#
#
Жексенбі 17/11/2019

Бақытжан Сағынтаев: «27-жеңіс құтты болсын, Чемпион!»

  • 27.10.2019
  • 0
  • 559

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев кәсіпқой боксшы Қанат Исламды жеңісімен құттықтады, - деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».

«Қанат Исламның титулдық жекпе-жегі жеңіспен аяқталды. Қанат бірінші орта салмақтағы WBO International белбеуі үшін намибиялық боксшы Уолтер Каутондоквамен жұдырықтасты. Оңайға соқпаған 10 раундтық жекпе-жек пен жанкүйерлердің толқынысы. Бірақ Қанат жеңіске деген жігері мен қайтпас қайсар мінезін көрсете білді. 27-жеңіс құтты болсын, Чемпион!» деп жазды Сағынтаев инстаграмдағы парақшасына.

Кеше Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт және мәдениет сарайында өткен кәсіби бокс кешінің басты жекпе-жегінде қазақстандық боксшы Қанат Ислам (26-0, 21 КО) мен Намибиядан келген Вальтер Каутондоква (18-1, 17 КО) рингке шыққан болатын.

10 раундқа созылған жекпе-жекте төрешілердің шешімімен Қанат жеңіске жетті.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться
БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар