#
#
Жұма 18/09/2020

"Зорлаған жігітке ұлын көрсеткісі келеді": қазақстандық ток-шоу төңірегінде жанжал шықты

  • 11.09.2020
  • 0
  • 255

Республикалық арналардың бірінде дау туды. Мақсаты екі тарапты татауластыру болып саналатын ток-шоу барысында зорлық-зомбылық құрбанын кінәлі деп айыптай бастаған, деп жазады sputniknews.kz.

31 арнадан бірнеше айдан бері көрсетіліп келе жатқан "Кел, татуласайық!" бағдарламасына 18 жастағы Қызғалдақ Талғат есімді бойжеткен келді. Оны 14 жасында үш жігіт зорлаған. Оларды соттаған, алайда түрмеге қамамаған. Ал жәбірленуші бойжеткен сол оқиғадан кейін жүкті болып, ұл туды. Қызғалдақ бағдарламаға баланың болжалды әкесімен кездесіп тұрғанын қалайтынын және одан алимент алғысы келетінін айтты.

"Баламның өз әкесімен көрісіп тұрғанын қалаймын және алимент алғым келеді. Себебі, алименттің өзі екеуінің кездесуіне бір себеп болады деп ойлаймын... Баланы айына бір рет болсын әкесіне көрсеткім келеді", – деді бойжеткен.

Қызғалдақ тоғыз жасында анасынан айырылған, әкесі және ағасы бар.

Бағдарлама жүргізушісі эфир барысында Райымбек ауданының прократурасына, сотына қажетті іс қағаздарды жіберіп, осы мәселені қайта көтеріп отырғанын айтты. Олар тіпті, баланың Дидар есімді болжалды әкесін іздеп ауылға барған. Алайда, онымен танысу, сөйлесу мүмкін болмады.

Бағдарламалардың бірінде әкесі эфир кезінде қоңырау шалып, қызының зорланғанына бойжеткеннің өзі кінәлі екенін айтқан. Себебі, ол ауыл ішінде көп жүре берген, ал зорлаушылардың саны үш адамнан әлдеқайда көп болғанын көрінеді.

Сондай-ақ, келесі бір шығарылымда эфирге Қызғалдақтың туысқан әпкесі хабарласты. Ол жәбірленушінің әкесі зорлаушыларды кешіріп немесе олармен келісе отырып, сол кездегі кәмелетке толмаған қызының тағдырын шешкенін айтты. Оның айтуынша, туыстарының барлығы қыздың әкесімен сол оқиғадан кейін араласпайды.

Телеарна түсініктемесі

31 арна өкілдері осы жағдайға байланысты өзінің пікірін білдірді. Олар да бұл жобаның мақсаты – қызды зорлағандарды жауапқа тартуға және баланың биологиялық әкесінен алимент төлеуге қол жеткізу екенін айтты.

"Жоба барысында бір кездері зорлаушылармен мәмілеге келген және оларды кешірген қыздың әкесін Қызғалдақпен татуластырдық. Ал енді редакция күдіктілерді жазалау және алимент өндіріп, әділеттік орнатуға бар күшін салып жатыр. "Кел, татуласайық" бағдарламасының араласуынан кейін Алматы облыстық прокуратурасы 3 жыл бұрын жабылған қылмыстық істі қайта қозғады", – деді арнаның баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, алимент тағайындау туралы іс Алматы қаласының кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта қаралып жатыр.

Арнаның хабарлауынша, Қызғалдақ Талғат осы істі қолға алу үшін арнаға келіп көмек сұраған.

"31 арна мен бағдарламаның түсірілім тобы Қызғалдақтың кінәлілерді жазалау туралы ойын қолдады. Біз оған заңгер жалдадық. Телеарна мен білікті заңгерлердің көмегі және осы бағдарлама тарапынан назар аударылуы нәтижесінде, Қызғалдақты зорлау ісі бойынша тергеу 3 жылдан кейін қайта басталды. Қазір сотта әкесі ретінде тану және алимент төлеу туралы іс жатыр", – делінген хабарламада.

Sulpak істі сот арқылы шешетінін мәлімдеді

Телеарна мен бағдарлама өкілдері зорлық-зомбылықты ақтау мүмкін емес деген пікірді ұстанады. Зорлаушылар жазаға тартылатынын білуі тиіс деп санайды. Жәбірленуші қашан да жәбірленуші болып қалады, қандай жағдай болса да, оның кінәсі жоқ.

Қызғалдақтың жағдайында біз тек бір ғана мақсатты көздейміз – кінәлілерді жазалау, оған әділеттілікке қол жеткізуіне көмектесу, деп толықтырды арнаның баспасөз қызметі.

Бір қызығы, осы оқиғадан кейін зорлаушымен татуласу туралы бағдарлама жасаған ток-шоуды жабу туралы петиция басталды.

Сонымен қатар ток-шоу төңірегінде болған жанжалға байланысты аты аталған Sulpak сауда желісі телеарнамен екі жылдан бері бірлесіп жұмыс істемейтінін хабарлады. Компания өкілдері Sulpak сауда желісін демеуші ретінде көрсеткені жала екенін, сол себепті сот арқылы шешілетінін мәлімдеді.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар