03 там, 2017 сағат 17:52

Ақтөбеде әнұранға құрмет көрсетпеген сақалды жігіттер көпшіліктің ашуына тиді (Bидео)

Ақтөбеде орталық стадиондағы футбол ойынының басында қосылған ел əнұранын елемеген сақалды жігіттердің əрекеті көпшіліктің ашуына тиді, деп жазады NUR.KZ.

Тұрғындар мемлекетіміздің əнұраны ойнаған кезде орындарынан тұрмаған екеуді видеоға түсіріп, Instagram парақшасына салған.

Ақтөбе мен Қайрат командаларының ойыны кезінде өздерін көпшіліктен бөлек ұстаған дін өкілдеріне қатысты қалалық мешіттің бас имамы пікір білдірді.

"Бір жорықта мұсылмандардың əскері аз болған. Кəпірлердің əскері өте көп болады. Оларды көрген кейбір сахабалар тайсалып қалады. Сол кезде Абу ад-Дарда əнұран секілді адамға рух беретін суырып салма өлеңін айтады. Сол кезде сахабалар жігерленіп, соғыста жеңіп шығады.

Осы жерде ғалымдар әнұранды айтуға да, тыңдауға да болатынын айтады. Тек онда шариғатқа қарсы келетін сөздер болмау керек. Ал қазақ елінің əнұранында шариғатқа тіл тигізетін сөздер жоқ. Керісінше, адамға күш, рухани жігер беретін сөздер бар. Барлық ислам мемлекеттерінің өз əнұраны бар. Олар əнұранды айтады, тыңдайды",- дейді Ақтөбе қалалық мешітінің бас имамы Амантай Сəдуов.