24 сәу, 2018 сағат 14:04

34 жастағы шымкенттік әйелін балаларының көзінше бауыздап өлтірген (Видео)

Шымкентте әйелін жауыздықпен өлтірген ер адамға қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды tvk-uko.kz

Бұл қылмысын балаларының көзінше жасаған ер адам 15 жылға бас бостандығынан айырыды. Оқиға 2017 жылдың 31 желтоқсанында болған. 34 жастағы Ербол Мақұлбеков әйелімен ажырасып кеткендігіне қарамастап, жиі жанжал шығарып тұрған. Ал өткен жылдың соңғы күнінде әйелін сабап тастаған.

6 жастағы қызы мен 10 жастағы ұлы да оған тоқтау болмаған. Бастапқыда әйелдің басын таспен жарған ол кейін бауыздап тастаған.  Әйелдің туыстары оны өмір бойына бас бостандығынан айырып, моральдық шығын ретінде 20 миллион теңге талап еткен. Сот шағымданушының талабын ішінара қанағаттандырды. Соттың үкімімен сотталушы жәріберленуші тарапқа үш миллион теңге төлеуге міндеттелді. 

Енді марқұмның артында қалған екі баланың мәселесін қамқоршылық органдары шешуі тиіс. Қазіргі уақытта олар туыстарының үйінде.