16 қыр, 2019 сағат 07:33

Алматыда концерттің соңы төбелеске ұласты

Алматы орталығында «Gakku дауысы» концертінің соңы төбелеске ұласты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Төбелестің видеосы әлеуметтік желіде таралды.

«Өткен демалыста 102 кезекші пультіне жаппай төбелес туралы ешқандай арыз түскен жоқ. Аудандық полиция бөлімшелеріне де ешкім хабарласпаған. Бұл видеоны қазір Полиция департаментінің Алмалы аудандық басқармасы тексеруде», - деп түсінік берді Полицияның баспасөз қызметі.

Айта кету керек, «Gakku Дауысы» концерті жылда қала күні қарсаңында дәстүрлі түрде өткізіліп тұрады. Бұл жолы «Астана» алаңына концертті тамашалауға 250 мың адам жиналған.