24 мау, 2019 сағат 22:35

Қасым-Жомарт Тоқаев облыстық клиникалық ауруханасына барды (Видео)

Қазақстан Президенті облыстық клиникалық ауруханаға барып, Арыс қаласындағы жарылыстан зардап шеккендердің көңілін сұрады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа жарақат алғандардың жағдайы туралы баяндалды.

Мемлекет басшысы төтенше жағдай аймағында медициналық көмек көрсету жұмыстарын ұйымдастыру үшін қосымша шаралар қабылдауды тапсырды. Қазақстан Президенті зардап шеккендердің тезірек сауығып, отбасыларымен аман-есен қауышуына тілектестік білдірді.