Еуразиялық әдеби форумның резолюциясы
Біз, "Заманауи әлемдегі сөз энергиясы" Еуразиялық әдеби форумының қатысушылары, ұйымдастырушылар - Қазақстан Жазушылар одағы мен Мәдениет және спорт министрлігіне алғыс білдіре отырып, дүниежүзілік қауымдастықтың саяси, рухани һәм мәдени өмірінде туындаған өткір қарсылықтар мен жаңашыл өзгерістер тұсында осындай шаралар ұйымдастырудың маңыздылығы мен өзектілігін атап өткіміз келеді.
Өзара құрмет пен түсіністік атмосферасында өткен Форум барысында, келешекте әдебиет, көркем аударма және баспа ісі салалары бойынша халықаралық байланыстардың жан-жақты дамуының негізі болуы тиіс ой-пікірлер айтылды.
ХХI ғасырда әдеби процесстер құрылымы, әдебиет мәртебесі һәм жалпы әдебиеттің өзі өзгеріске түсті. Бірақ кітап рухани-адамгершілік құндылықтардың қайнар көзі боп қалып отыр.
Тарихи кезеңдер, жаңа заман, ұлт тағдыры көркем сөз шеберлерінің айтулы шығармаларындағы бас кейіпкерлердің тағдырлары арқылы айшықталады. Проза мен поэзияда, драматургия мен публицистикада жаңа көкжиектер көрініп, өзгеше реңкті, көркем мазмұнды тақырыптар пайда боп, әдеби формалар мен стильдер қалыптасуда. Соңғы кездері кітап мен монитордың, сонымен қатар ақсүйектік-бұқаралық беллетристиканың ара-қатынасының жақындай түскенін де анық байқауға болады. Ақпараттық технологиялар кітап шығару ісінің дамуына айтарлықтай әсер етіп, интернет-басылымдардың көптеп пайда болуына әкеп соқтырды. Ақын-жазушылар әлдеқашан өз оқырманымен интернет-форумдар арқылы диалог жүргізе бастады. Осы тұста, сөзсіз, әдебиеттегі кәсіби сынның жетіспеушілігі байқалып жатыр.
Заманауи ұлттық әдебиет ұлттың мәдени коды мен ұлттық бірегейлікті сақтайды. Олар қоғам хал-ахуалы, көңіл-күйінің көрсеткіші, рухани барометрі болып, әлемнің ұлттық бейнесін айқындап тұрмақ.
Сондай-ақ, ұлттық әдебиет әлемдегі әдеби процесстермен бірігеді. Өйткені әр ұлттың әдебиеті - оның тек қана тарих қалыптастырған тағдыры емес, көрші елдер мен әлем халықтарына деген арнауы. Сол себепті бүгінгі күні әдеби және мәдени қатынастырды жақсарту, заманауи әдеби процесстегі көркем аударма міндеттерінің коммуникативтілігі аса маңызды. Аудармадағы жаңа көркем шығармалар жинақталған антологиялардың шығуы өте өзекті. Заманауи ақпараттық кеңістікте әр алуан әдебиетті табыстырып, жақындастыратын міндетті әдеби-көркем журналдар атқарады. Ал, көркем әдебиет - біздің бір-бірімізге шығатын төте жолымыз.
"Заманауи әлемдегі сөз энергиясы" Еуразилық әдеби форумның қорытындысында, жиын қатысушылары Еуразия халықтарының көркем әдебиеті үлгілерін насихаттау, ұлттық мәдениет өкілдіктерінің қарым-қатынасын нығайту, біртұтас еуразиялық әдеби кеңістік құру жұмыстарын негізгі міндет қып ала отырып төмендегідей ұсыныстар қабылдады:
– қатысушы мемлекеттердің жазушылар қауымдастықтарының кітап шығару мен аудармаға қатысты біріккен жобаларына қолдау көрсетілуі керек; тиісінше, сол арқылы аударма және баспа ісі дамып, классикалық һәм заманауи ұлттық әдебиеттің алға жылжуына, әлемдік кеңістікте танылуына жол ашылмақ;
– шетел авторларының шығармаларын ТМД елдері мен алыс-жақын мемлекеттердегі газет-журналдарда басу үшін әдеби-көркем басылымдардың ынтымақтастығын қарқынды түрде дамытып, әдеби-көркем альманахтар мен мерзімді басылым беттерінде арнайы тақырыптық сандар мен "Достық", "Үндестік" айдарларын ашу;
– халықаралық әдеби байланысты дамыту, ұлттық аударма мектептеріне қолдау көрсете отырып көркем аударма саласының маңызы мен рөлін арттыру жұмыстарын жандандыру (аудармашыларды тағылымдамадан өткізу, олардың біліктілігін арттыру);
– жазушылар делегацияларының шығармашылық байланыстарын жақсарту мақсатында халықаралық әдеби форумдарға, кітап жәрмеңкелеріне, әдеби биенналелерге тұрақты қатысып тұру;
* әдеби сынды дамыту;
* әр елдің ұлттық әдебиетінің өзіне тән ерекшелігі мен құндылықтарын, сонымен қатар ортақ ұқсастықтарын сақтай отырып, оларды жаңашыл мазмұнмен толықтырып, әлдеқашан қалыптасқан диалогін жалғастыру.
Еуразиялық әдеби форумның делегаттары