13 ақп, 2026 сағат 10:28

13 ақпан: қай өңірлерде тұман мен боран болады?

Фото: Gov.kz

«Қазгидромет» РМК елдің бірқатар өңірінде 13 ақпанға арналған дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Ult.kz.

Синоптиктердің болжамынша, Алматыда көктайғақ пен тұман күтіледі. Шымкентте жауын-шашын (негізінен жаңбыр), көктайғақ және тұман болады.

Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ұлытау, Қарағанды, Абай, Шығыс Қазақстан және Қызылорда облыстарында тұман түсуі ықтимал. Кей өңірлерде желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Маңғыстау облысында түнде көктайғақ болып, жел 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Ақмола облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі.

Түркістан, Жамбыл, Алматы және Жетісу облыстарының таулы аудандарында қар, кей жерлерде қатты қар жауады. Бұл өңірлерде көктайғақ, тұман және екпінді жел болжанып отыр. Алакөл маңында желдің жылдамдығы кей уақытта 23-28 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.

Синоптиктер тұрғындарға жолда абай болуды, алыс сапарға шыққанда ауа райы болжамын ескеруді ұсынады.