16 қаң, 2017 сағат 07:23

Бішкек түбінде жүк таситын ұшақ апатқа ұшырады: қаза тапқандар бар

"Манас" әуежайында қону кезінде жүк таситын ұшақ апатқа ұшырады. Бұл туралы Қырғызстан астанасы әуежайының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Life.ru.

Оқиға 16 қаңтарда жергілікті уақыт бойынша шамамен сағат 07.30-да болған. Ұшақ өртеніп, өртсөндірушілер жұмыс істеп жатыр. Алдын ала ақпарат бойынша, ұшақ Гонконгтан ұшып келе жатқан жолда қала шетіндегі саяжайлар орналасқан ауданға құлаған. Қону кезінде ол шек жолағынан асып кеткен.

Алайда Zanoza.kg порталының мәліметінше, апатқа Boeing-744 жүк тасымалдаушы ұшағы ұшыраған. Ол Ыстамбұл - Бішкек рейсін орындаған. Ұшақтың Шу облысындағы Жаны-Жера ауданында құлағаны айтылып отыр.

Оқиға салдарынан екі үй өртенген. "Cоңғы мәлімет бойынша, 15-ке жуық тұрғын үй құлаған, онда кемінде 30 адам қаза тапты", - деді ТЖМ өкілі.

Ұлт порталы