06 мау, 2017 сағат 15:06

Қазақстанның әр тарапынан Атырауға жиналған "Таблиғи жамағат" мүшелері сотталып жатыр

© ntv.ru

Бүгін Атыраудағы №2 облыстық сотында елімізде тыйым салынған "Таблиғи жамағат" ұйымы мүшелеріне қатысты сот ісі жүріп жатыр, - деп хабарлайды kaz.tengrinews.kz облыстық соттың ресми сайтына сілтеме жасап.  

Атырау облыстық сотының мәліметі бойынша, Қазақстанның әр облысынан жиналған алты азамат ҚР ҚК-нің 1,2-бабы бойынша айыпталып отыр. Бұл бап бойынша экстремизм мен лаңкестіке қатысты сот шешімімен тыйым салынғаннан кейін осындай бірлестік құрғандар айыпталады. 

"Тергеу Атырау қаласында тұрып жатқан  Алматы, Атырау және Шығғыс Қазақстан облыстарының тұғындарына айып тағып отыр. Олар Атырау облысында өз ұйымдарын дамыту мен соңынан ерушілер қатарын көбейтуге жұмыс істеген", - дейді облыстық соттың баспасөз қызметінің өкілдері.