміш деп аталатынының және қазақтың аңыз-ертегілерінде жиі кездесетін, «баяғы да сондай бір адам болыпты мыс» деген сөз тіркестерінің  сыры осы. Айтумыс жеті санының авторы Жеменейдің туған ағасы, яғни Бұзаудың екі баласының үлкені. Міне қазақтың киелі саны «Жетінің», яғни жеті аталық жүйенің, немесе «Й» дыбысының «Ж»-ға айналу сыры осы. Артыңа ұрпақ қалдырып, екі орта да үзіліп қалмай, жеті атаға жетсең,  бақыттысың, жетпесең жетімсің. Ұлы аталарымыздан қалған қағида да бақыт деген ұғымымыздың толық мағынасы осы. Еске ұстайық? Қазақтың сөз жасау жүйесінде бірде-бір дыбыс (әріп), бірде-бір тыныс белгісі бостан-босқа қойылмайды.

        Осы дастанды біздің «ғалымдар» көздерін тырналап ашқалы бері зерттеп-зерделеумен келеді. Алай да, бүгінгі тілмен айтқанда осыншама сәйкестікті, бабалар тілі мен айтқанда осыншама  қазақтың салт-дәстүрін, яғни  Ата салтымызды көре тұрып ешқайсысы Жүсіп атамыздың тегі қазақ деп айтуға да, жазуға да білімдері де, батылдықтары да жетпей келеді. Себебі, біздің бүгінгі «ғылымымыздың» деңгейі, ежелгі қазақ мәдениеті деңгейімен салыстырғанда әлі «балаң» күйде қалып отыр. Отарлаушы Ресейдің билігі мен осы жолды айна қатесіз жалғастырған бүгінгі орыс тілді билік Қазақтың тарихын қаншалықты бұрмалап жазсаң, сен соншалықты «білімді-ғалымсың», өтірікті жалғастырғаның  үшін сен барлық сый-құрметке, яғни  атақ, даңқ, лауазым, ақша, орден мен медалдарға  иесің. Оларды, біздің атамыз дегендердің бәрінің жолы жабық. Бәрі сені жиналып, күлкі-келемеж етеді. Еске ұстайық! Әр азамат, өз санасының, яғни ақылы мен білімінің жеткен жерінің «қонағы» болмақ. Сіздердің ауылдарыңның қонған жері сол болса, оған қазір не амал бар. Бірақ, шындықтың аты шындық. Ол ешқашан өзгермейді. 

         Сөз реті келгесін ол шындыққа қалай жетуге болатынын да айта кетейін. Сіздердің (мемлекеттің) қазіргі жазып жүрген тарихтарың, бейнелеп айтқанда менің өмірбаянымды, өзіме емес, өзгеге жаздырғаның сияқты болып тұр.  Тарих жазғанда, тарихтың өзегіне орыстың, қытайдың, парсының, арабтың т.б. айтқандарын емес, қазақтың бір ауыз сөзін, оның сөз түбірін және өзіміздің шежіре-дастандарымызды қоюларыңыз керек. Қалғандарын, сол өзекке қосымша материал ретінде пайдаланыңыздар.

 

     - Ал, Қарахан қағанаты мен Қарахандар әулетіне келсек, олардың бәрі Мұңалдан тарайды. Бұлар бүкіл әлемге әділ билігін жүргізген Шыңғысханның арғы аталары. Бәрі де Оғыз ханнан тарайды. Бұл Шыңғысханның тікелей ұрпағы Әбілғазы Бахадүр хан қалдырған «Түрік шежіресінде» айқын көрсетілген. Ешбір жанның бұған күмән келтіруге құқы жоқ. Бұлардың бәрі қазақ қағанаты болып табылады. Айырмасы, ел (мемлекет) атауы билік басындағы Қағанның ру-тегіне байланысты өзгеріп отырады.

         Жалпы қаған деген лауазымды иемденгендердің барлығы осы әулеттен, яғни Адам атаның қарашаңырағынан. Өзгелердің бұған құқы болмаған. Бұл кезінде Ата салтын ұстанған барлық елдердің айнымас заңы болған.

         Қазақ қағандарының билігі өте әділ және олардың билігі бүкіл жер шары елдеріне тараған. Мұны Жүсіп атамыз былайша суреттеген:

        «Бегім ұлы қаған болды, нұрландым  -

        Қабыл қылса, бердім жаным – құрбандық!»

        ...Әлем тынды, қаған таққа отырды,

        Дүние түгел куә болып қосылды.

        Шартараптан келді көктің құстары,

        Үнді, Румнен, елдерден бек тысқары.

        (Келді аспаннан күллі ғалам құстары,

        Бірі – хинди райы, бірі – қайсары.)

        ...Сияпат жасар бірі келіп Шығыстан,

        Батыстан бірі қызмет етуге тырысқан.

        Тұрды осындай қызметке жер беті.

        ...Қаған даңқы жетті әлемге кез келген.

        Ұйқы қашты көре алмаған көздерден!

        Заң түзелді, жаһан тыншып жайланды,

        Әділ заңмен аты аңызға айналды». Тарихқа шегініс жасап, өткен тарихқа үңілсек, Қазақ қағандарының заңдары өте әділ болған. Олар жер шары елдерінің бірде-бірінің тіліне, дініне, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарына тиіспеген. Қазақ қағандарының бәрі жер бетінде тек қана әділетті қоғам орнатуды мақсат тұтқан. Сондықтан, бұндай құрмет Қазақ қағандарының бәріне де көрсетілген. Қаған, яғни «жер бетіндегі барлық хандардың ағасы» деген лауазым қазақтан басқа елде болмаған. Қаз-ақ (Қаз аға) барлық елдердің ағасы болса, Қ-аға-н барлық хандардың ағасы болған. Мұны түсініу үшін қазақтың сөз жасау жүйесін жақсы білуіміз шарт. Мысалы, Аға деген ұғымның сөз түбірі Ағ (Ақ). Біз қазақтың ұлы жүзін Ақ арыс дегенімізде, оның түпкі мәні Аға Арыс, яғни олар басқа арыстардың бәрінің ағасы деген сөз. Еске ұстайық! Сөз түбірі (өз түбі) ешқашан жаңылыспайды. Ал, Қағанға келсек, түп атауды (атаны) сөздің түбіріне «жасырып» беру, тек қана бұл емес. Қазақта Садақ (С-ада-қ) – Ада Сақтардың атасы, Санақ (С-ана-қ) – Сақтардың анасы, Сенек (С-ене-к) – Сақтардың енесі, Сабақ (С-аба-қ) – Сақтардың апасы деген сияқты ұғымдар бар. Маңғыстаудағы Қазақ мүйісінде Ада деген бірнеше арал мен Сенек деген жер атауы күні бүгінде де бар.

 

    -  Осы еңбекті зерттеу мақсатында қаншама кітап оқысам да, еш жерден «Құтадгу білікті» қазақтікі деген тарихшы кездестірмеп едім. Құдайға шүкір! Жалғыз емес екенмін. Жақында қолыма Әнес Сарай ағамыздың мына еңбегі түсті. Үзінді: «Міне, осы тұрғыдан бүгінгі қазақ этносының арғы тегі – ерте орта ғасырлардағы түркі тайпаларының алғашқы өркениет үрдісінің бастауында тұрғандығы туралы бұрын ешкім ауыз ашпайтын. Тіпті, Альбер Камю, Жан-Поль Сартр сынды еуропа әспеттік көзқарастағы «ойшылдар» адамзат қауымының сәби саналы шағында алысты жақындатып, жақынды табыстырған ерекше динамикаға ие қауым – көшпелілер әлеміне, күллі түркі нәсіліне төбеден қарап, өздері тұрпаттаған өркениеттер өресінен орын таппай сандалады. Басқасын былай қойғанда, күні кешеге дейін малданып келген оқулықтарымыз бен анықтамалық әдебиетіміз қазақ халқын малдың тісіне еріп, сахараның бір түкпірінде стихиялық түрде бас қосқан тобыр кейпінде мүштитіп қойды. Еуропа «ұйқыдағы ару» қалпында жатқанда, ібір-сібір тұрғындары әлі шалбар кимеген шақта түркі жұрты, ілкі қазақ тайпалары мегалиттік туындыларын бәдіздеп, ұрпағына – мына біз бен сізге, айтар аманатын төл әрпімен тасқа қашап кетіпті. Ол аз десеңіз, 4 томдық грамматикалық сөздік шығарып, «Құдатғу білік» атты этикалық-философиялық трактатты жастана оқып жатыпты…» (Әнес САРАЙ жазушы, ҚР Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты. Көк түріктерінің қағандығы).

 

    -   Шығарма (Құтты білік) толықтай тарихи деректермен сәйкес жазылған. Мұнда қазақтан шыққан көптеген ежелгі ұлы тұлғалардың аттары аталып, олардың ұлы істеріне мадақ айтылады.  «Афрасиаб «Авестада» тарихи тұлға, әрі мифологиялық кейіпкер ретінде танылады. Бірақ біз Алып Ер Тоңғаның тарихтағы Афрасиаб қаған екендігін, ал Афрасиабтың өзі Алып Ер тоңға екенін көпке дейін ажырата алмай келдік. Жүсіп Баласағұнның «Құтадгу білігін» оқығаннан кейін ғана көзіміз жетті. Жүсіп Баласұғынның дастанында данышпанның туған қаласы Баласағұнды салдырған Тұранның ұлы қағаны Алып Ер Тоңға туралы мадақ жыр жолдарымен өрілген арнаулы тарау бар» (Мекемтас Мырзахметов, филология ғылымдарының докторы, профессор).

          «Назар салсаң, бұл түркінің бектері,

          Жаһанның әз бектері, асыл тектері.

          Түрік бектері ішінде атын асырған,

          Алып Тоңға Ер еді, құты тасыған.

          Білімі - даңқы ұлы, көптің сарасы,

          Білімді, ойлы әрі халық ағасы.

          Зерек, дана көңілі сара, сері еді,

          Жұтты жалған елге тұтқа ер еді!

          Тәжіктер оны Афрасийаб атаған.

          Елдерге ол көп ізгілік жасаған.

          Қажет білсең білім, ақыл, даналық,

          Қолға алуға дүниені қаратып.

          Тәжіктер де хатқа мұны түсірген,

           Кітапта жоқ болса кімдер түсінген!?

        Жақсы айтқан хас батыр, ер кешегі,

        "Не бір берік түйінді ерлер шешеді!"

        Алып Ер Тоңға (Апрасиаб, Тоңа, Тоба) тегінің қазақ екендігі де ешқандай дауға жатпайды. Оның тегінің Қазақ екендігі көне заман мұрасы «Авестада» тарихи тұлға әрі мифологиялық кейіпкер ретінде суреттелсе, М.Қашқаридың «Түрік сөздігімен» осы «Құтадгу білікте» айқын көрсетілген. Тарихшыларға бұны зерделеу үшін ең бірінші Қаз Адай шежіресін толықтай меңгеріп, еңбектің әр сөзіне зер салып оқуға кеңес беремін.  Сонда бұл еңбектің кейіпкерлері мен авторлары сіздер үшін «космостан» түскендей болмай, жерде, қастарыңда бірге жүреді. Алла жар болып, ұлы Аталар аруағы желеп-жебеп жүргей!

 

     -  Қазақтың Қарашаңырағының иелері  елден ерек ұлы тұлғаларды  мадақтап, оларды ұрпаққа үлгі етіп, Ата жолынан ауытқып, елге теріс үлгі көрсетіп, кесапат жасап, зияндарын тигізгендердің де есебін жүргізіп, ондайларға келешекте жол бермеу үшін оларды да айшықтап, атап отырған. Бұл қағида күні бүгінде де өз мәнін жойған жоқ. Маңғыстаудың есті азаматтарының үйінде олардың бәрінің тізімі бар. «Қара тізімге» іліккендерден келешекте  ұрпағы да безетін болады. Қазақ баласы үшін бұдан асқан жаза болмайды. Жүсіп атамыздың шығармасында бұл жүйе де толық көрініс тапқан.

          ...Екі түрлі ат, тілде жүрер, қалғанда,

          Бір - жақсы, бір - жаман, мына жалғанда.

          Жаманды - сөгіп, жақсыны асыл санайды,

          Байқап қара, көңілің нені қалайды!?

         ...Жақсы болсаң, атыңды атап мақтайды,

         Жаман болсаң, ей ер, сөгіп, даттайды.

         Байқа, Заххақ* сорлы неге сорлады,

         Фариддун* жолың қалай қолдап, оңдады?

          Бірі ізгі ер-ді, оны мақтады,

          Бірі зұлым еді, оны даттады.

          Жақсылық па, жамандық па қаларың?

          Мақтауы ма, сөккені ме аларың?

          Тілегің қайсы, бірін қалап, таңдағын,

          Жаманың - жақсы боп өкініп қалмағын. 

 

    -  Қазақтың салт-дәстүрін біліп, шежіре дерегін басшылыққа алып, зер салып зерттеген жанға Адай елінен шыққан ақын-жыраулардың өзге өңірлерден ерек өз жолы, өз қағидасы бар. Мысалы, солардың ең негізгілерінің бірі Аллатағалаға (Тәңірге, Құдайға) сыйынып, әрқашанда мұсылмандықты уағыздап отырған. Маңғыстаулық ақын-жыраулардың ішінде бұл тақырыпты ауызға алмайтын бірде-бір ақын жоқ. Себебі, барлық ұлы діндердің барлығы ежелгі қазақ қоғамы арасында дүниеге келген. Міне осы қағида «Құтадгу білікте» былайша беріледі:

       «1. пенделерін жарылқаушы: Жаңа ат беріп, қосқан сөздің шырайын, жарылқасын құдайым! 2. білім, ақыл, қасиет беруші: Адамды хақ жаратты да ескерді: Оған ақыл, білім, өнер, ес берді. Кімге құдай берсе білім, ақылды, Қолы жетіп, алар ол мол асылды! Шүкір қылды, ес тоқтатқан ұлына, Құдайына ақыл берген құлына. 3. дүниені жаратушы: Жаратушы хақ жаратты апарып, Жаратты да жарастырды қатарын. «О, құдайым! – деді, — бәрін жараттың, Ризығыңды түгел жайып тараттың. 4. бәрін білуші: Білсең алла! Жазықтымын, байқадым, Мұң-шерімді саған ғана айтамын. 5. медет, күш беруші/оңдаушы: Мен тілеймін, құдай медет берсін деп, Ісің үшін сақтап, жебеп жүрсін деп!» Жақсылардың ісін құдай оңдасын, Құт дарытып, ризық беріп қолдасын. Жалынамын құдай жолын оңдасын. Оттан-судан сақтап өзі қорғасын! Құдай маған тауфиқ берсін, күш берсін, Үш есе көп ақы ап, бір іс істерсің! т.б».

 

   -     Қазақ халқы сонау Адам-Адам болғалы бергі 70 000 жылдық шежірені сақтап бүгінгі күнге жеткізді. Жер бетінде бұл жүйені, яғни Аталық текті қазақтан артық білетін де, дәл біздей сақтай алған да ел жоқ. Адам деген сөздің өзі ежелгі қазақтардың арасында дүниеге келгендіктен, біздер бір-бірімізді Адам деп атап жүрміз. Сөз түсінген жанға бұл да дауға жатпауға тиіс. Сондықтан Жүсіп Баласағұн атамыз: «Ата-ананың ең басты парызы – баланы өткенге парасатпен, терең сезіммен құрметпен қарауға тәрбиелеп, ата-баба аруағын ардақтауға, салт-дәстүрді құрметтеуге баулу»,- дейді. Батыс елдерінде, ішінде мына көрші орыс елі де бар, бұның бірі жоқ. Олар осы қағидасымен, ескінің бәрі жаман, бәрі жау, олардың түп-тамырына балта шабамын деп жүріп, өз түптеріне де балта шапты. Олар қартайған шағында қарттар үйінен басқа бара жер таппайтындарының бастауын осы жерден алады.

 

    -  Тағы бір ерекше қағида, ежелгі пайғамбарлар мен даналардан қалған барлық кітаптар жырмен жазылған. Бұл да тек қана Адам атаның қарашаңырағы иелеріне тән қасиет. Ойыңды қысқа да, нұсқа жырмен жеткізуің үшін санаң аса жоғары, ал ақылың мен білімің кемел болуы шарт. Бұл екінің бірінің қолынан келе бермейтін шаруа.

         «Құтадғу білік»   ақынның жалғыз шығармасы емес.    Ақынның бұл поэмасынан да басқа жазған көптеген шығармалары да болған. Мысaлы, Наманган қолжазбаларының ішінен оның 600 жолдан астам рубаилары табылған. Олардың да поэзиялық көркемдігі жоғары, философиялық толғамдары терең делінеді.

 

    -  «Құтадгу білікте»,  Жүсіп атамыз бізге Ұлы Адтардың ұрпағына қалдырған білімін, ақыл, өсиетін қысқа да, нұсқа тұжырымдармен жеткізеді. Бұл да тек Атаға ғана тән қасиет. Мысалы:

       1.Ақыл қайда болса, ұлылық болады

       Білім кімде сол білікті болады

             2.Тілдің пайдасы мен зияны бірдей

             Көп сөйлеме, азайт берер түйірін

             Бір сөзбен түй түмен сөздің түйінін.

       3.Ізгілік-адамзат үшін ең қажетті қасиеті

       Елдің басшысы ізгі болса, халқы да ізгі болады.

       Ізгілік-оң,ессіздік -сол, жүзің -ар,

       Оңың -ұжмақ, солың-тозақ, біліп ал.

            4.Даңқ пен дәулетке шаттанба,ол бір орында тұрмайды.

            Бір орында су, сөз, дәулет тұрмайды,

            Жиһангерлер жүре бермей тынбайды

       5.Әділеттің жолын қу, шыншыл бол.

       Әділ болсаң қараға –ақ, аққа жақ.

       Ұрпақтарың жақсы атыңды сақтамақ.

           6.Сараңдық пен ашкөздіктен аулақ бол.

           Қиды терген салып қоңыз сияқты,

           Сараңдықтан асқан не бар ұятты.

       7.Иттердің басшысы арыстан болса,      

       Иттер де арыстандай күркірер,

       Ал арыстандардың басшысы ит болса,

       Иттің тіршілігін қылар.

           8.Тексіз кісі уәзір бола алмайды.

           Бет қандай болса, уәзір де сондай.

           Жаман-жақсы табыспайды ешқашан,

           Түзу-қисық қабыспайды ешқашан.

      9.Намысшыл ер бол

      Намысшыл ер жаудың исін басады,

      Намыссыз ер жер бауырлап қашады.

          10.Өз пайдаңнан гөрі,ел пайдасын ойла. Қайырымды бол!

          Адам ба адам өз пайдасын күйттеген

          Адам нағыз ел пайдасын діттеген.

      11.Тіліңді бақ, басың аман болады,

      Сөзді қысқарт, жасың ұзақ болады.

          12.Біл, арыстан басшы болса иттерге,

          Арыстандай күркірер кеп иттер де»,

      13.Қара жерге жасыл көктен келді сөз,

      Сөзбен адам ұлы болды, енді сез!

         14.Тілсіз кісі екі-ақ түрлі, білерсіз,

         Бірі - сақау, бірі – надан, жігерсіз.   

      15. Кісілік қымбат емес, кішілік қымдат.

      Ұлық болсаң, кіші бол.

          16."Ұл"-дан ұлы шығар деп жұрт жорыған:        

          Болар бала танылады боғынан...

      17.Елік ойын мәтелдеді, балады:

      "Текті ердің текті ұрпағы қалады.

          18. Әке көрген, ұл әкеден болады,

          Нені ексең, жерден соны орады!"

      18.Сәбиінде көкірекке түйгені

      Өлгенінше санасында жүреді!

         19. Ұяда не көрсе, ұшса соны іледі,

         Сүтпен сіңген өле-өлгенше жүреді!

      20. Әділ болсаң қараға - ақ, аққа - жақ,

      Ұрпақтарың жақсы атыңды сақтамақ!

          21. Өзіңді бақ, қиялыңа алданба,

          Өз тегіңді білмеу  қорлық жалғанда.

      22. Қара жерге нені ексең, сол өнеді,

      Нені берсең, қайтар соның төлемі.

          23. Жақсы сөз бар - жарым ырыс, тәлімді

          Зымыраған күн, жыл жайлы кәдімгі.

 

   -      Маңғыстаулық МАД патшалығы және олардың ұрпақтары әрқашанда тек қана «Тарихат» жолын ұстанған.  Адам-адам болғалы бүкіл әлемде болып өткен әлеуметтік оқиғалар, әлемді жақсылыққа сүйреген Адам ата мен Ауа анадан басталған ұлы тұлғалардың барлығын атақ-дәрежелерімен саралап, жақсысын да, жаманын да есепке алып, санап отырған.

...Дүреген Әнес – Жабалдан

Алты алаштың бірі едік (109 бет).

...Хазіреті Жақыптың

Он екі дейді ұлдары (117 бет).

...Қырық жыл жылап, еңіреп

Атасы Жақып жүр еді (199 бет).

...Мәриам ұлы Ғайсаның

Алты жүз жыл артынан (119 бет).

...Бізден бұрын байқасақ,

Алты жұрт кеткен жер еді,

Екі жүздей жыл дейді

Анау Әзіреттің Алатауынан

Біздің Адай келгелі (126 бет).

...Он сегіз мың ғаламның

Нәсібесін жетірген  (Сәттіғұл Жанғабылұлы «Аманат» Алматы-1996.  144 бет).

         Қазақта «Жүйелі сөз жүйесін табар» деген мақал бар. Бұл қырдан төмен қарай саймен аққан су сияқты. Артқы жүйе алдыңғы жүйенің соңынан ереді, яғни түп атаны сөздің түбірінде сақтап, сол қағиданы ары қарай жалғастырып отырады. Жоғарыда көрсетілген сандық жүйе бізге Жүсіп Баласағұн атамыздың «Құтадғу білік» атты еңбегінен мирас етілген. Сандық жүйе Жүсіп атамызға арғы аталарынан мирас болған.

        «Үш от, үш су, үш жел түгел таралды,

         Үш топырақ ғалам солай жаралды.

         ...Төрт нәрсе бар, аз ұғып кейіме,

         Дана айтқан сөзді түйгін зейінге.

         Бұл төртеудің біреуі – жау, бірі – өрт,

         Үшіншісі – тіршіліктің торы, дерт.

         Бұлардан басқа біреуі бар, ол – білім.

         Осал көрме төртеуінің ешбірін.

         ...Үш нәрсе бар, жер қылатын адамды,

         Үш күнә бар, оттай қарыр табанды.

         Біріншіден – арсыз, мақтан, жамандық,

         Екіншіден -  алдау, арбау, арамдық,

         Үшіншісі – алып сатар, сараңдық –

         Ақымақ қылар осы үш түрлі надандық»

         ...Мың-мың қолдар сыйын беріп, табынды,

         ...Екі дүниені ұстауды көздедім мен.

         ...Елу жасым мені де құрсауға алды.

         ...Алпыстан ассаң – шілденің аптабынан.

         Аттадым де қысқы аяз қақпанына.

         Елу отыз жиғанды кері алады,

         Алпыс қолын тигізсе нең қалады?!

         Ей, елу, менде қалған өшің бар ма?

         Етек-жеңді жұлмалап есімді алма!

         ...Төрт жүз де алпыс екінші жыл еді, біл,

         Бұл сөзді айттым жанымды сап, беріліп,

         Он сегіз ай құрастырдым, талғадым,

         Теріп түгел сөз сарасын таңдадым!»

 

      - Балықшы Жүсіптің (Баласағұнидің) «Құтадғу білік» атты еңбегін арнайы тапсырмамен жазып, сыйға тартқан Қарахандардың ұлы  қағаны Боғрахан (толық аты – Табғаш Боғра Қарақаған Әбу-Әлі Хасан) өз тегін Маңғыстаудан алады. Бұл Маңғыстауда, ақиқат пен келісім шарттың пірі Қараман ата есімімен күні бүгінде де сақталған.  Қараман ата — Қараман әулие кесенесі, қорымы және жер асты мешіті Маңғыстау ауданының орталығы Шетпе кентінен 35 км жерде, Бекі елді мекенінің батыс жағындағы Қандыбас қырқасына таяу жерде, Қандыбас қыстағының батысында 5 км жерде орналасқан. Бұл — Маңғыстаудың ежелгі киелі орындарының бірі. Қараман ата мазары Маңғыстау аймағының мазараттары ішіндегі ең көне зираттар қатарына жатады. Қаралардың түбі Маңғыстаудағы Түпқарағаннан (Қарағантүп, Қараған түбек деп те атала береді) бастау алады.  

        Ал, Боғра деп жүргендері өзіміздің Бура, яғни Үлектің (Керүлектің) балама атауы. Маңғыстауда Бурабай атты шыңырау құдық пен Үлек атты қорым және құдық атауы күні бүгінде де сақталған. Енді осының үстіне Көкшетаудағы Бурабай көлін қосыңыз. Сонда сіз Бура деген есімді қазақтан өзге ешкімге телімейтін боласыз.

 

   - «Құтадғу біліктің» өзге ұлтқа емес, тек қана Қазақтың Ана тіліне тиесілі екенін айғақтайтын дәлелдердің бастысы жырдағы Тәңір, Адам, Ел, Ру, Тайпа және ономастикалық атаулар. Бұл атаулардың барлығы да қазақтың ежелгі шежіре-жыр, дастандарындағы атауларды еш бір өзгеріссіз қайталайды. Ондағы атаулар күні бүгінде сол күйінде қолданыста жүр. Олар: Құдай, Тәңір, Алла, Хақ (жырда осы төртеуі де қатар аталады, бұлай аталу тек қана қазаққа тән қағида); Ел-жұрт атаулары Құзорда, Шын, Машын, Қашқар, Қытай, Рум, Үнді, кейіпкерлер Күнтуды, Айтолды, Өгділміш, Одғұрмыш, Ерлік, Көсеміш; хан, патша, халифтар (Қайдар (Әзіреті Әлінің лақап аты), Табғаш Қара Бура, Афрасиаб, Алып Ер Тоңға, Хұсрау, Қайсар, Нұшырбан; ғұламалар Ұлықпан, Ұқлидас;  пайғамбарлар Мұса, Сүлеймен, Иса, Мұхаммед Мұстафа; қазақтың ежелгі шежіре-дастандарының кейіпкерлері Зұлқарнайын Ескендір, Шаддад, Намрұд, Фарун, Қарын, Рүстем; аспан денелері мен жұлдыздар Қозы, Үд, Әрәндір, Қушық, Арыстан, Бидай басы, Үлгі, Шадан, Иа, Оғлақ, Балық, Күн,  Ай, Руми қызы, Үркер, Қарақұс, Иылдырық, Айғыр, Өтікен, Саратан, Сәбит, Арзу, Иалшық, Оңай, Күрүд; этноним мағынасын айқын беретін терминдер – Орта Азия халықтары мен тайпаларының атаулары (Сақ, Күн, Қыпшақ, Тәжік, Шығыл, Қарлық, Яғма,  Баят) және Орта Азиядан тыс мекендеген халықтар мен тайпалар (араб, иран, үндіс, грек, қытай т.б.); әлеуметтік терминдер сарт, тат; әскери терминдер шерік, жүз, мың) т.б. бөрі, құлан, зәңгі (қара түсті адамды қазақтар ертеде Зәңгі деп атаған) т.б.

         Автордың туған, өсіп—өнген жері Қазақ даласы. «Жүсіп Хас Хажыб Баласағұн (1020-?) Орта Азияның белгілі ақыны. Туған жері Жетісу жеріндегі Баласағұн қаласы. Бұрын бұл қаланы «Күз Орда» деп атаған».   

«Құзорда» елі оның тұрған мекені,

Түп-тегінен қызыл тілдің шешені!» Бүгінгі күнге жеткен барлық дерек осылай дейді.

        Қазақтың ана тілін жақсы меңгерген және Ата шежіреден хабары бар жандарға осы жоғары да көрсетілген атаулардың өзі-ақ олардың тегінің Қазақ екендігін дау-дамайсыз мойындауға жеткілікті болса керекті.

        Күз орда демекші, бұның мағынасына жету үшін ешқашан қателесіп көрмеген және ешқашан жаңылыспайтын сөз түбірін көмекке шақырамыз. Өздеріңіз көріп отырғандай, Күздің түбірі – Үз (Ұз), яғни Бұзау атамыздың есімі. Біздің сөздік қорымыздағы тұз, құз, мұз деген ұғымдардың да авторы осылар. Міне, бүкіл қазақ ғалымдарының таба алмай жүрген Жүз деген ұғымының шыққан тегі.

        Адай Ата шежіресінде Балықшы мен Бұзау ағалы-інілі тумалас жандар. Сөз түбірі мен шежіре жаңылыспайды.

 

     - Қазақтың сөз жасау қағидасында барлық атаулар  теңеулер мен салыстырулардан тұрады. Соған сәйкес біздің сөздік қорымызда небір асыл теңеулер жиі кездеседі. Мысалы: 

        «Нағашы – ағ (ақ), нақ, аға, ағаш  деген біріккен сөздерден және «шы» деген жалғаудан тұрады. Сөз түбірі аға, ағаш. Қандай тамаша теңеу! Ақын жанды, Қас би атанған аталарымыз анасының туыстарын өз туған ағасы және  тамыры тереңге кеткен, жапырағы жайқалып, биіктігі асқар шыңмен таласқан алып бәйтеректі өсіретін алып тұлғаға теңеп отыр. Жәй теңеп отырған жоқ, теңегенде де сөз түбіріне «ақ (ақиқаттың) нақ өзі» деген сөзді салып нығарлап қойған.  Бұдан асқан даналық болар ма?!

        Өздеріңіз көріп отырғандай Н-ағаш-ы сөзінің сүйегі ағаш. Осыған қарағанда ең бірінші дүниеге ақ, аға ұғымдары, оның артынан ағаш, ағаштан   кейін барып нағашы ұғымы дүниеге келгені анық көрініп тұр.

        Бұл ұғымның шыққан тегі  Манқыстауда Ағашты – алқап (Ағашты-шилі деп те аталады) және Ағашты құдық атауымен сақталған.

-              Қазақтың шежіре-дастан, жырларының бәрінде балама-теңеулер өте көп қолданылады:

           «Ақ маңдайда тұлымым

           Бірге туған құлыным.

           Қолқанатым, құйрығым,

           Судан шыққан сүйрігім,

           Суырылып озған жүйрігім,

           Қозыдай менің егізім,

           Бірге туып, бірге өскен,

           Кіндігімді бір кескен,

           Қарға жүнді қаттасым,

           Үйрек жүнді оттасым,

            Бірге туған тектесім» («Қобланды батыр» жырынан)

           «Қыз Назымға таласып,

           Екі батыр соғысты.

           Бұлт шайнап, мұз бүркіп,

           Үркер мен айдай тоғысты.

           ...Ақ найзалар айқасып,

           Нар бурадай алысты.

           ...Түртіп өтіп кеткені

           Тақиядай ұшады.

           ...Қырғи ілген торғайдай

           Мойныңды жұлып алайын.

           ...Қонаққа сойған қозыдай,

           Тамағыңнан бауыздап,

           Көңліңді сенің табайын. (Қамбар батыр).

           ...Мысалы үрген местей боп,

           Денесі кетті тырсылдап (Алпамыс батыр).

           ...Шыға келді құтырып,

           Жарап жүрген нардай боп,

           Сүйретіліп аяғы

           Кіші-гірім таудай боп.

           Қарсы ұмтылды Алпамыс

           Қысыр емген тайдай боп.

           Қарсыласты екі шер

           Үркер менен айдай боп (Алпамыс батыр).

            ...«Ұшса желге тас түйін орамалым,

            Ақша бұлтты басыма ораймын мен.

            ...Сипай бердім сенің шашың екен жеп

            Бура-бура толқындарын бұлақтың» (Ф.Оңғарсынова).

        Қазақтың осы қағидасы «Құтадғу білікте» өте жоғары деңгейде көрініс тапқан. Ж.Баласағұн атамыз Күнді «Қызыл қалқан» және «Руми қызы» деп атайды:

        «Руми қызы жүзін жерге жасырды,

        Бар әлемді зәңгі-түнек басынды.

        Руми қызы жүзін жерге жасырып,

        Жаһан жүзі тұнжырады, жасырып,

        Қызыл қалқан найза бойы асқанда,

        Сарайға кеп кірді тура жасқанбай». «Зәңгі» демекші Африканың қара нәсілді тұрғындарын  тек қана Қазақ халқы осылай атаған.      

 

    -  Бүгінгі күнге жеткен жазба деректердің бәрінде Жүсіп Баласағұн осы кітабы арқылы «Хас Қажыб» деген атақ алғаны мәлім, «Хас Хажыб» араб сөзі, ханның ең жақын, ең сенімді кеңесшісі деген мағынаны білдіреді»  делінеді. Бүгінгі барлық қазақ ғалымдарының бірін-бірі бір ауыздан мақулдаған тұжырымдары осы. Өзінің айтуынша, Хас Қажыбтың қызметі де төмендегідей екен: Заңдар мен салт-дәстүрдің дұрыс орындалуын бақылау; қазынашы, бітікші (көшірмеші), шебер т.б. қызметкерлермен байланыста болу, елшілерді қабылдап, шығарып салып отыру, салтанатты жиындарды ұйымдастыру, адамдардың арызын тыңдау, қажеттілерін ел бегіне жеткізе отырып, әділ шешім шығару. 

        Жүсіп Баласағұн Қарахан мемлекетінің бас уәзірі, яғни өзі осы еңбегін сыйға тартқан «хандардың ханы» - Табғаш Қара Боғра қағанның ақылшы кеңесшісі болған адам. Демек, қаған сол елде әділет орнатушы Бас Қазы, ал оның бас уәзірі Жүсіп Қас Қазы атағын алған.

       Демек, «Қажыб» сөзі  аудармадан кеткен, немесе әдейі жасалған бұрмалау сөз болып табылады. Ал, Хас (Қас) сөзіне ешқандай комментарий қажет емес. Қас Қаздың (Қазақтың) балама (лақап) аты. Қазақ әлем елдері мәдениетінің ең биік шыңы болса, оған балама ретінде (синоним) қолданылатын «Қас» сөзі де кез келген ұғымның ең биік шыңы. Қазақта «Қас» сөзі күні бүгінде де Қас батыр, Қас мерген, Қас шебер, Қас сұлу, Қас дұшпан, Қас асыл, Хас білікті, Хас надан, Хас жақсы, Қас тұлпар т.т. болып қолданылып келеді. «Хас» сөзі дастанда өте көп қолданылады: Мысалы: «Хас білікті: «Наданмын» - деп түңілген!», «Хас жақсының баласы тартпай қоймас тегіне», «Кекшіл болса хас бурадай кесірлі».

       Қазақта би мен қазы синоним. Екеуі де әділеттің қорғаны. Бұл жерде де бұл ұғымдардың бүкіл әлем елдерінің қолданысында болуынан Қас Қазымыз - Қас Қажыб, Қас биіміз – Каспий атанып жүр.

 

    -  «Жүсіп қазіргі Қазақстан жеріндегі Шу бойына орналасқан ескі қаланың бірі – Баласағұнда туған. Бұл қала сол кездердегі Қарахан мемлекетінің бір астанасы, әкімшілік және сауда-саттық орталығы болған. Жүсіптің әкесі де өнер иесі, күйші-сазгер екен. Ол да Қарахан мемлекетінің қожасы Боғраханға (толық аты – Табғаш Боғра Қарақаған Әбу-Әлі Хасан) қызмет еткен. Ел аңызының айтуынша, ол Боғраханның аталарының бірі Хұсайын дегенге арнап «Дәрди Хұсайын» («Хұсайынның дерті») деген күй шығарған белгілі қобызшы болыпты» (Ханғали Сүйіншәлиев (1918-2006) филология ғылымының докторы, профессор).

 

       Тарих тағлымы: Өздеріңіз көріп отырғандай, Балықшы Жүсіп атамыздың  ата-тегінде де,  отбасында да, кәсібінде де, өнерінде де, оның дүниеге келген жері мен бар ғұмырын арнаған мемлекетінде де атамызды өзімізден алшақтатып өзге ұлтқа телитіндей еш негіз жоқ. Өз атамызды өзіміздікі деп айта алмайтын заман өткен. Тарихты Қазақтың Ата шежіресі, Ата салты және дәстүрі арқылы зерделеп жазып, зерделеп оқитын мезгіл жетті. Бұл мүмкіншілікті пайдалана алмасақ, бізден кейінгі ұрпаққа бұның зардабы бізден де ауыр болмақ... Егер біз мұны бүгін жасамасақ, келер ұрпақ үшін Әділет пен Ақиқаттың ауылы, шындық деген ауылдан алшақтай беретін болады. Біз шекарада тұрмыз... Демек, алыстату да, жақындату да біздің қолымызда...

   -   «Құтадгу білік» тегінің таза екендігінің басты айғағы «Құт» деген түбірдің өзі болып табылады. Қазақ та осы түбірден Құт, құтты, құтсыз, құтаю, құтпан, құтекей, құттықта, құттылық, құтхана, құтылу, құтылмау, құты қашты, құтты болсын, құтты жеріне (орнына) қондыру, құтты қонақ болу, құт береке т.т. сөздер бар. Осы бір ауыз сөз бізге Қу атамыздың да, оның ұрпағы  Ұд пайғамбардың да тегінің таза қазақ екендігіне және олардың да, осы біз сөйлеп жүрген қазақтың Ана тілінде сөйлегеніне толықтай куәлік ете алады. Әйтпегенде бұл түбір сөз қазақтың сөздік қорында болмаған болар еді. Бұған күмәнданған жанның ақыл-есі орнында болмағаны.

    -   «Құтадгу біліктің» сөздік қорындағы түбірлерді қазіргі қазақ тілімен салыстырғанда, сөз басындағы Й – Ж сәйкестігі айқын көрінеді. Ондағы «Й» дыбысынан басталатын түбірлер қазақ тілінде әрдайым Ж дыбысынан басталып отырады. «Құтадгу білікте» қолданылатын ортақ «й» дыбысынан басталатын түбірлер мыналар: йол (жол), йүк (жүк), йүз (жүз), йигит (жігіт), йел (жел), йалған (жалған), йанут (жауап), йер (жер), йағы (жау), йавуз (жауыз), йығаш (ағаш) т.т. болып кете береді. Бұл жерде неге бұлай деген сұрақ өз-өзінен туындап тұр.

      Бұл жердегі Й дыбысы, қазақтың Ата (Ада) деген сөзіне жалғанғанда Адай, яғни Атаның баласы дегенді білдіреді. Міне Й дыбысының түбір сөздің басында тұратын себебі.

       «Нұх пайғамбар үш ұлын үш тарапқа: Хам атты ұлын Үндістан жаққа, Сам атты ұлын Иран жаққа, Иафес атты ұлын солтүстік жаққа жіберді. Үшеуіне айтты: «Адам перзенттерінен үшеуіңізден өзге ешкім қалған жоқ, үшеуіңіз үш жақта отырыңыз, ұрпақтарыңыз көп болса, сол барған жерлеріңізді жұрт етіп отырыңыз».

       Иафес атасының әмірімен Жуды тауынан кетіп, Еділ мен Жайық суының арасына қоныс тепті Екі жүз елу жыл онда тұрып, опат тапты. Иафестің сегіз ұлы бар еді, ұрпақтары көп болды. Олар мыналар: Түрік, Хазар, Сақлап, Орыс, Мең, Шын, Кеймар, Тарих. Иафес өлерінде өз орнына үлкен ұлы Түрікті отырғызып, өзге ұлдарына: «Баршаңыз Түрікті патша біліп, оның сөзінен шықпаңыздар», - деп өсиет қылды, оған Иафес ұғланы деген лақап ат қойды» (Әбілғазы «Түрік шежіресі». Алматы-1992. 12 бет).

      «Ж» дыбысы жеті атаға жетіп, жетісіп, кемеліне келген Адай атаның алтыншы немересі  Бұзаудың екі баласының кішісі Жеменей дегенді білдіреді. Өздеріңіз көріп отырғандай Ж дыбысы Жеменейдің бас әрібі, жеті саны Жеменейлердің сандық атауы, Жебе Адайлардың таңбасы. Жеті атаға жетсең жеттің, жетпесең жетімсің.

    -  «Құтадғу білік» мадақ жанрымен жазылған шығарма. Себебі, ең алғаш Атасын да, Құдайды да, Тәңірді де, (Алланы да) - Аллатағала (Алла, Ата, Аға) және Адам (менің атам) деп танығандар Адам атаның қарашаңырағының иелері Қазақтар болатын. Аллатағала мен Аталарына және өз ұрпақтарына алғаш мадақ айтқанда солар. Бүгінгі күндері ата -анамызбен,  әке-шешелеріміздің өз балаларына риза болып, мақтау айтатындарының бастау алатын жері осы.

           Қазіргі ұрпақ «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым!» деп айтқаны үшін Абайды әулие көреді. Ал, шындығын да, Абайдың да арғы жағындағы нағыз әулие бүгінгі күнге Қазақ деген атпен жеткен елдің түп атасы Әз )Аз) әулие, олар   «Адам баласының бәрін Адам (Атам менің, менің Атам) деп атап» құрметтеуді  бізге мирас етіп кетті.

    -     «Құтадгу білікті» барлық ғалымдар бір ауыздан мемлекетті басқару ғылымы деп атап жүр. Бұл өте орынды. Ол заманда елді «тектіден шыққан текті ұлдар» билеген. Шындығында, мұнда ежелгі Нұқ пайғамбар заманындағы топан суға қарық болған Ад қауымының  жалпы адамзаттық ұстанымдары мен адамгершілік қағидалары жырмен өрілген.

    -    Жүсіп Хас Хажиб Баласағұнның, «Құтты білік» дастанының бүгінгі күнге дейін сақталған үш нұсқасы жеткен. Бірінші нұсқасы ұйғыр әрібімен, екінші және үшінші нұсқасы араб әрпімен жазылған. Демек, қолымызда Жүсіп атамыздың өз қолымен жазған түп нұсқасы жоқ. Бізге жеткен бүгінгі нұсқа, өз тілімізден өзге тілге, сол өзге тілден қайтадан қазақ тіліне аударылған нұсқа. Жырдағы кейбір дыбыстардың өзгеріске ұшырауының басты себебі осы.   Ал, түпнұсқа таза қазақ тілінде жазылған еді. 

         «Он шақты жыл бұрын Түркияда түркітанушы ғалымдардың үлкен симпозиумы болды. Оған Монголиядан мен де қатыстым. Аталмыш симпозиумда Өзбекстаннан келген философия ғылымдарының докторы, профессор Б.Р.Каримов ортаға ерекше ұсыныс тастады. Оның «Ортатүрік» теориясы бойынша түркі мәдениеті мен тілін сақтап отырған тек қазақтар ғана екен. Сондықтан, қазақ тілі болашақта түркі халықтарының ортақ тілі болуы тиіс деді. Лингвистикалық және танымдық, этнографиялық ұзақ жылғы зерттеу жұмыстарының нәтижесінде осындай қорытындыға келген екен. Алайда, оны бірден Ташкент ғалымдары ортаға алып жеп қоя жаздады. Б.Р.Каримов бұл теориясын әлі де жалғастыруда». (Үш қиян № 16. 24.04.2009 жыл).

    -   Бізге Қарахандар қағанаты дәуірінен екі үлкен әдеби ескерткіш жеткен. Олар, қазақтың ұлы ғұламалары Жүсіп Баласағұнидың «Құтадғу білік» атты дастаны мен Махмұт Қашғаридың «Түркі тілдер сөздігі» (осы еңбекте көрсетілген 246 мақал-мәтелдердің бірде-бір сөзі өзгерместен бүгінгі күнге жетіп, қазіргі қазақтар арасында күні бүгінде де өз мәнін жоймай қолданыста жүр) шығармасы. Олардың ізін ала Қожа Ахмет Иассауидің «Диуани хикметі» дүниеге келді. Арадан бір жарым ғасыр шамасы уақыт өткенде Осы Қарахандардың тікелей ұрпағы Шыңғыс қаған дәуірінен «Мұңалдың құпия шежіресі» мен «Алтан Тобышы», араға тағы үш ғасыр салып Шыңғыс қағанның тікелей ұрпағы Әбілғазының «Түрік шежіресі» (1663-1665) жетті. Бүкіл әлем елдерінің ғалымдары, саналарын орыстың отарлық езгісі толықтай жаулаған қазақтың бүкіл ғалымдары «бірінің аузына бірі түкіріп қойғандай», бұлардың бәрін көне түркі тілімен жазылған деп тұжырымдады.

          Олардың көне түркі тілі деп жүргендерінің, қазақтың Ана тілі екендігінің бұлтарпас айғағын Шыңғыс қағанның өз ұрпағынан шығып хан болған және өз тарихын өзі жазып қалдырған Әбілғазы атамыздың «Түрік шежіресі» атты тарихи еңбегінен анық көруге болады. Бұл еңбектің біз үшін бірден – бір құндылығы, оның таза көне түрік тілінде, яғни бүгінгі қазақтың Ана тілінде жазылуы. Атамыздың өз айтуынша, «Бұл тарихты жақсылы-жаманды баршасы білсін деп түрки тілімен жаздым. Түрки тілімен, соншалық бес жасар бала түсінетіндей етіп жақсы жазыппын, түсінікті болсын деп шағатай түркісінен, парсы, араб тілдерінен бір сөз қоспаймын» деген (30 бет).  «Түрік шежіресін»  әлемнің көптеген елдері, оның ішінде әсіресе түрік елдері өз тілдеріне аударып жатқанда, бұл еңбек қазақ тіліне аударылған емес. Оның себебі – шығарма тілінің басқа тілдермен көп араласпай, таза сақталған көне түркі тілі, яғни оның қазақтың Ана тілі екендігі.  Мұндай пікірді Әбілғазы шығармаларының тілін зерттеген А.Н.Кононов, С.Н.Иванов, Т.Р.Қордабаев сияқты ғалымдар да растайды. Бұл дегенің барлық түрік халықтарының түп қазығы, ата жұрты, қара шаңырақ иесі - Қазақ елі екендігін айғақтаса керек. Демек, Қарахандар дәуірі (Х-Х1 ғасырлар) Шыңғыс хан заманында (ХІІІ ғасыр), одан 300 жылдан аса уақыттан кейінгі Әбілғазы хан заманында (ХҮІІ ғасыр) барша халық қазақ тілін жақсы білген. Демек, бүкіл әлемге түгелге жуық билігін жүргізген, Қарахандар мен Шыңғысхан қаған империяларының мемлекеттік тілі қазақтың Ана тілі болған. Қағандар тілінде бүкіл әлем сөйлеген.

-  Келешек зеттреушілерге аса ескеретін жағдай, Туысы Маңғыстаулық Адам Атаның қарашаңырағынан (Адайлардан) шыққан ақын-жыраулардың, олардың Ата шаңырағының салт-дәстүрлерін, яғни Ата заңын толық ашып көрсететін  елден ерек өзіндік төл қағидасы бар. Олар:

-  Аллаға (кітаптарына, пайғамбарларына, сахабаларына) иман келтіріп,  мадақ айту;

-  Ата шежіресін таратып, бақилық болған ата-баба аруағын еске алу;

- Болып өткен, болып жатқан құбылыстардың, елді жақсылыққа жетелеген ұлы тұлғалардың есебін жүргізу, яғни сандық жүйені қолдану.

 -  Елден ерек ұлы тұлғаларды  мадақтап, оларды ұрпаққа үлгі ету;

-  Ата жолынан ауытқып, елге теріс үлгі көрсетіп, кесапат жасап, зияндарын тигізгендердің де есебін жүргізіп, ондайларға келешекте жол бермеу үшін оларды да айшықтап, атап отыру. «Қара тізімге» іліккендерден келешекте  ұрпағы да безетін болады. Қазақ баласы үшін бұдан асқан жаза болмайды.

- Адам баласына Әділетті болуды, Шариғат пен Тарихаттан өтіп Ақиқатқа жетіп, Мағрипатқа өтуді уағыздайды;

-  Шежірені қара сөзбен емес жырмен жазу; Бұл тек қазаққа ғана тән қағида.

-  Ежелгі қазақ әдебиетіне тән теңеулер мен лақап (мадақ) есімдерді қолдану;

- Ұлы аталарымыздың тек қана өздеріне тән ең бір асыл қасиеті, өздерінің ұрпағына қалдырған білімін, ақыл, өсиетін қысқа да, нұсқа тұжырымдармен (мақал-мәтел, нақыл сөздер) жеткізу.

Бұл тоғыз жүйені толық нұсқасында қолдану Адам атаның қарашаңырағынан, Алшыннан, оның ішінде әсіресе Маңғыстаудан шыққан барлық ақындарға тән. Әбубәкір Кердері, Абыл, Нұрым, Ақтан, Қашаған, Сәттіғұл, Түмен т.б. шежіре-толғаулары осылай жазылған. Ал қалған өңірлер мен басқа елдер ақындарының шығармаларында бұл жүйе тұтастай қолданылмайды, қолданған күнде де төрт-бес нұсқасынан аспайды.

Балықшы Жүсіп атамыздың «Құтадгу білік» шығармасында осы жүйе толықтай сақталған. Демек, атамыздың тегінің қазақ екендігі ешқандай дауға жатпауға тиіс.

Тарих тағлымы:  Бүкіл қазақ ғалымдарының «менікі» деп айта алмай «ат-тонын ала қашып жүрген» көнетүркі тілі деп жүргендері, бүгінгі қазақтың ана тілі болып табылады. Ол шындығында да тек қана  түркі тектес халықтардың емес, бүкіл әлем елдерінің ортақ қазынасы.

Қожырбайұлы Мұхамбеткәрім, Маңғыстау

Ұлт порталы