Фото: Ranking.kz
2025 жылы Алматы қаласы туризм саласында тұрақты өсім көрсетті. 9 айда қалаға 1,87 млн турист келген. Оның ішінде 563 мың шетелдік және 1,3 млн ішкі турист бар.
Сондай-ақ қала Bloomberg тізімінде әлемнің үздік 25 қаласының қатарына еніп, Орталық Азиядағы ең қарқынды дамып келе жатқан 10 туристік бағыттың бірі атанды.
Қала инфрақұрылымын дамыту аясында туристік маршруттар жаңартылып, «Алма-Арасан» термалды бұлағы қайта жөнделді.
