28 ақп, 2024 сағат 16:25

Мәжіліс ауылдарды спутниктік интернетпен қамтамасыз ету туралы Заң қабылдады

Фото: ашық дереккөзден

Бүгін Мәжілісте ауылдарды спутниктік интернетпен қамтамасыз ету туралы Заң қабылдады деп хабарлайды "Ұлт Ақпарат".

Заң жобасы жеті бағытта ұсылып отыр:

Біріншіден, 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін геостационарлық емес жерсеріктерді (StarLink, OneWeb) пайдалана отырып, байланыс технологияларын енгізу үшін мүмкіндік жасауды реттеу жүзеге асырылмақ.  Пилоттық жобаның техникалық режимін байланыс саласындағы уәкілетті орган және Ұлттық қауіпсіздік комитеті айқындайтын болады. Бұл шалғай ауылдардағы әлеуметтік нысандарды интернетпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.  Бірінші кезекте 2000 ауылдық мектеп (2024 жылы) спутниктік интернетпен қамтамасыз етіледі.

Екіншіден, автомобиль жолдары бойында талшықты-оптикалық байланыс желілерін салуға қатысты міндеттемелер енгізіледі. Байланыс жол жобаларының ажырамас бөлігіне айналады. Бұл шара жол магистральдары бойындағы ауылдық елдімекендерді сапалы интернетпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Үшіншісі, коммуналдық меншіктегі әуе электр беру желілерінің тіректерін өтеусіз беру. Норма елдімекендерді байланыспен қамтамасыз ету үшін электр желілерінің инфрақұрылымын пайдалану құқығына қосымша енгізіледі. Бұдан басқа, жекеменшіктегі байланыс құралдарын орналастыру орындарының құнына шекті баға енгізіледі. Электрмен қамтамасыз етуді елдімекендерге апарады.

Төртіншіден, жергілікті атқарушы органдарға рұқсат беру және антенна-діңгек құрылыстарын, қос мақсаттағы тіректер мен байланыс тіректерін салуды жүргізу, оларды балансқа жеткізу, күтіп ұстау және операторларды пайдалануға беру бойынша құзырет беру (Мысалы, Қостанай облысында барлық қажетті АМС қазірдің өзінде жергілікті бюджет есебінен салынып жатыр, осылайша 2 жыл ішінде бүкіл облыс байланыспен қамтылатын болады. бұл ретте барлық операторларға инженерлік инфрақұрылымға тең қолжетімділік беріледі).

Бесінші, антенна-діңгек құрылыстарын салу үшін жер сервитуты енгізіледі. Бұл тәсіл мұнаралардың орналасу жиілігін арттырады және ауылдық аймақтардағы байланысты жақсартады.

Алтыншыдан, үлкен аумақтарды үздіксіз байланыспен қамту үшін виртуалды байланыс операторлары жұмыс істей бастайды, олар барлық операторлардың қолда бар байланыс инфрақұрылымын бір уақытта пайдалана алады.

Жетінші, ауыл шаруашылығында цифрлық технологияларды енгізу мақсатында ауыл шаруашылығы аумақтарының байланыс қызметтерін субсидиялау енгізілуде. Бұл сондай-ақ фермерлік шаруашылықтар радиусындағы елді мекендерді сапалы байланыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Барлық инновациялар уәкілетті мемлекеттік органдар мен нарық өкілдерінің қатысуымен әзірленді және енгізілді. Осылайша, ауылдарға Интернеттің келуі үшін қажетті құқықтық негіз жасалды. Барлық қабылданған новеллаларды іс жүзінде жүзеге асыру мәселесі қалды.