#
#
Жұма 10/04/2020

Қордай оқиғасы: 120 қылмыстық іс бойынша тергеу жүріп жатыр

  • 25.02.2020
  • 0
  • 181

Қордайдағы оқиғадан кейін 120 қылмыстық іс бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Қордай оқиғасы бойынша қазіргі уақытта 120 қылмыстық іс қозғалған. Ведомствоаралық жедел тергеу тобын Бас прокуратура басқарады. Өкінішке қарай, қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес тергеу амалдары жайлы ақпаратты, сонымен қатар қанша адамның қылмыстық жауапкершілікке тартылып, қаншасының қамауға алынғанын жариялай алмаймыз», - деді Ішкі істер министрлігі тергеу департаментінің басшысы Санжар Әділов Үкімет отырысынан кейін тілшілерге.

Дегенмен ол Қордайдағы қақтығыс бойынша қамауға алынғандар барын жеткізді.

«Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы (кісі өлтіру) бабы бойынша 11 қылмыстық іс қозғалған», - деді ол.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар