#
#
Бейсенбі 22/08/2019

Алматы облысында 10 жастағы бала 24 жерінен пышақталған - дәрігер

  • 31.05.2019
  • 0
  • 887

Алматы облысында 10 жастағы бала 24 жерінен пышақталған. Ол жөнінде Алакөл аудандық орталық ауруханасының дәрігері мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«Бала жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы тұрақты, бірақ ауыр. Науқас 24 жерінен пышақталған. Ауруханаға түскенде бірден облыстан маман шақырып, баланың өмірін алып қалуға барынша жағдай жасалды. Бәрі сәтті өтті. Қазір баланың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ», - деді аталған аурухананың дәрігері Ержігіт Болатұлы. 

Полицияның ақпаратына сәйкес, күдіктіні жәбірленушінің өзі сипаттап берген. Соталды тергеу жалғасуда.

Естеріңізге сала кетейік, 29 мамыр күні 10 жастағы баланы Алакөл ауданындағы Үшарал қаласында пышақтап кеткені жөнінде хабарлаған болатынбыз.

Артынша 21 жастағы күдіктіге іздеу жарияланып, ол екі күннен кейін яғни бүгін Үшаралда ұсталды. Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәлеметінше, күдікті баланың үйіне алдап кіріп, 20 мың теңге ақшаны ұрлап, 10 жастағы оқушыны пашақтап кеткен.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар