07 сәу, 2018 сағат 22:26

Германияның Мюнстер қаласында көлік жаяу жүргіншілерді қағып кетті (Видео)

Германияның Мюнстер атты қаласында автомобиль жаяу жүргіншілерді қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қала полициясы өзінің Twitter-дегі микроблогында аталған оқиғаның салдарынан мерт болғандар да зардап шеккендер де бар екендігін жазды және қалың көпшілікті Мюнстер қаласының орталығына бармай тұра тұруды сұрады.

Spiegel журналының жазуынша, билік өкілдері бұл оқиғаны теракт деп бағалап отыр. Қылмыскер өзін-өзі өлтірді деген де хабар бар. Басылымның жазуынша, зардап шеккендер саны 30-ды құрап отыр.

Мюнстердің орталығын тәртіп сақшылары қоршауға алып, қазір онда кең ауқымды арнайы операция жүріп жатыр.

Полиция халықты тексерілмеген, жалған ақпараттарды желі арқылы таратпауға шақырып отыр.